Тағы бір блогер қамауға алынды
Түркістан облысының полицейлері қоғам белсендісін, блогерді ақша талап еткені үшін ұстады. Бұл туралы Түркістан облыстық Полиция департаментнің бастығы, генерал Мұрат Қабденов өзінің әлеуметтік жделідегі парақшасында хабарлады.
-- Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қоғам белсендісінің ақша бопсалаған қылмысын ашты.
Нақтырақ айтсам ер азамат әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп кәсіпкерді қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткен. Жедел уәкілдеріміз блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды,--деп жазған облыстың бас полицейі.
Ақпарат құралдарында, әлеуметтік желіде ұсталған блогердің Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің бұрынғы мүшесі Рүстем Әшетаев екендігі айтылуда.