Министр «Жаңбыр адамға» сенбейді

Oinet.kz 02-08-2024 559

 zhan-byr-adam-atalyp-ketken-altay-aynabektin-zhobasyna-k-atysty-ministrlik-pikir-bildirdi_1721813329.jpg

Әлеуметтік желіде «Rainman» деген атпен танымал Алтай Айнабек жасанды жаңбыр жаудыру технологиясы арқылы Арал теңізін қайта қалпына келтіргісі келетінін айтқан еді. Бүгін журналистер оның бұл бастамасына қалай қарайтынын Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтан сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

– Нақты сол күндері Қазгидрометтің болжамы бойынша жаңбыр жаууы керек болатын. Алғашқы он күндегі болжам нақты болды. Дүние жүзінде болжаммен айналысатын ғалымдар мен тиісті мекемелер осы тәсілді зерттеп айтуы бойынша бұл адам сеніңкіремейтін, нақты қолдануға дәлелі жоқ тәсіл. Көрсеткен Арал өңіріндегі жаңбырды айтсақ, бұл жерде қызығушылық таныттық, өзіміздің Қазгидромет мамандарды шақырдық. Біздің болжам бойынша сол күндері жаңбыр жаууы керек болған. Сол себептен дүние жүзінің ғалымдарының ұстанымын айтсақ, бұған сене беруге болмайды, – деді министр Үкіметте.

Десе де, Ерлан Нысанбаев жалпы Алтай Айнабекпен кездесуге болатынын айтты.

Әлеуметтік желіде Алтай Айнабекті «жаңбыр адам» атап кеткен. Бұған себеп те жоқ емес. Өнертапқыш Аралды суға толтырамын деп жасанды жаңбыр жауғызумен айналысқалы бері елдің оңтүстігі мен орталығы жауыннан көз ашпай жүр. Айнабектің өзі де жаңбырлы ауа райына технологияның әсері барын жоққа шығармайды.

 


Балалар темір жолы—шымкенттіктердің сүйікті орнына айналды
Түркістанда салынған үйдің сапасы төмен (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу