Сарыағашта 19 жастағы жігітті азаптап өлтірген сарбаз жайлы тың дерек шықты

Oinet.kz 12-08-2025 61

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 19 жастағы жігітті пышақтап өлтірген сарбаз 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Марқұм Жасұлан Әбдіманаптың анасының айтуынша, 19 ақпанда ұлына қарыз туралы сөйлесу үшін таныстары хабарласқан. Сол күні кешке оны көлікке отырғызып, қала сыртына алып кеткен. Онда жігітті соққыға жығып, 14 жерінен пышақтаған. Кейін Жасұланның атынан сегіз несие мен шағын несие алынғаны анықталған.

Нәтижесінде сот сарбаз Мурод Әбдіжәмиловті 15 жылға соттаған. Ал екінші күдікті Диас Ибрагимов 2 жыл 8 айға, Адина Мамаева 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

«Жетісайда келіншекті көміп, үстінен атпен таптаған»: Марқұмның туыстары сот үкімімен келіспейді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу