Ұлы жүздің шежіресі. Жалайыр руы
Ұраны «Қоблан» («Бақтияр», «Бөрібай» дейтіндер де бар),
Таңбасы:
тарақ
Зерттеушідер атап көрсеткеніндей, Жалайыр руы туралы көне қытай жазбаларында да, тіпті ғасырдағы араб деректерінде де айтарлықтай мәліметтер жоқ. Ол жайындағы алғашқы мағлұматтар монғол дәуіріндегі XIIIXV ғасырдағы жазбаларда ғана бар.
Мәселен, Рашид ад-Дин ежелден жалайырлар көп өніп өскен ру деп көрсетеді. Сондай- ақ, ол: кезінде жалайырлар Тұран мен Иранда өмір сүргенін, оларды қытайлардың күйретіп, біразының монғолдарға «Шыңғыс-хан бабаларына» тұтқынға түсіп, ол Шыңғыс-хан кезінде көбісі бек аталып, қоғамда құрметті орын алғанын жазады. Оған қоса Рашид ад-Дин Жалайыр руының 10 ірі атадан тұратынын нұсқайды: Жәйіт, Қоң-қауыт, Оят, Көркін, Торы, Тоқырауыт, Құмсауыт, Нілкін, Төлеңгіт, Саңғыт.
С. Аманжолов Рашид ад-Дин көрсеткен Жалайыр аталарының кейбір тегі қазіргі қазақтар ғана емес, өзге де рулың тармақтарда барын аңғарады. Мәселен, осы рулардан, деп жазады ол,- Қоң-қауыттан қаңлыны, Санқауыттан саңғылды, Жәйіттен Жүйді (Кіші жүз), сонымен қатар қырғыздарды (шайтейіт руы) көруге болады.
Қазіргі заманғы қазақ пен алтай төлеңгіттері ежелгі Жалайырдың төлеңгіттеріне сәйкес келеді. Тордан «торғұлдар» (Алтайдағы татарлар) танылады. «Тоқырауыт» пен «Нілкін» сөздерінен Нілкі немесе Нылқы (Іленің бір тармағы) мен Тоқырауын (Жезқазған) өзендерін аңғарамыз.
Бәлкім, Көркін Құрыған, немесе Үшқұрыған (Орхон жазуында) сақалардың ата- бабаларының түп тамыры шығар. Сөйтіп, әзірше Оят пен Құмсауыт өз төркінін таппай отыр, әйтсе де олардың анық түрік сөзі екенін мойындамай қала алмаймыз.
Соған қарамастан Рашид ад-Дин өз еңбегінде XIII ғасырларда Жалайырлар монғол тілдес деп тұжырымдайды. Бұл орайда екі ұштылық жоқ деп ойлаймыз, өйткені әуелгіде монғолдарға тұтқынға түсіп, одан соң Шыңғыс-хан мен оның балалары әскерінің құрамына еніп, XIII ғасырда монғолша сөйлеуі де мүмкін. Бәлкім, осы мәліметтерге сүйеніп, Ш. Уәлиханов пен академик В. Бартольд Жалайырларды монғол рулары деп есептегеп шығар. Олардың ізінше М. Тынышбаев монғол тарихшысы Соном Сесеннің еңбегіне сілтеме жасап, «Жалайырлар Еке-монғол (ұлы монғол) деп аталатын саны көп, күшті монғол тобынан шықты» деп есептейді. Шыңғыс-хан қаз-қаз тұра бастағаннан жалайырлар оны жақтап, оның Қытай, Тибет, Түркістан мен Персияға жорықтарын қолдап отырды.
Қытайды жаулап алған Шыңғыс-ханның әйгілі қолбасшысы Мұқылы-Тобан Жалайыр руынан шыққан. Шыңғыс-хан тұсында да, кейініректе де Жалайырлар төрт атаға топтасады: біріншісі Монголия мен Қытайда қалды; екіншілер Жошының балаларына беріліп, Шу өзенінің орта ағысынан шығысқа қарай қоныстанып, Шу-манақ деп аталды; үшіншілер Шыршық пен Ангрен алқабында қоныс теуіп, Жалайыр ордасы аталуымен мәлім (Сырманаң); төртінші топ Гулагу ханмен Персияға кетті. Одан әрі М. Тынышбаев жалпы нышандармен жалайырдың соңғы үш тобының негізгі тарихи белестерін қуалайды. Мәселен, Ақсақ Темір көтеріліп келе жатқанда оны қолдап, 1370 жылы олар оның қарсыластары Дулаттар жағына шығып кеткені үшін жалайырлар талқандалып, бытырай қоныстандырылды. Парсы тобы Иранда негізгі маңыз атқарды; жалайыр әулеті тіпті Солтүстік Иранда, ал бір кезде Бағдатта да патшалық құрды. Жалайырлардың басты бөлігін 1370 жылғы қашқын Сыр-манақтар келіп қосылған Шу-манақтар түзеді.
Бұдан әрі М. Тынышбаев Жалайырлардың Жошы ұлысынан шығысқа қарай ойысып, Ежен ханның Ақ ордасына тірек болғанын, Орыс ханның кезінде олар әмірші әскерінің
ұйытқысына айналғанын айтады. XVI ғасырдың аяғында жалайырлардың қалың көпшілігі Ұлы-Тауя ауданында болған деседі, осы кезде Оразмұхамет сұлтан өзінің жақыны Қадырғалимен орыстардың тұтқынына түсіп, Мәскеуге жөнелтіліп, Борис Годунов патша оларға Қасымов (Касимово) қаласын беріп, Қадырғали Жалайыри онда Оразмұхаметтің ата- тегінің шежіресін жазды. XVIII ғасырдың басындағы Жоңғар шапқыншылығына дейін Жалайырлар Шу өзенінің орта ағысына оралып үлгіреді, бірақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламада» қайтадан Бетпақдала шөліне қарай серпілді. Одан кейін Жалайырлар XVIII ғасырдың ортасында Қазақ жерін азат етуге белсене араласып, қытайлар Жоңғарияны біржола күйреткенше, Аягөз өзеніне дейін жетті. Соның нәтижесінде азаттық алғаннан кейін, Жалайырлар Жетісудың Қаратал өзені жағасы мен Іле сағасын мекендеп қалды. Дегенмен, зерттеушілердің ішінде бірінші болып Н. Аристов Жалайыр руларының аттары негізінде олардың монғол тектес емес, арғы тегінің аралас түркі-монғолдан шыққанын ұсынды.
Н. Аристовтың пікірін растай отырып, С. Аманжолов оның тұжырымын нақтылап, кемшіліктерін көрсетіп, Жалайырлардың ежелгі түріктерден тарайтынын сенімді түрде дәлелдейді.
«Мен Аристовтың пікіріне қосыламын, деп жазады С. Аманжолов, Жалайыр руы мен аталары Ұлы жүзде де әр текті рулар одағының бөлігі. Бірақ, бұл, меніңше, бүкіл қазақ, қырғыз, өзбек руларына да тән. Нағыз жалайыр деп ол, бәлкім, монғол нышандарын айтатын шығар. Бұл тағы да халықтардың қоныс аударуына байланысты қате көзқарас. Жалайырдың бүкіл рулары кейін түріктеніп кеткен монғол тектес дегенге итермелейді».
Ал, жағдаяттар басқаша баяндайды. Жалайырлар тармағының ішінде монғол билігіне дейін көптеген ежелгі түрік руларының болып, басқа да Ұлы жүз бен қырғыздар руларының құрамында олардың таңқаларлықтай мидай араласып кетуі, олардың (Жалайырлардың) монғол шапқыншылығына дейін түркі тектес болғанын көрсетеді.
Хиуа ханы Әбілғазы Баһадүрхан Жалайырларды монғолдың Хайду ханының тұтқыны болғаннан кейін ғана монғол атанды деп есептейді. Бұдан Жалайырлардың басым көпшілігі монғол емес, небәрі олардың (500 «бүлікшілері») құлдыққа түсіп, монғолданып кеткен аз бөлігі деп түйіндеуге болады. Ежелгі монғолдардың салт-дәстүрі бойынша, олар өз мырзаларының қосынында қызмет етіп, «күнәдан» арылып, жоғары шен, атақ-дәрежеге (бек немесе қолбасы) жетуіне болатын еді. Сондықтан Қытайды жаулап алғандардың ішінде Жалайыр Мұқа-ноянның болуы таңғаларлық емес (Әбілғазы). Одан әрі С. Аманжолов Жалайыр руы ата-тегінің құрамын талдай келіп, олардың Сыр-манақ пен Шу-манақ тармақтарыыа айрықша назар қойып, бұлар ежелгі Дулудың бес аймағын тағы да қайталайтынын еске салады: шу-ми, шу-муғун, шу-бань және басқалар. Олармен, бәлкім, қырғыз-қыпшақтарының қырғыз аталары: жаманақ пен оманақ та байланысты болуы мүмкін. Диалектілерді зерттеу барысында біз Арал теңізі аймағындағы Шектілердің өздерін Жаманақ деп атайтынын анықтадық. Осыдан қазақ пен қырғыздардың одан да жақын туыстығы мәселесі туындайды, меніңше, «манақ» оң әуелі рулық атау емес, ол тіршілік ету сипатына байланысты белгілі мекендердің тұрғындарына берілуден шығатын ат секілді. Шу- манақ сөзін «Шу бақташылары» (егер монғолдың «манақ» сөзін негізге алсақ бағу, қарауылдау, сақтау) және «Шу бағбандары» (егер түріктің «манау» бағбан») деуге болатындай.
Әрі қарай С. Аманжолов өз еңбегінде деректер негізінде Жалайырлардың қоныстануын қадағалайды. Жалайырлардың басым көпшілігі бар уақытта Жетісудағы Қапал уезінде тұрды, деп жазады ол, Бәлкім, біраз бөлігі Зеравшан алқабына қоныс аударған шығар. Жорықтарға қатысушылар, әулеттер мен хандарды көтерген жалайырлар (Қытай, Персия, Мысыр, Ресейдің оңтүстігі мен Сібірде), бәлкім, Шыңғыс-хан мен ұлдарына қызмет еткен жоғарғы әскери топтың өкілдері болуы мүмкін. Жалайырлардың мүлде аздаған тобы бурят- монғолдар ішінде де бар. Олар мүмкін Әбілғазы жазған Хайду хан құлдарының ұрпақтары шығар.
XVIII ғасырдың ортасынан бастап, орыс деректерінде жалайырлар туралы құнды-құнды мағлұматтар кездеседі, солардың негізінде бұл рудың этникалық құрамы жайында недәуір мағлұмат табамыз. М. Тынышбаев қазақ халқының үш жүзінің тегі туралы, соның ішінде Жалайырлар жайында да орасан еңбек жариялады. Бұл деректердің бәрін зерттеп, өз жинағын мағлұматтарымен салыстыра отырып, жалайырлардың рулық құрамы мен қоныстануын В. В. Востров монографиялық жұмысында ашып берді. Алайда, Жалайырдың бұл рулық құрамында оның 13 атасының ғана тізімі беріледі.
Салыстырмалы түрде біз Жалайырлардың тегін сәл де болса анықтайтын қолда бар деректердің бәрін зерттеп, өз бақылауларымызбен толықтырып, қал-қадарынша Жалайыр руының қомақтық құрамының таралуы жайын түздік (9 а, ә, б, в-қосымшаны қараңыз).
Экспедициялық зерттеулер кезінде біздің мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы, Жамбыл атындағы кеңшардың тұрғыны 1891 жылы туған (Жалайыр) Камал Дүйсенбаев; Талдықорған облысы, Киров ауданы, Куйбышев атындағы кеңшардың тұрғыны 1899 жылы туған (Жалайырдың Мырзабәйбіше руынан) Қожахмет Нұрлыбаев; Талдықорған облысы Киров ауданы, Ленин атындағы колхоздың тұрғыны 1910 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Нұрғазы Иманғазиев; сол облыстың Гвардия ауданы, Киров атындағы кеңшарының тұрғыны 1906 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Әбілқасым Жантайлақов; Талдықорған облысы, Киров ауданы, Мұсабек атындағы кеңшардың тұрғыны 1906 жылы туған (Жалайырдың Орақты атасынан) Әлдибек Естаев; Талқорған облысы, Киров ауданының тұрғыны, 1909 жылы туған (Жалайыр) Байжомарт Дәндебаев; сол облыстың Киров ауданының тұрғыны 1904 жылы туған (Жалайырдың Андас атасынан) Шайық Самалтыров; Талдықорған облысы, Киров ауданынан 1901 жылы туған (Жалайырдың Сыпатай руынан) Бекмұхамбет Байтұрбаев; Талдықорған облысы, Киров ауданы, Октябрь аулының тұрғыны 1891 жылы туған (Сыпатай руынан) Әбділда Боранбаев; Талдықорған облысы, Киров ауданының Бозтоған аулының тұрғыны 1900 жылы туған (Жалайыр) Бекқожа Біләлов; сол облыстың Киров ауданы, Кеңарал аулының тұрғыны 1896 жылы туған (Жалайырдың Қарашапан руынан) Сапарғали Майсүтов; Алматы облысы, Баңанас аулының тұрғыны 1916 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Керім Байжомартов; Алматы облысы, Бақанас аулының тұрғыны 1888 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Мезет Жиенбаев; Алматы облысы, Бақанас аулының тұрғыны 1890 жылы туған (Жалайырдың Күшік руынан) Қосбай Кенжебаевтар қол ұшын аз берген жоқ.
Бұл ақсақалдар Жалайыр руының қоныстануы, ата тегі, көші-қонның өтетін жолдары туралы біраз мағлұмат берді. Ал, кейбір қазақ шежіресінің білгірлері Жалайыр руының тұтас ата-тегі туралы жақсы мәлімет түсірді. Солардың санатына Қожахмет Нұрлыбаев, Медет Жиекбаев пен Нұрғазы Иманғазиевты жатқызуға болар еді, олар бүкіл Жалайыр руының жіктелуі және соған байланысты этникалың тарихы жөнінде көптеген аңыз жазып берді.
Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, жазба деректерде сақталғандай, Жалайыр руы жерсінуіне байланысты екі ірі аймақтық топқа Сырманақ пен Шуманаққа бөлінеді. Біздің мәлімет берушілеріміз Нұрғазы Иманғазиев және басқалардың көрсетуінше тағы бір Бірманақ тобы болған, алайда ол сыртқы жаулаушының қолына түсіп, сонда қалып кетеді. Ол жергілікті қызға үйленіп, одан Қосай және Қосымбет қалады. Балалары жас кезінде Бірманақ дүние салып, өлер алдында: «Тарақ таңбалы елдеріңді табыңдар» деп өсиет айтады. Жалайырдың рулық белгісі |”|”| (тарақ таңба). Әкесінің аманатын орындап, балалары қандастарына қайтып оралады. Аңызда айтылғандай, жасөспірім Қосайды Шуманақтың ұлы Андас, ал Қосымбетті Сырманақтың ұлы Байшегір паналатады. Сөйтіп, олар Жалайыр руының құрамына Күшік (Қосай) пей Арықтыным (Қосымбет) болып енеді.
Ұлы жүздің басқа рулары арасында, Жалайырдың өз ішінде де жалайырларды «Он екі
ата Жалайыр» деп атайды. Алайда, жеме-жемге келгенде әуелгі атағанның өзінде олар 13 ата болып келеді. Ең алғашқы Жалайырдың рулық құрылысы жөніндегі мәліметті біз 1825 жылғы архив деректерінен табамыз, онда жалайырдың он екі атасы: Андас, Мырза, Күшік, Сыйерке, Қалпе, Балехлы, Қарашапан, Сыпатай, Байшегір, Қайшылы, Ларақтынауыл мен Қығысылдар. Бұнда көптеген бұрмалаулар болғанмен, қазіргі этнонимдерді оңай ұғуға болады: Андас Мырза, Күшік, Сиыршы, Сыпатай, Байшегір, Қайшылы, Арықтыным мен Қырғыздар. Алайда, бұл жерде де аздаған дәлсіздіктер бар, біріншіден, әуелгі атадан тарайтын екі ру Орақты мен Ақбұйым жоқ, екіншіден соңғы ру Қырғыздар Андасқа кіреді, сондықтан ол ата болып есептелмейді, кейінгі үрім-бұтақтарға жатады. Келесі Жалайырлардың ру-тайпалық құрылымы жөнінде толық та дәл сипаттама беретін дерек көзі XIX ғасырдың 60-жылдардың ортасында пайда болды. Н. Абрамов өзінің бұл еңбегінде: Жалайырлар басты 12 атаға бөлінеді, олар бейне бір Шуманақ мен Сырманақтан тарайтындай. Шуманақтан жеті ата: Андас, Мырза, Қарашапан, Орақты, Ақбұйым, Қалпе мен Сыпатай; Сырманақтан бес ата: Арықтыным, Байшегір, Сиыршы, Балғалы мен Қайшылы. 13 ата кейінірек Балғалымен қосылды. Оның кіріккен аты Н. Абрамовтың ойынша, Күшік болып саналады. Бұл автордың жоғарғы этнонимдердің қазақша баламасын дәл бергендігін атап өту ләзім, себебі тек қана Қайшылыны «Қалшылы» деп бірақ рет жаңсақтық жіберген. Бұдан Н. Абрамовтың ата тегін таратуда біздің зерттеуімізде айтылғандай, үшінші «Бірманақ» тармағы жоқтығы көрінеді. Бірманақ рулық бірлестігі жалғыз Н. Абрамовта ғана емес, бүкіл орыс деректерінде кездеспейді. Әрине, бұл жағдай біздің мәліметшілеріміздің деректеріне күмән туғызбай тұра алмайды.
Байыпты тұрғыдан Н. Абрамов өз пайымдауларының негізінде жалайырлардың қандай атаға бөлінетінін келтіреді. Мәселен, Андас Қалқа мен Тұлымбек болып екіге бөлінеді. Олардың аға сұлтаны би Тіленші Балпықов болды. Қалқа жеті атадан тұрады: Дүйсенбі, Андабай-Тоңат (600 үй), Қанай-Қонай, Қырғыздар, Жомарт, Айтымбет пен Қарақұс (600 үй). Тұлымбек төрт топқа таралады: Меңлібай, Кенжеке, Шүрек пен Қошқар (350 үй).
Мырза атасы үшке бөлінеді: Әліке (500 үй), Бәйбіше (150 үй), мен Аман (660 үй). Олардың аға сұлтаны Жайнақ Темірбеков. Қарашапан атасы үш тармақтан тұрады: Тәңірберген, Баташы мен Қалжамбет (500 үй). Аға сұлтан Тәжі Қанхожин.
Орақты руы екі топ: Жайықбай мен Көкшекөз (300 үй). Аға сұлтан Шынәсіл.
Ақбұйым (230 үй) атасының аға сұлтаны Елшін Құлмамбетов, Қалпеде (200 үй), аға сұлтаны Қамбар Аланов, ал олар қандай атаға бөлінетінін Н. Абрамов айтпайды.
Сыпатай руы алтыға жіктеледі: Ақ марқа, Қара марқа (300 үй), Сауық (150 үй), Шылымбет (180 үй), Есеней мен Күшік (200 үй). Олардың аға сұлтаны Қамбар Аланов болып есептеледі.
Арықтыным үш атаға бөлінеді: Өтес, Сүтісіңген мен Өміржан (600 үй). Аға сұлтаны Тілегіүшел Тілеубаев.
Байшегір екі атаға ажырайды: Тыныш пен Жамбет (700 үй). Аға сұлтаны Бақай би.
Сиыршы руы екі тармаққа тарайды: Сырымбет пен Бәйімбет (800 үй). Аға сұлтаны Тілеуберді Ескелдин.
Балғалы руы төртке бөлінеді: Құлым (240 үй), Шағыр (80 үй), Өгіз (55 үй), Нияз-Барақ (55 үй). Аға сұлтаны Тысыбаев Бөлек би мен құрметті сұлтан Жиқы Айдаров.
Қайшылы руы (200 үй). Аға сұлтаны Ұйықтүс Будабаев.
Күшік руы төрт тармаққа тарайды: Таз, Жабысңан, Қарасақал мен Маржа (700 үй). Аға сұлтаны Есен Дәулетов.
Осылай келіп, Н. Абрамов Жалайырды 12 негізгі атаға бөліп, 13-ата Күшікті кейіннен қосылған деп санайды. Н. Аристов Абрамовпен іле-шала Жалайырдың негізгі 12 атасын санамалап, Күшік оған кейіп келіп, балғалы қосылатынын нұсқайды.
М. Тынышбаев 12 атаны екі тармақтан Шуманақ пен Сырманақтан қарастырып, Андастың орнына Маңғытай Күшікті атайды, себебі, оның мәлімдеуінше, Маңғытай Андастың атасы, ал Күшік бұл руға қосылған болып есептеледі. Бұл орайда Күшік руының тегі туралы аңызды айта кету артық емес. Оның тағы бір түрінде Шуманақ Ахметқожаның екі ұлы болыпты: Маңғытай мен Барақ. Маңғытайдан Андас, ал Барақтан Наркелді, одан Қосай мен Қосымбет шығады. Наркелді ерте өліп, оның жетімектері Қосайды Андас, ал Қосымбетті Байшегір бауырына басады. Қосайды Андас «Күшік», Қосымбетті Байшегір «Арық» деп еркелетеді. Қосымбет кішкентай, әлжуаз, бір жағынан қартайған Байшегірге қамқор болғандықтан, ол әрқашан «Арығым» деп еркелетеді. Осыған байланысты тағы бір аңызды айта кеткен жөн. Қосымбеттің қызы Арғынға күйеуге шығып, ол төркініне Әлмамбет деген баласын жетелей, екіқабат болып оралады. Көп ұзамай ұл бала дүниеге келіп, оны Тыным ден атайды. Есі кірген Әлмамбет әкесіне кетіп, Тыным нағашыларына сіңіп, Байшегірдің бір атасы болып кетеді. Кейіннен Арық (Қосымбет) пен Тынымның ұрпақтары қосылып, өз алдына жеке Жалайырдың Арықтыным атасын құрайды.
Аңыз бойынша Күшік Андастың тұстасы, сондықтан біз Күшіктің Жалайыр руының 12 атасына кірмейді дегенге күмәнданамыз. Оның үстіне Н. Аристов Жалайыр күшіктерінің құрамында ежелгі қырғыздар болғандықтан, оларды қарақырғыздардан шықты деп есептейді. Біздің мәлімет берушілеріміздің бәрі бір ауыздан «12 ата Жалайыр» деп мойындай отыра, Жалайыр руының бірінші буынын міндетті түрде 13-ке жеткізеді. Ал, біздің бұл сәйкессіздік себептерін сұраған сауалымызға ешкім тиянақты жауап бере алған жоқ.
Әлбетте, біз Жалайыр тегінің аралас шығып, ежелден келе жатқан ру екеніне күмәнданбаймыз. Бұл туралы Рашид ад-Диниің ізінше Аристов те, Аманжолов та атап өтеді. Демек, ең әуелі жалайырлар әлде бір көсем мен күшті рудың бастауымен біріккенде 12 ата болған, ал сонан соң табиғи өсім нәтижесінде әлде бір тайпа суырылып шығып, өзінен өзі бірінші буынға қосылады, әйтпесе сырттан әлде біреулер киіп-жарып енсе, ол халық зердесінде қалмай қоюы да ғажап емес. Бұл орайда, Н. Аристовтың Жалайыр руларының кейбір аталарының шығуы туралы оның: «Күшік пен Арықтыным қарақырғыздан шығуы мүмкін, өйткені Күшік пен Арықтың сүйегі ежелгі қарақырғыздар руына жатады. Бұған қоса, Жалайыр рулары Дулат ішінде де кездеседі (Саршалар Ботбай руында, Шығыр Жаныстарда, Байшегір Жалайырда, Албандарда Сырымбет пен Қошқар). Андас руындағы Қараңырғыздар (Қырғыздар) олардың құрамына бертініректе енуі де мүмкін. Жалайыр руындағы Сыпатай, Ақмарқа мен Қарамарқа өз есімдерімен Алтайдың Марқакөлін еске салып, олар осы есімді Қарлуқ руының бір қалдығы ма деген ойға да түрткі береді; Қарлуқтар Батыс Хантәңіріне оңтүстік-батыс Алтайдан келіп, бұнда Марқа есімін таратуы да мүмкін… Жалпы, Ұлы жүздің Жалайыр тармағы әр түрлі рулардан шығып, бас құраған одақтың бөлігі, олар бастапқыда Жалайырдың әлдебір көсемінің бастауымен алғашқы кезде Жалайырлардың нағыз өзі аз болғанымен бірігіп, әр түрлі жағдайдың әсерімен күшейіп, мызғымастай тұтасып кетуі мүмкін» деген пікірге ден қойғызады.
Қалай дегенде де Ұлы жүз руларының ішінде Жалайыр жоқта ағасы, ең үлкені, құрметтісі және жауынгері болып есептеледі. Жалайырлардың жауынгерлігі жайында көптен бері қалыптасқан «Әзірейіл барда жаным бар деме, Жалайыр барда малым бар деме» деген қазақтың халық мәтелі де растайды. Жалайыр руы өкілдерінің ағалығы мен құрметтелетінін Н. Гродеков та қуаттайды. Ол: «Жалайырлар қазір жоқта ағасы болып есептеледі. Жиын-тойда, табақ тартқанда рулардың үлкені Жалайыр бар ма деп сұрайды. Жалайырлар жоқ болса, құрметке Ошақты руы ие болады» деп жазды.
Сонымен, әдеби деректер мен қазақ шежіресіне сәйкес, жалайырлар Сырманақ және Шуманақ болып екіге бөлінеді. Аңыздағы Бірманақ пен оның ұрпақтары (Қосай мен Қосымбет) туралы жоғарыда айтылғандықтан, оған қосыпаларымыз жоқ. Сырманақ тармағы бесеу: Арықтыным (Қосымбет), Байшегір, Сиыршы (Байкөбен), Балғалы мен Қайшылы. Аңыздағы Бәйшегір «Арық» деп атайтын Қосымбеттен Қауыс, Жылкелді, Өміржан, Алтын Базар мен Қытай ұрпақтары өрбиді. Тыным Қосымбеттің жиені, тағдырдың айдауымен нағашысында қалып, одан Майемген, Етемген мен Сүтемген енші алды. Соңғыдан Омажан мен Тілес, кейіннен Арық пен Тыным ұрпақтары қосылып, Сырманақ ішінде бір ру Арықтыным аталып, ақырында 12 ата Жалайырға еніп кетті.
Біздің мәліметіміз бойынша, Байшегірден көп ата бөлінеді: Жиембет, Бекпенбет, Нұрымбет, Тынымбет, Абыс, Қобыс, Мыржық, Итай, Есқара, Ақтеке, Атайбоз, Дәулендабыл, Ақша мен Есімбол. Біз Байшегірден бүкіл алғашқы 14 атаны таратқанмен, бәлкім, олардың кейбіреуі кейінгі буындар болып кетуі де кәдік. Алайда, олардан басқа салыстыру үшін деректер жоқ болғандықтан, ататек кестесінде бұл этнонимдерді Байшегірден тараған бірінші ата деп көрсетуге тура келді. Ал, олардың Байшегір руына жататынына күмән жоқ.
Сиыршы (жанама аты) руы аталмыш шежіреде Байкөбен деп аталады. Бұл есім халық арасы мен ғылымда кеңінен тарағандықтаы, бұдан былай қарай да осы этнонимді қолданамыз. Сиыршы алты атаға ажырайды: Сырымбет, Шәлімбет, Жақсымбет, Тоқымбет, Жолымбет, Бәйімбет. Тоқымбеттен әйгілі ақын Бақтыбай Жолбарысұлы (18351903) шықты. Бәйімбеттен Жылгелді мен Ескелді би туды.
Балғалы екі атадан тұрады: Құлымбет пен Құлын. Құлымбеттен алты ұл өніп-өседі: Шағыр, Дәулетай, Қаракөз, Тоқбай, Өгіз, Ниязбараң. Құлыннан бес тармақ: Шоқы, Алдаберді, Жарым, Ақжол, Барлы. Өкінгенмен, қолымызда Қайшылы руы туралы әдеби де, зерттеу де деректері жоқ (9а қосымшаны қараңыз).
Жалайыр тайпасының Шуманақ рулық бірлестігі сегіз ірі атаға айырылады: Андас, Күшік (Қосай), Мырза, Қарашапан, Орақты, Ақбұйым, Қалпе, Сыпатай.
Шуманақтардың ішіндегі ең көбі мен ірісі Андас руы, ол 10 атаға бөлінеді: Қырғыз, Қалқа, Ақтолымбет, Қаратолымбет, Құттық, Байқара, Жұман, Меңдібай, Алқұлы, Кенже.
Қалқа атасынан Дүйсембай, одан Қайдауыл мен Дәрбісәлі. Қайдауылдың 4 ұлы болды: Түрке, Саурық, Аспан, Сайбақ. Дербісәліден де 4 ұл тараған: Балпық би, Салпық, Білдебай, Кешубай. Ел арасында әулие саналатын Балпық бидің есімі Андас руының жауынгерлік ұранына айналады.
Ақтолымбет үш атадан тұрады: Қошқар, Шүрек, Төлек. Қошқар өз кезегінде екі тармаққа тарайды: Төлебай мен Құлболды. Шүректен Сәмен мен Есімбек. Кейінгіден Таймөңке мен Тәттібай батыр (Абылай ханның замандасы). Таймөңкеден көп ұрпақ өрбіді: Кембала, Көбес, Айдар, Бектас, Жантас, Бейбіт, Бекқалы, Ералы, Байтас, Байыс, Тоқтауыл, Тоқтамыс, Қылыш, Қарамырза. Тәттібай батырдың үш ұлы болды: Түйте, Қаңтарбай, Қарымбай би, соңғыдан Назарбай, одан Керімқұл (1925 жылы ол 65 жаста болған). Қаратолымбеттен екі бұтақ: Аңқау-Абыз бен Лаулық- Абыз.
Құттықтан да екі ата бөлініп шығады: Қарақұс, Саттар. Байқарадан да екі бұтақ: Андабай мен Таңат; Жұман атасынан төрт үрім-бұтақ кетеді: Әйтімбет, Жомарт, Шәкі мен Шүкі. Меңдібайдан Көтен мен Бөрте.
Кенжеден, біздің қолымыздағы мәлімет көрсеткендей, екі бұтақ өрбиді: Арқар мен Құлжа. Қырғыз бен Алқұлы аталарының тегі туралы біздің қолымызда әдеби де, зерттеу де деректері болмады.
Күшік (Қосай) руы беске бөлінеді: Таз, Жабысқақ, Қарасақал, Самбақ, Сары-Бөкенбай. Таздан Байқара Есентүгел. Есентүгелдің төрт ұлы болды: Майқы, Марқа, Бекназар, Асан. Еспенбеттің бес ұлы атқа қонды: Баба, Досай, Жаманқара, Бақы, Сирақ.
Қарасақал бес атаға айырылады: Дәулет, Бекбау, Ырысымбет, Әділ, Жармұқан.
Самбақтан Молдас пен Сүйіндік. Молдастан төрт ата: Қараменде, Сырымбет, Жалаңтөс, Қойгелді. Сүйіндіктен Байсары, Байтоқ, Өтебай.
Орақтыдан бес тармақ кетеді: Әжіке, Тоқа, Кенже, Көкшекөз, Жайықбай. Әжіке екі атаға: Сауыр мен Көшейге бөлінеді. Көкшекөзден Өстемір мен Шынтемір, Жайықбайдан Қарабай, Алшынбай, Ақша.
Ақбұйым атасы екі атадан тұрады: Құяс пен Сары (9-қосымшаны қараңыз). Мырзадан Бәйбіше (Бәйдек), Аман, Әліке. Бәйбішеден (Бәйдек)- Тонды, одан Тағайбек, одан Бегім. Бегімнің екі ұлы болды: Асыр мен Жәнібек. Асырдан Төлебай, Қалыбай, Керік (Сақау). Керіктен Алқазы, одан Телбай, одан Жұмыр, одан Қалжатай, одан Нұрлыбай, одан Қожахмет (мәлімет беруші 1899 жылы туған). Біздің мәлімет берушімізден Жалайырға дейін 15 ата. Жәнібектің бес ұлы болған: Сойырғас, Жарылғас, Жайылмас, Борсық, Мама-Тайыр.
Аман Қожаназар, Есберді мен Артық болып бөлінеді. Соңғыдан Ораз бен Жанақ. Қожаназардың ұрпағы көп: Сәбден, Қалыбек, Есенбай, Есенқабыл, Есқара, Есберлі, Дәулетбай, Асан, Тілеубай, Үсен.
Әліке атасы 6 буын: Сүйінішәлі, Қадам, Қожамқұл, Сарыбай, Жиенәлі, Шұңғыр. Сүйінішәліден екі ұл: Сары мен Амандық; Жиенәліден үшеу: Үшқара, Сарғалдақ, Байгелді; Шұңғырдан Сатыпалды мен Қараша. Сатыпалдыдан екі бұтақ тарайды: Өмірұзақ пен Тауасар; ал Қарашадан Маясар, Тақабай, Дуан. Қожахмет Нұрмановтан жазып алған қолжазбамызда Мырза руының тегі бүгінге дейін жетеді. Бірақ, біз одан бері 34 атамен шектелдік.
Қарашапан руы 8 ата: Тәңірберген, Боташы, Қалмамбет, Айтқұл, Кентай, Қуат, Еспен, Дәулет. Соңғыдан Кішкенебай, одан Шәрілдей, одан Мақабай, одан Майсүт, одаи Сапарғали (мәлімет беруші 1897 ж. туған).
Сыпатай руы үш бөлек: Саулық, Шілімбет, Марқа. Шілімбет атасы үш тарау: Бекбау (Бәйімбет, Майлыбай, Жолдыбай, Шымырбай, Көзайдар), Есенәлі (Байсейіт-Айдарке, Елмәмбет, Байқара, Едіге) мен Кенже (Байдәулет, Үзбасар, Бекмырза, Сасық).
Марқа руынан үшеу: Өтеп, Есеней, Көшек. Көшектен Есназар, Ерназар, Маматай. Соңғыдан Есенгелді, Байжігіт, Мәуке. Қалпе руының этникалық құрылымы бойынша әдеби деректерден де, біздің зерттеуде де ешнәрсе табылмады.
Жалайырдың рулық жауынгерлік ұраны жалпы Ұлы жүз бен Дулатқа тән«Бақтияр» (Гродеков, Аристов), «Бақтияр» мен «Қоблан» (М. Тынышбаев), «Бөрібай» (С. Аманжолов), «Қоблан» (Востров пен біздің зерттеуімізше). Бұлардан басқа кейбір аталардың өз ұраны болған. Сиыршының ұраны«Ескелді» (Ескелді би есімімен), Андаста «Балпық» (Балпық би есімімен), Ақбұйым, Сыпатай мен Қалпеде ортақ ұран «Бекбау». Мырза мен Арықтынымның, сонымен қатар жалпы ру ұраны «Әдіке». Бұндай рулың ұрандардың жақындығы олардың әлде бір туыстығын танытады.
Жалайырдың рулық таңбасы 6FF871F5-C897-4495-B71B-96E4745F9E5D.png немесе (Гродеков, Аристов пен Аманжоловтың көрсетуінше), Т (М. Тынышбаев). Бұл белгілердің түрлері тарақ таңба делінеді.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Жалайыр рулары Жетісу уәлаятының Верный мен Қапал уездерін қоныстанды, ішінара топтары Сырдария уәлаятының Шымкент, Әулиеата уездерінде жайлап жүрді. Бұл уездердегі Жалайырлардың саны әр түрлі деректерде өткен ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында келтірілгенмен шамалас. Мәселен, Н. Абрамов XIX ғасырдың екінші жартысының басында Жалайырлардың рулық құрамы, саны мен қонысы туралы 1867 жылы мақала жариялады. Онда Қапал уезіндегі Жалайырлардың санын 13 атамен береді. Андас (1550 үй), Мырза 1310, Қарашапан 500, Орақты 300, Қайшылы 200, Ақбұйым 230, Қалпе 280, Күшік 700, Сыпатай 830, Арықтыным 660, Байшегір 700, Сиыршы 800, Балғалы 430 үй бәрі 8410 үй. Бұл мәлімет бәлкім дәл болмас, дегенмен, ру аталарының арақатысы жайында жақсы мағлұмат танытады. Н. Аристов өз еңбегінде басқа құрылымды келтіреді, онда 1889 жылғы жалайырлардың саны айтылады. Ол бойынша бүкіл Жалайыр 17 000 шаңырақ. Солардың 16 098-і Жетісу уәлаятының Қапал уезінде, қалғандары Сырдария уәлаятының Әулиеата, Шымкент пен Ташкент уездерінде мекен еткен.
М. Тынышбаев 1917 жылғы Жалайырлардың санын есептеп, онда Қапал уезінде 120 000 жан, Әулиеата 10 мың, бәрі 130 мың жан болғанын тайға таңба басқандай етіп көрсетеді.
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Жалайыр руының ең көп атасы Андастың қыстаулары үш қонысты алып жатты. 1) Қаратал Тентек аралығынан бастап Қараталдың Балқаш көліне құяр жеріндегі Аралөткел, Еспай-Төлебай, Жаршаған, Үшмола, Жалғызтораңғы, Ақжал, Тентек, Мақаншы қойнауы; 2) Малайсары мен Желдіқара таулары, Құлөзек, Шөладыр, Ашудасты, Қарасу шатқалдары; 3) Верный уезінің оңтүстік батысындағы Бесмойнақ шатқалы мен Бұғымүйіз жазығы. Аз ата Мырзаның қыстауы әр жерге орналасты. Қауымның көпшілігі Қаратал, өзенінің оң жағасындағы Қарақөй, Бурақой, Дауылбай мен Қайрақты жоталарында, Сарыбастау, Қызылауыз, Қарашоқы мен Шаңырақ шатқалдарында; басқа бөлік Қаратал өзенінің сол жағасындағы Шөпадыр, Достарболды мен Жосалы шатқалдарын сағалады. Мырзаның кейбір атасы Сарыкөл жағалауында қыстады.
Мырза руының жалпы ортақ жайлауы қыстаудан қашық емес Дегерес, Сарыжазық қойнауларында еді.
Қарашапан қыстаулары Қаратал өзенінің жағасындағы Кеңарал, Көксу өзенінің Шолақ, Желсаз шатқалдарында, сонымен қатар Алатау баурайына кірігіп жатты.
Орақты руының қыстаулары Қаратал өзенінің орта ағысының батысындағы Жуанқұм мен Жетіжал, Биже өзенінің жоғары жағындағы Ақжал шатқалдарын, сонымен бірге Малайсары тауындағы Өгіз ұшырған қойнауларын алып жатты. Ақбұйым руының қыстаулары Алтынемел тауларында, Қызыл мен Тамшыбұлақ, Іленің төменгі тұсындағы Шарқат шатқалдарында ірге көтерді.
Қалпе руы Биже мен Тентек өзендерінің сағасында, Баулыбай, Аралқұм, Ақжал, Жаманқұм мен Бестас құмдарын қыстады.
Сыпатай руының біраз қауымы зерттеушілердің көрсеткеніндей, үш жерде тұрақтады көпшілік бөлігі Ешкіөлмес, Мұқыр, Лабасы тауларының Бөлекші, Дүңгене, Алтыбай, Киден шатқалдарын қыстаса, басқалары Алтынемел тауының Ащыбұлақ, Қызылбұлақ шатқалдарын, ақырында үшінші топ олардан солтүстікке қарай Жертоған, Қарағайлы, Үшөзек қойнауларында қоныс тепті.
Арықтыным руының қыстаулары Қаратал мен Іленің сағаларында, өзендердің екі жағасындағы Қаратал-Қаракөл, Майлыбай, Балқожа, Іленің оң жағындағы Жиделі, Көкөзек, Құрөзек, Ақсақал, Бозтөбе, Есенқожа, Құрлы шатқалдарында болды, ал сонымен бірге кейбір топтар Оңтүстік Балқаш құмын, Бақанас өзенінің құр табанын қыстап жүрді.
Байшегір руының көптеген қауымдастығы Арықтынымдықтармен қоңсылас Іле өзені сағасының екі жағын алып жатты. Қапал мен Верный уездерінің шекарасы Іле арқылы өткендіктен, Байшегірлер Балқаш көлінің оңтүстігіндегі байтақ жермен қоса Верный уезінде де тұрып жатты. Байшегір руының көпшілік қауымы Қапал уезінде Іле өзенінің оң жағасында қоныстанды. Бұл қауымдастық та үш жерде топтасты: байшегірліктердің шағын қауымдастығы балғалылықтармен бірге Аққаптал шатқалында қыстаса, басқа бір бөлігі Іле өзенінің оң жағасында Қараөзек, Көкөзек, Күркі және басқа шатқалдарда, ал үшіншілер Балқаш көлінің жағасында Іле сағасындағы құм жиектерінде өмір сүрді. Көктеу мен күзеулер де қыстаулар маңайында орналасты. Жайлауға оңтүстікке қарай ойысты, Балықты, Сарыноқай, Қазыбек, Қоскөл қойнауларына дейін жетіп, жарлы-жақыбай жатақтар Іле сағасындағы Балқаш көлінің бұғаздарында тіршілік етті.
Байшегір руының егістігі қыстаулар қасындағы Іледен шыққан арық, тоғандар төңірегінде жатты.
Сиыршы руы қауымдастығының недәуір басым көпшілігі Гавриловна, Қарабұлақ, Қаратал мен Жалғызағаш елді мекенінің маңайында, Лабасы, Ешкіөлмес тауларында көшіп- қонып жүрді. Бір бөлігі Қаратал өзенінің жоғары жағында Қызылжар, Ықлас, Сарыноқай, Текелі, Қусақ, Тастыарық, Түйемойнақ, Өтенай мен Шұбар қойнауларына қыстау салды.
Балғалы руының біразы Іленің төменгі ағысындағы оң жағадағы Шеңгелді, Бесапан, Құмбасы, Құланбасы, Жуантөбе, Ақдала, Қаракөл, Аққаптал, Үшқызылжар, Жіңішке қойнауларын қыстап шықты. Бұл рудың кейбір қауымдастығы Қапшағайдан бастап, Арқарлы мен Малайсары тауларына дейін қоныс тепті. Олардың күздеуі мен көктеуі Малайсары тауларының ішінде, қалғандары қыстаулар маңайында болды. Балғалының байлары жайлауға Жоңғар тауларындағы шұрайлы шабындыққа шығып кетіп, кедейлер ескі жұртын төңіректеді.
Қайшылы руының салыстырмалы аз тобы XIX ғасырдың ортасына таман Іле қамауы мен Балқашта тұрды. Біздің байқауымызша, XIX ғасырдың 80-жылдарында олардың екі тобы Талас өзенінің аңғарына қоныс аударып, Верный уезімен шекаралас жерде Әулиеатаның Шу өзені аңғарына тұрақтады.
Шу аңғарындағы Қайшылықтар сонда қыстап, жазғытұрым Жамбыл тауына қарай көшті. Олардың қыстаулары мен жайлауының арасы 3550 шақырымға созылды. Бұл қонысты Қайшылықтар Ұлы жүз ішіндегі Дулат руының Бестерек атасымен, сонымен қатар солтүстікте Орта жүздің Арғын руына кіретін шұбыртпалылармен текетіресте иемденген болатын. Біз Қайшылықтардың Іле сағасынан Шу аңғарына неге қоныс аударғанының себебін сұрағанда, біздің мәлімет берушілеріміз Камал Дүйсенбаев т. б. «Суы балыққа, қыры киікке» толы жайлы қоныс іздеп келсе керек деп түсіндірді.
Іленің төменгі ағысындағы өз қоңсылары Байшегір, Арықтыным, Күшіктермен салыстырғанда Қайшылы аз ата екені мәлім. Сондықтан қайшылының ата-жұртын тастап кетуіне қайсы бір күшті қақтығыс себеп болуы да мүмкін.
Күшік Жалайырдың өніп-өскен аталарының бірі. Олардың басым көпшілігі Іле өзенінің Ақдала, Көкдала, Көрбі, Шұрықтан шығыстағы Сарыбұлақ, Ортаөзен, Сасық, Тораңғылықақ, Үшөзек шатқалдары мен Биже өзенінің орта ағысына дейін тұтас жазықта қыстаулары орналасты. Аздаған бөлігі Қаратал бойында қалса, негізгі Күшік руы Найман сүйегі, Әулиеағаш, Қосқұрған және басқа қойнауларда көшіп-қонып жүретін. Жазды күні Күшік руы қауымдастығының көпшілігі Жоңғар Алатауының оңтүстігінде жайлауға шығып кететін еді. Кедей-кепшіктер жұртта отыратын. Көктеу мен күзеулер де қыстаудан алыс емес болатын. Суармалы егістік жер Іле, Қаратал, Биже өзендерінен тартқан арықтар, тоғандар маңайында тоқайласты.
Сөйтіп, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Қайшылыдан басқа 12 ата Жалайыр руы Жетісу уәлаяты Қапал уезінде Қаратал мен Іле өзендерінің арасында қоныстанды. Олардың қонысы солтүстікте Балқаш көлі мен оңтүстікте Жоңғар Алатауымен шектелді. Бұл аймақтың қолайлы ауа райы Жалайыр руының көптеген қауымдастығының мал өсіріп, суармалы егіншілікті күйттеп, балық аулап, аңшылықпен айналысуға жағдай жасады.