Немере. Өлең

Oinet.kz 10-01-2020 6489

Сағынышым, мақтанышым немерем,

Сен арқылы жайылады керегем.

Шаңырағыма уық болып шаншылып,

Келе берсін немере мен шөберем.


Немерелер қуанышқа бөлейді,

Жан басымыз немеремен көбейді.

Жүгіріп кеп асылғанда мойныңа,

Қуат беріп, жан-жағыңнан демейді.


Ботақандай балбыраған жүздері,

Меруерт тастай жарқыраған көздері.

Далбалақтап, еркелеген жүрісі,

Айнымайды-ау, баламыздан өздері.


Мәз боламыз көрген сайын өздерін,

Еске аламыз әрбір айтқан сөздерін.

Отбасының ұйытқысы - балалар,

Ғұмырыңды таразылар безбенің.

Серік Дербісбаев

Ағайын туралы өлең
Арман туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу