Ағайын туралы өлең
Бірге өткіздік бұл өмірдің талайын,
Өткен күнге Айды алқа қып тағайын.
Қайғы менен қуанышты бөліскен,
Барың жақсы айналайын ағайын.
Жақсы болғын, жаман болғын, сен мейлі
Өздеріңмен жүз шайысқым келмейді.
Тәңір бізге жалғыз өмір сыйлапты,
Енді қайтып екінші өмір бермейді.
Бәрі өткінші, өтеді де кетеді.
Тоқтамайды, бізден де өмір өтеді.
Тек бір сәттік, бес күн бұл жалғанда,
Сіз-біздесіп жүргенге не жетеді?
Қиналғанда қол ұшын беретін,
Жақсы менен жаманды бір көретін;
Қуанышыңды одан әрі тасытып,
Шаттандырып, ән салдырып келетін.