Ерлан Қарин—Вице-президент

Бүгін Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымына ұсынған Ерлан Қариннің кандидатурасы депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Жаңа Конституцияға сәйкес, Вице-президентті Президент тағайындайды. Алайда бұл үшін Құрылтайдың келісімі қажет. Осыған байланысты Президент Құрылтайға Ерлан Тынымбайұлы Қариннің кандидатурасын ұсынған болатын.
Ерлан Қарин 1976 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша тәмамдап, кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасында білім алған.
Еңбек жолын 1996 жылы Ақтөбе қаласындағы мектепте тарих және география пәндерінің мұғалімі болып бастаған. Кейін саяси зерттеулер саласында қызмет атқарып, Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігін басқарды. Әртүрлі жылдары Премьер-министрдің кеңесшісі, «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2008 жылы Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімін басқарды. Кейін «Нұр Отан» партиясында стратегиялық даму мәселелерімен айналысты. 2014 жылы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, 2017 жылы «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы болды.
Соңғы жылдары Ерлан Қарин Президенттің кеңесшісі, Мемлекеттік хатшы, Мемлекеттік кеңесші қызметтерін атқарды. Биыл шілде айынан бастап ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды.


