Түркістанда салынған үйдің сапасы төмен (видео)

Oinet.kz 02-08-2024 1012

Түркістанда осыдан бірнеше ай бұрын пайдалануға берілген үйдің сапасы нашар болып шықты. Қаланың жаңа орталығында, облыстық әкімдіктен бар-жоғы бес жүздей метрдей қашықтықта орналасқан  «Сауран» тұрғын үй кешенінің (Жаңақала, 39/1) тұрғындары бізге осыған қатысты арыз-шағымдарын жолдаған болатын. 

Screenshot_2.jpg

Арызданушылардың айтуынша, аталған тұрғын үй кешеніне тұрғындар осыдан бірнеше ай бұрын қоныстанған. Үй Тоқтар Усібәлиев басқаратын Түркістан облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы бойынша салынған. Құрылысты мердігер «КазЭлитр Строй 2050» ЖШС-і жүргізген.  Пәтерлер үй кезегінде тұрған отбасыларға  мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген. Қазір олардың әрқайсысы ай сайын банкке 80-100 мың теңгеден ипотекаға ақша құйып отырады. Енді осыншама қыруар қаржымен сатып алынған үйдің жағдайына тоқталсақ.

Screenshot_3.jpg Screenshot_4.jpg

Тұрғындардың айтуынша, тұрғын үйдің кіре беріс есіктері дұрыс орнатылмаған. Қисын, дұрыс жабылмайды. Ал пәтерлердегі шкі есіктер мен терезелердің алқа-салқасы шыққан, талапқа сай орнатылмаған. Жертөледегі канализация, ауыз су жүйелерінде ақаулар көп. Соның салдарынан кейде жертөленің іші суға толып қалады. Тұрғын үйдегі екі лифтінің біреуі істемейді. Екіншісін пайдалану қауіпті, дәлірегі қорқынышты. Өйткені ол жұмыс істеу барысында қатты дірілдейтін көрінеді. Дәліздердегі өрт сөндіру құралдары да талапқа сай қойылмаған. Тұрғын үйдің электр жүйелері де жиі істен шығады. Себебі жертөледегі трансформаторлардың біреуі әлі қосылмаған. Берілгеніне аз уақыт болса да үйдің сырты сылақтары түсе бастаған. Ауладағы жарықтар мен көгалдандыру,  асфальттау бойынша да тұрғындардың айтар шағымдары бар.

Screenshot_5.jpg Screenshot_6.jpg

Осы жөніндегі шағымдар мердігерге де  айтылған. Бірақ компания жіберген кемшіліктерін қалпына келтіруге асықпайтын көрінеді.   

Қаланың орталығында, облыс әкімдігінің дәл қасында тұрған үйдің жағдайы осындай. Ең қызығы, осындай қисық есікпен, алқа-салқа, терезелермен, су тамшылап тұрған құбырлармен, істемейтін лифтімен бұл тұрғын үй мемлекеттік қабылдаудан қалай өткен?  Түркістандық шенеуніктерді осындай нысанды қабылдап алуға, пайдалануға рұқсат беруге не мәжбүр етті десеңізші?! Бұл түптеп келгенде баспаналы болсақ деп, айлық жалақысынан жырып, ай сайын жүз мыңдап ипотека төлеп отырған халықтың сенімі мен үмітіне жасалған қиянат емес пе? 

Қасиет ӨМІРБЕК.

Толығырақ төмендегі видеода.

       

Министр «Жаңбыр адамға» сенбейді
"Тамара Дүйсенова жиен әпкем". Шымкентте вице-премьердің атын жамылған алаяқ сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу