Балалар темір жолы—шымкенттіктердің сүйікті орнына айналды

Oinet.kz 26-07-2024 315

2.jpg 

Шымкенттің әкімі  Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен мегаполисте көріктендіру, абаттандыруға қатысты жақсы жобалар іске асуда. Солардың бірі балалар теміржолының жаңа серуендеу аймағы ретінде пайдалануға берілгеніне біраз уақыт болды.

--Бүгінде Орталық стадион мен Дендросаябақ аралығындағы серуендеу аймағында жүгіру және велосипед жолдары, воркаут алаңдары тұрғындар үшін өте қолайлы жер болып тұр,-деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Ол жерде тек тұрғындар ғана емес, сонымен бірге қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелердің спортшылары күнделікті жаттығу жұмыстарын өткізуде.

Жуырда қала әкімі Ғабит Сыздықбеков тұрғындармен бірге заманауи талапқа сай абаттандырылған балалар теміржолы аумағын аралап қайтқан болатын.  Мегаполис басшысының тапсырмасымен, қараусыз қалған аумақ жан-жақты зерделеніп, жаңа серуендеу аймағының тұжырымдамасы дайындалды. Жоба бойынша халыққа қолайлы, серуенге ыңғайлы, қауіпсіз аймақ аймақ жасау көзделді. Сонымен қатар, спорттық алаңшаларға да орындар қарастырылған.
Орталық стадионнан Денросаябаққа дейінгі шамамен алты шақырымды құрайтын жолда жүгіру және велосипед жолдары, воркаут-алаңдары бар. Осы алты шақырымдық жол түгел асфальтталған. Алдағы уақытта азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін мұнда бейнекамералар орнатылады, сондай-ақ турполиция тәулік бойы патрульдеу ұйымдастырады.
Нысанның тарихи келбеті сақталуы үшін станцияларға жаңартылған вагондар қойылады.
Сонымен қатар жол бойынан халықтың игілігі үшін кофеханалар ашылады.
Айта кетейік, нысан демеушілер есебінен жасалын
ды. Қалада алдын үш нысан демеушілердің көмегімен халық игілігіне берілген болатын.

 


Шымкент: Халықтың талап-тілегі назарға алынды
Министр «Жаңбыр адамға» сенбейді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу