Сабақ жоспары: Орта ғасырдағы Қытай

Oinet.kz 04-10-2020 1123

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орта ғасырлардағы қытай мемлекеті, саяси құрылысы, оқушыларға тарихи мағлұмат беру

Дамытушылық:Оқушыларды шығармашылық ізденіске баулу. Олардың жүйелі  ойлау, өздігінен  жұмыс істей  білу дағдыларын  дамыту  және өз бетінше ой  қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік:Туған жеріне, Отанына сүйіспеншілігін арттыруға ықпал ету, еңбекке, ұқыптылыққа ,ой пікір, көзқарас қалыптастыру, өз ойын еркін айтуға тарихи оқиғаны талдай білуге үйрету.

Пәнаралық байланыс: география.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, картамен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, карта.

 

 Сабақтың барысы:

І. Оқушылармен амандасу, сынып тазалығына көңіл бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

 

Жоспар.

1.     Ынтымақтастық атмосферасын құру.

2.     « Мозайка әдісі » бойынша топқа бөлу.

3.     Миға шабуыл. « Ыстық үстел әдісі »бойынша үй жұмысын сұрау.

4.     Слайд және постер арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

5.     « 6 қалпақ әдісі » бойынша талқылау.

6.     « Микрафон әдісі » бойынша қорытындылау.

 

1.     Самурай деген сөз нені білдіреді?

2.     Сегун дегеніміз кім?

3.     Шаруалар көтерілісінің негізгі талаптары қандай болды?

4.     Халық жиналысы қандай мәселелерді шешті?

5.     Жапон халқының ежелгі қолөнері несімен әйгілі болды?

6.     Жапонияның оқшаулану саясатын қалай түсінуге болады?

 

 

І. Орта ғасырдағы Қытай

ІІ. Ұлы Қытай қорғаны.

ІІІ. Ұлы Жібек жолы.

ІУ. Қазіргі Қытай.

 

І. Орта ғасырдағы Қытай.

Қытай мемлекеті бастапқыда хуанхэ бассейнінде пайда болады да, бірте-бірте өзінің қазіргі шегіне жетеді.  Хуанхэ қытай әдебиетінде «жүректі жарақаттайтын өзен ретінде аталады». Ол өз арнасын жиі өзгертіп, жағалаудағы бос топырақты жырып, көп жерлерді судың астында қалдырып отырған.Қытай – ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел. Әсіресе суармалы егіс кең етек алды. Қытай елі күні бүгінге дейін жібек елі деп аталады.Қытайда жер иелігінің екі түрі болды. Император қолындағы жер мемлекет меншігі деп есептелді. Қытай жеріне көрші тұрған ғұндардан басқа көшпелі тайпалар – моюн, сэньби, танғұт-тибет, тоба т.б. да әлсін-әлсін шабуыл жасап тұрған,бірақ олар өздерінің жеке мемлекетін құра алмаған.

ІІ. Ұлы Қытай қорғаны – Қытайдағы ежелгі қорғаныс құрылысы. Қытай қорғанының құрылысы Қытай тарихындағы Чуньцю  және Чжаньго заманында салына бастаған. Ол кезде Хуанхэ алқабында жеті шағын патшалық жеке-дара өмір сүрді. Олар өздерінің солтүстігіндегі ғұн және дунху сияқты көшпелі тайпалардан қорғану үшін өз шекараларына қорғаныс қамалдарын тұрғыза бастады. Б.з.б. 221 жылы тұңғыш император Цинь Шихуанди өзге алты патшалықтың басын біріктіріп, біртұтас Қытай империясын құрды. Ол әр патшалық тұрғызған үзік-үзік қорғаныс қамалдарын бір-біріне жалғастырып салдырды.

 

ІІІ. Ұлы Жібек жолы– Қытай мен Еуропа елдерінің арасын байланыстырған сауда жолы. Ұлы Жібек жолының кей тармақтары сол кезде-ақ іске қосылған. Негізінен, «лазурит жолы», «нефрит жолы» және «құндыз жолындағы» сауда қызып тұрды. «Лазурит жолы» - Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауларында өндірілген лазурит тасы тасымалданатын жол. Лазурит бұл елдерде өте кәделі саналып, аса жоғары бағаланған. «Нефритжолымен» қытай патшалары мен бай-шонжарларына арналып жасалатын зергерлік әшекей бұйымдарға қажетті асыл да әдемі гауһар тас, нефрит Қашқардан Қытайға тасымалданған. «Құндыз жолымен» бағалы аң терілері әр елге таралған. Б.з.д. I мыңжылдықтың ортасында «дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.

Ұлы Жібек жолы – бұл  саяси дипломатия айнасы

ІУ. Қытай Халық Республикасы ‎ — Жұңxуа Халық Республикасы; жеңіл. қытайша: пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет. Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет, жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында.                                           

Қытай-Қазақстан қарым-қатынасы өміршеңдігінің бас­тауы олардың дамуы екі ел халықтарының мүдделеріне түбегейлі жауап беретіндігінде және екі елдің тұрақтылықты сақтау мен дамыту талапта­рына  толық сәйкес жүргізіле­тіндігінде жатыр деп ой түюге негіз бар. Бұл арада екі мемлекеттің де ынтымақтас­тықтың арқасында нақты тиімділік пен өзара пайда көріп отырғанын, қай тарап артық­шы­лыққа ие немесе бірі екіншісіне қысым көрсетуде деген тұрғыда сөз қозғалуы мүмкін емес екенін атап көрсеткен абзал. Қытай мен Қазақстанның ынтымақтастығы шын мәнінде  өзара пайдалы негізде жүргі­зіліп, қос тарапқа да нақты пайда әкелуде. Қытайдың дамуы Қазақстан үшін қатер емес, үлкен мүмкіндіктер

 

Батыс   Еуропа – Батыс Қытай» транзит дәлізін салу идеясын ҚР Президенті   Н.Ә.Назарбаев ұсынған болатын., 2009 жылғы 16 сәуірде Пекинде ҚХР   Коммуникация министрліктері арасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік   дәлізін құру жайында меморандумға қол қойылды. Транзиттік бұл дәліз   Санкт-Петербургтан басталып, Ұлы Жібек жолының бойында жатқан Қазақ даласын   көктей өтіп, Қорғас кеден бекетінен Қытай асады.




Бекіту сұрақтары:

1.     Ежелгі Қытайлықтар шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан?

2.     Қытайда жер иеліктерінің қанша түрі болды?

3.     Орта ғасырдағы Қытайдың саяси құрылымы қандай болды?

4.     Ұлы Жібек жолының негізгі бағыты қандай болды? Неге Жібек жолы деп аталды?

5.     Ұлы Жібек жолы Қазақстанның қай өңірінен өтті?

6.     Ұлы Қытай қорғанының салыну себебі?

7.     Жібек жолының қазақ елі үшін қандай маңызы бар?

 

 

Критерий арқылы бағалау.

 

Өзін – өзі бағалау парағы

Оқушының аты-жөні:                                                                           Сыныбы:   

Критерий

 

Түсініктеме

Баға (1-3балл)

 

Бүгінгі сабаққа

дайындығым



 

Сабақ барысындағы белсенділігім



 

Топтық жұмысқа қосқан үлесім



 

Қорытынды

 



 

 

Үйге тапсырма:1. §26.Орта ғасырдағы Қытай .

                              2. Қытай мемлекеті (эссе жазу).

Ашық сабақ: Қазақстан Ресейдегі 1905-1907 ж. революция кезінде
Сабақ жоспары: Тың және тыңайған жерлерді игеру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу