Берденов елге мәлімдеме жасады

Oinet.kz 15-08-2025 44

521bb04d9abad3d2 (1).jpeg

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жұртшылыққа мәлімдеме жасады. Мәлімдеме кеше ұсталды деген Шымкент қаласының бас сәулетшісіне қатысты.

 --Ақпараттық кеңістікте мен жайлы тағы бір жалған мәлімет тарады. Бүгін ұсталған, Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовке қатысты кейбір дереккөздер таратқан ақпаратты жоққа шығарамын. Оның «менің адамым» екендігі жөніндегі кез келген мәлімдемелердің ешқандай негізі жоқ. Менің оған еш қатысым жоқ. Ол бұл лауазымға мен әкімдікке келгенге дейін тағайындалған. БАҚ өкілдері мен арна авторларын жариялар алдында деректерді мұқият тексеріп, халықты адастырмауға шақырамын,--деп жазған Берденов.

Айта кетері, бұған дейін ақпарат құралдарында Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Әбдешевтің «қаржы жымқырды» деген айып бойынша ұсталғаны жарияланған болатын. Кейбір ақпарат құралдары оның басқарма басшысы қызметіне биыл ақпанда Руслан Берденов қызметке келген соң тағайындалғаны жазылды. Р.Берденов орынбасар ретінде дәл осы сәулет, қала құрылысы салаларына  бақылау жасаған.  

 


Шымкенттің бас сәулетшісі ұсталды
Тағы бір блогер қамауға алынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу