Хасан Қасымбаевқа қандай айып тағылды?

Oinet.kz 22-08-2025 48

04c109fc-f80c-4d77-ae65-ce52ea5249d8.jpg

Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев және өзге де күдіктілерге байланысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

 22 тамызда прокурор Ерлан Құланбаев айыптау актісін оқып берді.

— Хасан Қасымбаевқа келесі айып тағылған: 16.08.2016 жылы өзара таныс Қасымбаев, Сыдықжанов және Мұқашев қылмыстық жолға түсіп, пайдакүнемдік ниетпен адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қорқытып алу, яғни күш қолданып, бөтеннің мүлкін талап ету мақсаттарымен өздерінің қылмыстық қол сұғушылық объектісі ретінде Сыдықжановтың танысы Тәжиевтің ақшасын таңдап, соңғысын Алматы облысы төңірегінде жер телімдерін сатумен айналысып жүргенін, сонымен қоса оның құрылыс жұмыстарын істейтін шағын бригадасы бар екенін, жекеменшік дәріханасы бар деп ойлап және басқаруында Lexus 470, Tayota Highlander маркілі автокөліктері бар екенін біліп, оған күш қолдану арқылы қорқытып, одан ақша талап етіп, қылмыстық жолмен пайда табуды ойластырған және қылмыстық жоспар құрған. Қылмыстық жоспарға сәйкес, Мұқашев пен Сыдықжанов Тәжиевті кездесуге шақырып алып, одан кейін оны Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласының шетіне алып шыққан. Ал Қасымбаев сол жақта күтіп алып, үшеуі Тәжиевке күш қолдану арқылы соңғыны қорқытып, одан ақша талап ететін болып келіскен. Алдын ала ойластырылған қылмыстық жоспарларын жүзеге асыру үшін 16.08.2016 жылы сағат 13:00 шамасында Сыдықжанов өзінің танысы Тәжиевке ұялы телефон арқылы хабарласып, Алматыдағы Кенжехан базарында кездесуге шақырған. Сол күні түскі сағат 15:00 шамасында Тәжиев танысы Сыдықжановтың қылмыстық ойларын білместен, жалғыз өзі Алматыдағы Кенжехан базарының қасына келіп, сол жерге Сыдықжанов басқарып келген Toyota Land Cruiser Prada маркілі автокөлігіне отырған, ал автокөлікте Сыдықжанов пен бұрын таныс емес Мұқашев болған. Осы уақытта Сыдықжанов Тәжиевке Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласына барып, «бір танысымен сөйлесіп қайту керек» деп айтқан. Тәжиев бұған келіскен, — деді ол.

Прокурордың мәліметінше, осы кезде оларды сыбайласы Қасымбаев күтіп алған. Қасымбаев Тәжиевтің әуелі көкірек тұсынан ұрып, тыныс алуын қиындатқан. Ал Мұқашев Тәжиевтің бүйрек және бауыр тұсынан бірнеше рет ұрған. Осы сәтте Қасымбаев, Сыдықжанов, Мұқашев танысы Тәжиевтің қорқып тұрғанына анық көзі жетіп, оның жекеменшік дәріханасы бар екенін айтып, оның дұрыс жұмыс істеуі үшін «ақша қойып бересің» деп талап еткен.

Осыдан кейін Қасымбаев, Сыдықжанов, Мұқашев Тәжиевті Талғар қаласы Қонаев көшесінде орналасқан «Тау самалы» кафесінің VIP-кабинкасына кірген. Ал Тәжиев өзінің өмірі мен денсаулығы үшін қорқып, қарсылық көрсетпей, олардың айтқанын істеп, бірге жүрген. Бұл кафеде Қасымбаев, Мұқашев екеуі Тәжиевтің аяғынан және көкірек тұсынан соққылар жасаған, салдарынан Тәжиевтің тыныс алуы нашарлап, есінен танып қалған. Әрі қарай олар жәбірленушіні есін жиғызып, талап еткен ақшаны әкеліп беретініне анық көзі жетіп, Тәжиевтен жалпы сомасы 1 миллион теңге талап еткен.

Еске салайық, Хасан Қасымбаев былтыр қараша қамауға алынды. 

Бас прокуратура Талғарда адам ұрлап, ұрып-соғуға қатысты істі қайта қарады.

Хасан Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша айып тағылып отыр.

 


Жиембай Пірәлиев: Балам бәрін ішіне жұтып кетті
Түркістан облысында депутат көлігін жалған нөмірмен айдаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу