Қостанайда досының баласын зорлаған күдікті ұсталды
Қостанайда досының баласын зорлады деген күдікке ілінген ер адам ұсталды. Ол Ресейге қашып кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Kyn.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.
«Қаскүнем 2024 жылдың қарашасында Қостанай облысында ата-анасымен достық қарым-қатынастағы жасөспірімнің пәтеріне келген. Жәбірленушімен екеуі жалғыз қалғанда, оның жасы мен психикалық ауруы туралы біле тұра, ер адам оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған.
Осы қылмысты жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетіп, осыған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.
Өткен жылы ол Ресей Федерациясының Челябі облысында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды», – делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Ер адамға он бес жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.