Жаңа Қазақстанды патриот жастар құрайды

Oinet.kz 27-06-2023 492

Еліміздің ұлттық анимациясын халықаралық деңгейге жеткізу, балаларға керекті контентті өндіру мақсатында биыл бес жылдығы тойланып жатқан рухани астана Түркістанда "Алтын сақа" Халыкаралық анимациялық фильмдер фестивалі ұйымдастырылды. Аталған фестивальге  шет мемлекеттерден 70-ке жуық анимациялық фильмдер қатысып, бақ сынады.

Screenshot_1.jpg

Ұйымдастырушылар мен «Қазақстан Аниматорлар Одағы» мамандарынан құралған «Сараптама кеңесінің» шешімімен отыз анимациялық фильм фестивальге қатысуға жолдама алған болатын.

Халықаралық дәрежедегі анимация саласының мамандарынан құралған кәсіби қазылар алқасының құрамында еліміздің мәдениет қайраткерлері мен анимация продюсерлері, режиссерлер болды.

Мәдениет қайраткері, режиссер Батырхан Дәуренбеков өз сөзінде "Тәрбиелік мәні зор балалар фильмдерін көбірек шығару керек. Сонда Президент айтқан нағыз адал адамдар өсіп шығады. Жаңа Қазақстанды жаңа, адал, білімді, тәрбиелі, патриот жаңа ұрпақ жасайды. Сол үшін балалар фильмдерін қолдау керек. Осы ретте бұл фестивалдің де маңызы зор" деді.

"Сақ" киностудиясының директоры Нұриддин Паттеев "Елімізде мұндай анимациялық фестивальдер өте сирек өткізіледі. Анығында, бұл бізге өте қажет. Алдағы уақытта Түркістан мен Шымкент анимация саласының дамыған орталығына айналады деп сенеміз. Бастысы, балаларға қажетті контентті ұсыну үшін аниматорлар үздіксіз ізденіс үстінде жүріп, нәтижелі жұмыстар атқаруы қажет" деп қорытындылады.

Иә, ұлттық анимацияның дамуына әлі талай уақыт керегі анық. Десе де, осы саланың маңызы мен мазмұнын қо­ғамның санасына сіңіру қажет. Оның ба­лалардың ойлау өрісін кеңейтіп, қазақы тәрбиеге қазық байлап, тіпті ұлт идеологиясына қызмет етері сөзсіз. 

Қазіргі балалар шытырман оқиғалы сюжетке құрылған дүниелерді сүйіп тамашалайды. Шетелдің қолдан жасалған батырларының ерлігіне сүйсінеді, одан қалса соларға еліктейді де. Ал мұндай анимацияға сұранып тұр­ған қазақтың шығармалары, эпостық және лиро-эпостық жырлары, ертегілері жетерлік. Ендеше олақтық өзімізден. Бізге дәл қазір анимациялық кейіпкер ауа­дай қажет секілді. Ал оны өмірге әкелу үшін осы саланың мамандары жаппай жүйелі жұмыс істеуі керек.

Гүлмира Сатыбалдыға тағы бір сот үкімі шықты
Әйелі арыз жазған: Арыстанбек Мұхамедиұлын қорғаған адвокат қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу