Ұлы жүздің шежіресі. Сіргелі руы

Oinet.kz 06-11-2020 5479

Ұраны жалпы Үйсінге ортақ «Бақтияр», таңбасы:

 сірге, қурай, 

Қазақ шежіресінде Сіргелі Ұлы жүздің құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі. Мәселен, біз келтіріп отырған ата-тегінің таралуына қарағанда (1-қосымша), Сіргелі Бақтиярдың немересі, Үйсінге бауыр болып келетін Ойсылдың ұлы. Сөйтіп, қазақтың шығу тарихы сіргелілерді үйсін дәуіріне дейін апарады. Алайда, зерттеушілер көне деректерден Сіргелі туралы мәлімет тапқан жоқ. Кеңес кезеңінде бір топ зерттеушілер Н. А. Баскаков пен С. К. Ибрагимов ғасырға жататын Рузбехан еңбектерінен Сіргелі руы туралы мәліметтер тапты.
Рузбеханның көрсетуінше, қазақтар жазда Еділ бойын жайлап, қыста Сырдария жағасына, Түркістан төңірегіне қарай көшіп кетіп жүрген. Қазақстанның батыс аудандары бір кезде Ноғай ордасына қарады. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін олардың бір бөлігі солтүстік Кавказға кетіп, басым көпшілігі жаңа құрылған қазақ хандығының құрамына енді. Бұл туралы қазақ ру-тайпаларының көбісінің (наймандар, қыпшақтар, қоңыраттар, үйсіндер, ергенекті, ашамайлы, телеу), сонымен қатар солтүстік Кавказда ноғайлар ішінде сіргелілердің үштаңбалы руларының болуы көп жайды аңғартады.
В. Востров бұл мәліметтерді өз еңбегінде келтіре отырып, «бұл екі ру мен аталардың тек жай ұқсастығы емес, сөз жоқ, ноғай ордасы ыдырағаннан кейін екі туысқан халықтың құрамындағы сол ру мен тайпа» деген қорытынды жасайды.
Сөйтіп, сіргелілер Батыс Қазақстаннан Сырдария мен Түркістанға, Талас пен Шу бойына Жәнібек және Керей сұлтандармен бірге келген рулар құрамында осы маңда қалып кетуі де ғажап емес.
Қалай дегенде де ғасырларда Сіргелі руларының аталары Талас пен Түркістан төңірегін мекендеді.
Әдеби деректерде Сіргелі руының ата-тегі туралы деректер азын-аулақ. Мәселен, орыс шығыстанушысы Н. Аристов өз еңбегінде Сіргелі руы сегіз ата: Байжігіт, Қарабатыр, Батырлар, Үштаңбалы, Айтбозым, Елібай, Төрттаңбалы, Жаңабайға бөлінетінін тұңғыш рет айтады.
Оған іле шала М. Тынышбаев та Сіргелі руы (манат) төменгідей болып жіктелетінін дәлелдейді: Төрттаңбалы, Үштаңбалы, Батырлар, Қарабатыр, Жанай, Бөдене.
Біздің ғасырдың 20-жылдарының басында Шымкент уезінде жүргізген зерттеуінің нәтижесінде Э. А. Шмидт Байұлы мен Үштаңбалыға бөлінетін Сіргелі руының ататегінің толық таралуын көрсетеді. Байұлы өз кезегінде Елібай, Айтбөзым, Шақабай, Шалдар (Қойсой, Шоман, Қоңыр), Жайдақ (Алпар, Тұрсынай, Итемген), Батыр (Құдайберді, Бердібай) болып келеді.
Үштаңбалы болса: Ақкеңірдек (Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді, Құдыс), Тутаңбалы, Қайшылыға бөлінеді. Бұл мәліметтер тек қана Шымкент уезіндегі Сіргелілер тегі туралы ғана сипаттама беретіндіктен, Әулиеатадағы бұл аталар жайында ешнәрсе жоқ. Сондықтан оны түгел емес деп есептейді.
Ұлы жүздің тегін қарастыратын В. Востров өз еңбегінде Сіргелілер туралы тек қана Н. Аристов деректерімен шектеледі, сол себепті оның зерттеулері Н. Аристов мәліметтерімен дәл келетіндей.
Бұл әдеби мағлұматтарды аз болса да өз байқап-түйгенімізбен салыстыра отырып, Сіргелінің ата-тегін жасауға тырыстық (10-қосымшаны қараңыз). Сіргелі шежіресі бойынша, біз біраз мәлімет берушілерден құнды мағлұмат жинап алдық. Олар: Шымкент облысы, Созақ ауданы Жуантөбе қеңшарының тұрғыны 1893 жылы туған (Тама) Әбдуәлі Қондыбаев; сол облыстың Бабаата ауылының тұрғыны, 1892 жылы туған (Дулат) Жұматай Тоқбаев; Шымкент облысы, Алғабас ауданы, Майбұлақ кеңшарының тұрғыны, 1888 жылы туған (Байжігіт) Тәжібай Бердібаев пен Төрткүл ауылының тұрғыны, 1888 жылы туған (Қарақойлы) Қожатай Төлековтер еді.
Олардың ішінде Сіргелі ата-тегі туралы ең білгірлер бізге бул рудың этнонимі жайында қызық аңыз айтып берген Бердібаев пен Төлеков.
Мәселен, Тәжібай Бердібаевтың айтуынша, Жәнібек ханның замандасы, бақуатты Бақтиярдың ұлы Ойсылдың бірнеше әйелі және 30 ұлы болыпты. Олардың арасында ақылмандары да, көрікті еркетотайлары мен іскерлері де бар екен. Солардың бірі Жәнібек ханның сұлу қызына ғашық болып, ол қыз екіқабат болып қалады. Бұны білген хан ашулапып, Ойсылдың барша ұлдары мен келіндерін қонаққа шақырып, бәрін қырып тастапты. Тек қана Ойсылдың қырда жылқы бағып жүрген ұлы Өтеп пен оның Ізбике атты екіқабат әйелі Ошақтыда төркіндеп жүріп, аман қалып, Манат атты ұл туыпты. Ол ес жиып, ат жалын тартып мінуге жараған кезде оған сіргелі тай мінгізіп, еліне шығарып салыпты. Ол ата- жұртына жеткенде көкпардың үстінен шығып, бұл додада өзінің епті әрі күшті екенін танытып, тайының да тұлпар тектес топжарғандығын көрсетіп, жиналған ел-жұртты таңғалдырыпты. Оны енді байқап, бір-бірінен сұрастырып, «сіргелі тай мінген мына мықты бала кім?» дегенге келеді. Тойдан кейін әкесі Өтептің ағасымен көрісіп табысады, ол әмеңгерлік жолмен Ізбикеге үйленіпті. Өтептің ағасынан Тутаңбалы мен Қайшылыны табады; ал ханның еқіқабат қызы егіз Ақкеңірдек пен Қаракеңірдекке босанғаннан кейін, оларды Өтеп пен Ізбике асырап алыпты. Ал Манат есімі ел ішінде ұмытылып, «Сіргелі» атымен этноним тұрақталып, бүкіл кейінгі әулетке көшіпті. Бұлардың төңірегінде тікелей ұрпақтары ғана емес, басқа да туысқандары, тіпті кірмелер де топтасыпты. Аңыз бойынша Сіргелі дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, көптеген бала-шаға өрбітіпті.
Мәлімет беруші Тәжібай Бердібаевтың айтуынша, Сіргеліден Байұлы тарайды, одан Айтбозым, Жаңабай, Елібай, Батыр, Қарабатыр, Жайдақ, Құлшығаш, Шалдар. Өтептің ағасының балалары Тутаңбалы, Қайшылы, Ақкеңірдек, Қаракеңірдек те кейіннен Сіргелінің құрамына кіреді.
Қожатай Төлековтен жазып алған аңызда Сіргелінің әкесі өте дәулетті кісі болып, бірнеше әйел алып, ешкімге де, тіпті ханның өзіне де бағынбайтын 30 ұлы бар екен деседі. Олардың қаңлы мен қатағанның ханы Тұрсынмен жұлдызы қарсы болыпты. Бірде Тұрсын хан Ойсылдың балаларының бәрін үй-ішімен шақырып, өлтіріп тынады. Одан әрі оқиға алғашқы аңызбен сәйкес келеді. Бұдан көрінгендей, алғашында тарихи тұлға Жәнібек бейнесі айтылса, кейінгі аңызда Тұрсын ханның тұлғасы алға тартылады. Аңыз айырмашылығы да осында. Аңыз түрлері уақытқа байланысты айрықша болып көрінеді. Аңыз бойынша Жәнібек хан XV пен XVI ғасыр аралығында өмір сүрсе, Тұрсын хан Жәнібектің немересі, Есім ханның тұрғыласы. Есім хан құба қалмаққа қарсы жорықта жүргенде Ташкентте отырған Тұрсын хан елін шапқаны үшін, оны өлтіріп жібергені тарихтан мәлім.
Бұдан басқа біз Қажытай Төлековтен Сіргелі руының ата-тегі туралы мол мағлұмат алдық. Оның дерегі бойынша, Сіргелінің 6 әйелі болып, әрқайсысынан бірнеше бала көріп, олардан бірнеше ата тарайды, ал олардан бертініректе оның мәліметі болмай шықты. Бірінші әйелінен – Батыр мен Байжігіт, екінші әйелінен Қарабатыр, Байтуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, Дәушауқар, Есім мен Досшабақ; үшінші әйелінен Сәмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар, Қоттақбай, Мамыр мен Ботбай; төртінші әйелінен Жаңабай мен Айтбозым, бесінші әйелінен Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар; алтыншы әйелінен Тутаңбалы мен Қайшылы.
Әрине, бұл ата-тектің тізімі түгел емес, әсіресе онда бізге басқа деректерден мәлім ірі рулар ұшыраспайды. Бұлардан басқа біздің мәлімет берушілеріміз жеткізгендей 2 және 3- әйелден тараған рулар Алғабас ауданында тұрып, бір-бірімен қыз алыспайды. Демек, олар өзара әлі жеті атаға жетпеген болып есептеледі. Қазақтар арасында бұл салт бүгінге дейін бұзылмай келгендіктен, олар деректерде кейінгі ұрпақ болып саналады. Төлекөвтың мағлұматтарын басқа деректермен салыстырғанда, Сіргеліні 1, 4, 5 және 6-әйелінен тарағандар бірінші, екінші ата, ең әрі кеткенде үшінші атадан келіп қосылады.
Әдеби деректер мен біздің шежірені зерттеуімізді салыстыра талдағанда, Сіргелі руы: Батыр, Құлшығаш, Қарабатыр, Айтбозым, Үштаңбалы, Жайдақ, Елібай, Жаңабай, Қаракеңірдек, Ақкеңірдек, Шалдар, Ақсирақ, Қарасирақ, Тутаңбалы, Қайшылы, Төрттаңбалы, Жанай, Бөдене болып келеді. Сіргелінің бұл аталары ел ішінде руға бөлініп, өзара қыз алыса беруіне рұқсат етіледі. Бұл, демек, олардың әрқайсысы экзоғамдық кедергіден өтті. Осынау 18 ру алғашқы ата болып есептелмейтін шығар, алайда Сіргеліден бастап екінші, тіпті үшінші буын болғанмен, олар көп ұрпақты рулар болып саналады. Бұл аталардың әрқайсысы туралы тыңғылықты тектану құрастырмасақ та, кейбірі жайында толық мәлімет беруге тырысамыз.
Мәселен, Құлшығаштан Байжігіт атасы, одан Амалдық, Оразымбет, Келімбет, Көшімбет, соңғыдан Сары, одан Сайдуалы, одан Шақан, одан Байдәулет, одан Таңсық, Желкен, Дербісәлі, соңғыдан Бәсібек пен Бердібай, Бердібайдан Тәжібай (мәлімет беруші, 1888 жылы туған).
Шежіре бойынша Сіргеліден Тәжібайға дейін 11 ата.
Батыр екі ата: Құдайберді мен Бердібайға ажырайды. Шалдар руы үш ата: Қойсой, Шоман, Қоңыр. Жандақ руы үш ата: Алпар, Тұрсынай, Итемген. Аңкеңірдектен бес ата тарайды: Шеңгелді, Маңдай, Үшқара, Қожамберді мен Құдыс. Бөдене екі ата: Жәлмәмбет пен Қарқын, соңғыдан Көшек, Артық. Артықтан Меңдіқожа, Меңай.
Бұдан тыс біздің зерттеуімізде Шымкент облысы, Алғабас ауданында өз дамуында әлі экзоғамдың кедергіні өтпеген бірнеше ата тұрып жатыр. Оған Байтуған, Шоқай, Ақпан, Қаракемпір, Шыбыт, Дәушауқар, Есім, Досшабақ, Сәмен, Шақаман, Өтеу, Бекбау, Ізбасар, Қонақбай, Мамыр, Ботбай, Шақабай жатады. Олар Сіргелінің анық қай атасына жататыны туралы мәлімет болмады.
Сіргелі руының жауынгерлік ұраны «Бақтияр», ал кейбір аталардың өз ішінде басқа да ұраны бар. Мәселен, Елібайдың ұраны «Елібай», Айтбозым «Байтемір», «Жаңабайда «Жаңабай», Шалдарда «Тоғанас», Жайдақта «Даубай», Батырда «Есболат», Ақкеңірдекте «Тайлақ», Тутаңбалыда «Ақшабдар», Қайшылыда «Ақшабдар» болып жалғасады.
Әдетте қазақ рулары мен тайпаларының ұраны түп атасының немесе ұлт тарихында маңызды орын алатын батырлар мен билердің атымеп аталады. Кейде сирек болса да ұранға арғымақтардың аты айпалады. Бұл жерде Тутаңбалы руының ұраны «Ақшабдар» мысал бола алады.
Сіргелі руларының таңба белгісінің әдеби деректерде бірнеше түрі келтіріледі. Гродеков, Аристов, Тынышбаев, Шмидт, Аманжолов пен Востров бойынша.
Бәлкім, халық арасында басқа да түрлері бар шығар. Бұл таңбалардың алғашқы екеуі бұзау мен құлын енесін ембеу үшін тұмсығына кигізетін «сіргені» елестетсе, соңғы екеуі сол күйі «құрай таңба» аталады. Соңғы Шмидт бойынша, үштаңбалы руының белгісі.
Сіргелі руы мен аталарының таңбасын Н. Аристов та, одан кейін В. Востров та өзге қазақ руларының таңбасымен ұқсас, немесе кейбір шығу тегінің нышандары дәл келетінін мойындауға бейім. Рулар мен тайпалардың этногенезін анықтау шындыққа жиі келе бермейді. Кейде таңбаларды сол күйі көшіре салуға болмайды, сондықтан алыс аталарды бір- бірімен туыс деу жаңсақ секілді. Мысалы, Ұлы жүзде Сіргелі руының, Орта жүзде Керейдің,. Кіші жүзде Телеудің таңбалары +х бірдей, сәйкес келеді, алайда олардың тегінің туыстығы
ешқандай ежелгі деректерде айтылмайды. Біздің зерттеуімізде аңыз түрінда болса да олардың туыстығы туралы мағлұмат жоқ.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Сырдария уәлаятының Шымкент, Ташкент және Әулиеата уездерінде тұратын Сіргелілер 7000 үйден астам болды. Олардың 4871 үйі Шымкент уезінде (Гродековтың көрсетуінше), 1410 үй Ташкент (Макшеев), ал басқалары (Смирнов) шағын топпен Әулиеата уезінде қоныс тепті.
М. Тынышбаев өз еңбегінде 1917 жылы Сырдария уәлаяты Шымкент уезіндегі Сіргелілер 70 мың жан деп жалпы санын көрсетсе, Әулиеата бойынша ешбір мәлімет бермейді.
Сіргелілердің ат төбеліндей тобы Шу өзенінің орта ағысының оң жағында Ақмола мен Қарқаралы уездерінің түйіскен жерінде қоныстанды. Олардың Шу өзеніндегі қыстаулары Жалайыр руы қонысының батыс жағьн алып жатты. Шу өзенінің сол жағасындағы Сіргелілер қыстауының қарсысында Шапыраштылар көшіп жүрді. Сіргелілердің көктеуі мен күзеуі Шудың шалғай солтүстігіндегі Бетпақдалаға кірігіп жатты. Жарлы-жақыбайлар қыстаулардан алыс ұзамай, жаз бойы суармалы жерде егіс егіп, күзеу мен көктеуді төңіректеп, малдылары Бетпақдалаға ендей еніп, өзі үшін де, төрт түлік үшін де құрақтарды пайдаланды.
XIX ғасыр мен XX ғасырдың тоғысында Сіргелілердің басым көпшілігі Сырдария облысы, Шымкент уезінде отырықшыланып қалды. Олардың қыстаулары Бөген, Шаян мен Боралдай өзендерінің бойында орналасты. Тұрақты тұрмыс кешіп, жартылай көшіп-қонып жүрді. Егін суарып, сүдігерді де іске асырды. Онда бидай мен арпа егіп, өзендер аңғарындағы суармалы алқаптарда тары, жүгері мен бақша өнімдерін өсірді. Диқандардың құралы қарапайым болатын (жерағаш, уа, пал, ағаш тырмалар мен орақ). Егіншілікпен тек қолы қысқалар ғана айналысты. Олар күнкөріс қамы үшін байлармен ортақтасып, олардан тұқым, сауынға сиыр мен түйе алып, күш көлігі үшін өнімнің жартысын беріп отырды.
Сіргелілердің жатақтарында тігерге тұяқ аз болды. Олар төрт түлік өсіріп, әсіресе қой мен түйені ұстады. Қысқа қарай жем-шөп дайындады. 100 басқа дейін малы бар қожайындар малдарын қорада ұстады. Ал, байлар әдетте Мойынқұм қойнауын қыстады.
Сіргелілер ішінде отбасылық ұсталардың әр түрлі кәсібі өркендеді, әсіресе, ағаш, сүйектен, темірден зергерлік бұйымдар жасалды. Бұған өзбек ағайындармен қоңсы қону да недәуір әсер етті. Мәселен, XIX ғасырдың екінші жартысында Шаян өзенін мекендейтін Сіргелі руының Байжігіт атасынан ағаш пен темірден түйін түйіп, «бес ұста» аталған шеберлер шықты. XIX ғасырдың 60-жылдарында Қаратау күнгейіндегі диқан Сырымбеттің Құлжан, Батырқұл, Байлар, Айдарқұл, Құрманқұл атты бес баласы болды. Көп ұзамай әкесі өліп, шешесі іспеттей бала-шағасымен Қазығұрт тауының баурайына көшіп барып, балалар ағаш пен темірді өңдейтін кәсіп үйренеді. Ағайындылар недәуір шеберленіп алған соң еліпе оралып, үйінде отырып, тұтас жасау-жиһаздар жасап, көрік басып, зергерлікпен айналысыпты. Олар бірге өмір сүріп, ерінбей еңбек етіпті, әлгілерді өнері үшін «бес ұста» деп атайды. Олар дайындаған жасау-жиһазға, киіз үйдің әшекейлі есігі, сандық, жүкаяқ, піспек, төсағаш, кебеже мен адалбақан кіретін болған. Олардың бұйымдары әдемі өрнек пен нәзік нақыштармен ерекшеленетін. «Бес ұстаның» заттары Шымкент пен Әулиеата уездеріне кеңінен тарады. Сіргелілер қыстауда жертөле қазып, бір бөлмелі үйлер тұрғызып, қора- қопсы салды. Жазда киіз үйде өмір сүрді.


Ұлы жүздің шежіресі. Қаңлы руы
Ұлы жүздің шежіресі. Жалайыр руы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу