Мұң туралы өлең
Ал, қазір...
Қиындау расында,
Жұмыс күн қос сағат ұзарды...
Күн ұзақ жұмыстан жалығам,
Мазасыз күй кешіп, жабығам.
"Сол кезде жұмысты қоя сап,
Демалып қайтуды сағынам..." -
Деп бір дос жырлайды мән-жайды,
Жандай боп кешірген көп қайғы.
Сөздерін тыңдап боп досының,
Жолдасы жеткізді өз ойын:
-Е, достым,
Екенсіз "бақытты",
Өткізіп жүрмей тек уақытты,
Бірталай қайғыны көрмепсің...
Тағыпсың асылды жақұтты