Дархан Қыдырәлі: Қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасады

Oinet.kz 02-09-2026

 1.jpg

Белгілі ғалым, Ұлттық ғылым академиясының академигі, экс-сенатор Дархан Қыдырәлі  1 қыркүйек –Білім күнінде мектеп оқулықтарына қатысты өте өзекті мәселені көтерді. Экс-сенатор тарих оқулықтарында кеткен қателіктердің әлі күнге түзетілмей келе жатқанын қозғады.  

--Ұлттық сана тарихи сана арқылы қалыптасады десек, қате тарихтан жаңылыс түсінік қалыптасатыны анық. Сондықтан бұл өте ойлатарлық, дабыл қағарлық жайт болса керек.  Біз 2024 жылы 11 қаңтар күні осы мәселеге орай депутаттық сауал жолдаған едік. Онда Үкіметтен тарих оқулықтарындағы қателіктерге назар аударуды және Жошы ұлысының 800 жылдығын арнайы атап өтуді сұраған едік. Сонымен қатар “Мектеп оқулықтары көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Оқулықтарға қазақ мемлекеттілігінің бастаулары туралы соны деректер енгізу керек. Мәселен тарихи Талас құрылтайы өткен, Жетісу мен Сыр арасында құрылған Моғолстан мемлекетіне 6-7 сыныпқа арналған оқулықта 1 параграф, 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде, Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі” деп, қазақ тарихының Ұлық ұлыс - Алтын Орда сынды жарқын беттерін көптеп енгізуді ұсынған болатынбыз,--деп жазған академик фейсбуктегі парақшасында.  

Д.Қыдырәлі бұл сауалға жауап келгенімен, оның жауабы көңіл көншітпегенін, тарих оқулықтарындағы олқылықтардың әлі күнге жойылмағанына қынжылыс білдірді.

--Бұл қателіктерге кімдер жауапты, оқулықтар қалай қате басылып кеткен, енді қалай және қашан түзетілмек сияқты сан сауалдар алдымыздан шығады.  Осы оқу жылында тарих оқулықтарындағы олқылықтар жойылады деп үміттенеміз,--дейді академик.

 


Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған элиталық қонақүй IT-хабқа айналады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу