Шымкентте басқарма басшысының үстінен қылмыстық іс қоғзалды

Oinet.kz 10-09-2026

images (1).jpg 

Шымкент қаласындағы Тұран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Мұрат Бейсенбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растаған. Бұл туралы zhasalash.kz порталы хабарлады.

Бұған дейін журналист Михаил Козачков Telegram-арнасында Бейсенбаевтың 1 қыркүйекте ұсталғаны туралы ақпарат таратқан. Оның мәліметінше, шенеунік қарамағындағы қызметкерлер арқылы кәсіпкерлерден ұйымның оң қорытындысын шығару үшін жүйелі түрде ақша алып отырған.

Осы ақпаратқа байланысты БАҚ ҰҚК-ге ресми сауал жолдады. Комитет қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады. Алайда ведомство істің мән-жайына қатысты қосымша ақпарат бермеді.

 «Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлады ҰҚК.

Мұрат Бейсенбаев Тұран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын 2023 жылғы 24 мамырдан бері басқарып келеді.

 


Сыздықбековті не күтіп тұр? Үш жылда үміт қаншалықты ақталды?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу