Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Бұрынғы мәдениет және спорт министрі, жақында 8 жылға бас бостандығынан айырылған Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды. Дерекке сүйенсек, Мустахим Тулеевтің үстінен Арыстанбек Мұхамедиұлының әйелі арызданған.
"Ақпарат расталды. Экс-шенеуніктің әйелі адвокатқа қомақты қаржы берген. Ол сотта Арыстанбекке барынша жеңіл жаза бергізуге тырысатынын айтыпты. Бірақ бәрі ойлағандай болмады", - деп жазады Козачков.
Іс алаяқтық және пара беруге итермелеу баптарымен қаралуда. Экс-шенеунік адвокаты қамауға алынған.