Арман туралы өлең

Oinet.kz 01-01-2020 1075

Армандар аңсаған орындалса, 

Айналаң қызғалдақ гүлге толса,

Өмірдің қызығы сол емес пе -

Жаныңда сүйетін сұлу болса.


Адамдар жамандық жасамаса, 

Жаныңа қас емес досың толса,

Өмірдің қызығы сол емес пе -

Сөзімді түсінер жүрек болса.


Аспанда нұрлы күн болып,

Жалғызға жүрегің жылып тұрса,

Өмірдің қызығы сол емес пе -

Береке, ынтымақ, бірлік болса?!


Ақ, адал көңілдер аспандаса,

Адамдар қара жер жастанбаса,

Өмірдің қызығы сол емес пе -

Бейкүнә жанардан жас тамбаса.

Немере. Өлең
Немерелер думан етер үйіңді. Өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу