Сабақ жоспары: Тың және тыңайған жерлерді игеру

Oinet.kz 04-10-2020 2131

Абдрахманова Вазира

Сайрам ауданы, №41 Жамбыл атындағы жом, тарих пәні мұғалімі

 

І.  Сабақтың тақырыбы:  Тың және тыңайған жерлерді игеру

ІІ.Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділік: тың және  тыңайған жерлердің игерілуінің мәнін ашып көрсету.

2.Тәрбиелік: тарихи оқиғалар арқылы оқушылар ды адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша танымды дамыту, талдау, жинақтау, қорыту, салыстыру, жіктеу және  жүйелеу.

ІІІ.Сабақ типі:  жаңа тақырыпты игеру сабағы.

IV.Сабақ түрі: Аралас сабақ

Алғышарттар:

-Оқушылар  тыңды игерудің Қазақстан экономикасына пайдасы мен зияны туралы білуі керек.

-Оқушыларда топ ішінде тиімді түрде жұмыс жасау дағдылары болып, олар бірін- бірі үйрете білуі керек.

V. Бағалау. Оқушылар  Венн диаграммасы  тәсілін  қолданып, тақырып бойынша өз ойларын келтіреді.

VІ. Пән аралық байланыстар:  Құқық негіздері, әдебиет.

VІІ. Сабақ жабдығы: 1.Қазақстанның картасы. 2.«Қазақстан» альбом-кітап. 3.Суреттер, аудиокассеталар, слайдтар.  4. Қағаздары (А-4), маркерлер, скотч.

VІІІ. Уақытты меңгеру:

«Проблема айқындау» кезеңі -15 минут.

«Проблема шешу» кезеңі – 10 минут.

«Проблема шешімін қолдану» кезеңі   -20 минут

ІХ. Дәрістің барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Аралас сабақ.

3. Қорытынды.

4. Үйге тапсырма.

 

 

                           1.  «Проблеманы айқындау» кезеңі

Ой сергіту:

«Өз тобыңдағыларға тілегенді- басқа топтағыларға тіле!» атты ойсергек -1 минут.

Әр топ бір параққа кезекпен бір тілектен жазады.

Әртоп өздері жазған тілектерін көрші топпен алмасады.

Әртоптан бір оқушы көрші топтың тілегін дауыстап оқиды, алғыс білдіреді.

 

Топтық жұмыс. Топтағы адам саны алтыдан аспауы керек. «Команда таңдау» әдісі бойынша тақтаға команда аттарын белгілейтін  төрт сөз жазылады; Барыс, Сұңқар, Арман, Намыс, Өлкетану, Тарих , Ақиқат, Болашақ, Қыран, Бүркіт.

Оқушылар топ ішінде дәптерлеріне жазған ойларымен бөліседі, өз жауаптарын толықтырады. Содан кейін олар топтың атынан ортақ  жауап дайындайды -2   минут.

 

Топтық жұмысты жариялау. Әр топтан спикер берілген уақыт ішінде сөйлеп, топ жұмысының нәтижелерін қорытындылайды. Бұл жерде барлық топтардың жұмысқа белсене араласып, сұрақ қойып, пікір таластыруын болдырып отыру керек- 6  минут.

1.Бірінші топқа.

Тың игерудің Қазақстан экономикасына пайдасы қандай?

2.Екінші топқа.

Тың игерушілердің алғашқы табыстарға жетудегі еңбектегі ролі қандай болды?

3.Үшінші топқа.

Тың игерілген аудандарда қанша мәдени, экономикалық өзгерістер болды?Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде әкімшіл әміршіл басқару жүйесінің мәдениет пен ғылымның дамуына тигізген қандай кері әсерлері болды?

4.Төртінші топқа.

Тың жерлерді игеру саясатының жағымды, жағымсыз салдары қандай?

 

І топ.

1.Тың игерудің қазақ экономикасына пайдасы қандай?

            Тек бір жылдың ішінде ғана (1954ж. наурыздан 1955ж. наурызға дейін) республиканың тың жерлерінде 337 жаңа совхоз құрылды, бұлардың жалпы жер көлемі 17млн.га, мұның ішінде 10млн. гектардан астам егіске жарамды жер юолды. Жаңа астық совхоздары ең алдымен тыңның дені игерілген Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Повлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында құрылды.

            Совхоздар астық өндіретін жоғары механикаландырылған ірі кәсіпорындар ретінде құрылды. Бір шаруашылыққа орта есеппен 25-30 мың га егістік жерден келді. Байырғы совхоздар да ұйымдастыру-шаруашылық жағынан нығайды. 1955 жылдың аяғында Қазақстанда 631 совхоз жұмыс істеді.

            Коммунистік партияның назарынан колхоздар да тыс қалған жоқ. КПСС Орталық Комитетінің 1954 жылғы ақпан-наурыз Пленумында «ауыл шаруашылығы жөнінде алға қойылып отырған міндеттерді орындалудың аса маңызды шарттарының бірі колхоздарды ұйымдық-шаруашылық жағынан онон әрі нығайта түсу болып табылады» деп атап көрсетілді. 1955 жылдың аяғында республикада балық аулайтын колхоздардан басқа, 2702 колхоз болды. Оларға 464 машина-трактор станциясы қызмет етті.

            Қазақстанның партия, совет органдары ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруді көбейтуге колхозшылардан материалдық ынталығын арттыру, колхоздарды білікті басшы, агро-техникалық және механизатор кадрлармен нығайту жөнінде бірталай шараларды жүзеге асырды. Колхоздарда дәнді дақылдар егісін механикаландырудың дәрежесі 99% дейін, ал оларды жинау 98% дейін көтерілді.

            1954 жылдың көктемінен бастап тың көтеру жұмысы өрістеді. Совхоздарда, МТС-тер мен колхоздарда трактор-егіс бригадалары құрылды. Жас тракторшылар бригадаларының бүкіл одақтық социолистік жарысына жастар қосылды. Қазақстан совхоздары МТС-терінің көптеген комсомол-жастар бригадалары жұмыс істеген алғашқы жылдың өзінде – ақ екпінді еңбектің үлгісін көрсетіп, жоспарлы тапсырмаларын едеуір асыра орындап отырды.

 

ІІ топ.

2. Тың игерушілердің алғашқы табыстарға жетудегі еңбектегі рөлі қандай болды?

Ой-түйіндеме: Егіс даласының еңбеккерлері партия шақыруын қызу қолдап, 1956 жылы тыңның алғашқы мол астығын өсірді. 1956 жылғы егін орағының ерекше қиындықтары болды. Республикада бұрын еш уақытта осынша зор алқаптан астық жиналып көрмеген еді.

            Совет адамдарының еңбектегі жаппай ерлігінің нәтижесінде 1954-1955 жылдары КСРО-да 13,4 млн.га жаңа жер жыртылды. Қазақстанда 1954-1955 жылдары 6,5 млн.га тың жер жыртылды. Тың игеру жылдарында Қазақстанда 25 млн.га жер жыртылды, бұл бүкіл еліміз бойынша игерілген жердің 60,6% еді. 1954-1959 жылдары тың және тыңайған жерлерді игеруге 20млрд. Сом қаржы жұмсалды. 1954 жылы тың жер астықтың жалпы түсімінің 40%-тен астамын берді, 1949 жылғымен салыстырғанда 1953 жылдары көрсеткіш 3,8 есе артты. Қазақстан 63,4 млн. тонна астықты мемлекетке тапсырды. Тың игеру Қазақстанда тауарлы астық өндіруге одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда 2000кг астық өндіретін дәрежеге жетті.

            Қазақстан диқандарына бүкіл ел көмекке келді. Совхоздар мен МТС-тер өнеркәсіппен егін жинайтын қосымша ондаған мың машина алды. 1956 жылғы егін орағы кезінде республиканың егіс далаларында 2 миллионнан астам адам жұмыс істеді. Астық жинауға 64 мың комбайн, жүз мыңнан астам жүк автомобилі және басқа да көптеген ауыл шаруашылық машиналары қатыстырылды. 1956 жылы республикада 600млн. астықтың орнына млрд. Пұт астық қамбаға құйылды. Тың жерлерді игерудегі, елімізде ірі астық базасынжасаудағы табыстары үшін Қазақ КСР-і 1956 жылы Ленин орденімен марапатталды. Бүкіл одақтық ауыл шаруашылық көрмесінде республика 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

 

ІІІ топ.

3.Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде әкімшіл-әміршіл басқару жүйесінің мәдениет пен ғылымының дамуына тигізген қандай кері әсерлері болды?

Ой-түйіндеме: Елуінші жылдардын аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы едауір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да көптеген ауыл шаруашылық техникасын алды. Тың игеру барысында Қазақстанда көптеген қалалар бой көтерді. Өнеркәсіп орындары көптеп салынды. Жаңаң темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру Республиканың экономикалық күш қуатын бұрын-сонды көрмеген дәрежеге ілгерілетті. Халықтың саны едәуір көбейді. Халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Тың игерілген аудандарда жаңа мектептер ашылды, комсомол жолдасымен бұл аудандарға мұғалім кадрлар келді. 1955-1956 жылдары Республикадағы мектептердің саны 9240-қа жетті, олардың 3022-сі 7-і жылдық және 1117-сі орта мектеп болды. Осы жылдары ауыл шаруашылығының 432,4 мың механизаторы және басқа мамандары дарияланды. Бірақ демографиялық өзгерістерге ьайланысты қазақ мектептері азайды. 700 қазақ мектебі жабылды. Қазақтар балаларын орыс мектептерге бере бастады. Жоғары оқу орындары Ақтөбе медецина институты, Ақмола ауыл-шаруашылық институты ашылды.

 

ІV топ.

Тың жерлерді игеру саясатының жағымды, жағымсыз салдары қандай?

Ой-түйіндеме: Жағымды құбылыстар:

1.      Қазақстан –КСРО-ның негізгі асықты аймағына айналды.

2.      Экономикалық басқа салаларының дамуына әсер етті.

3.      Қазақстан – көп ұлтты республика болды.

4.      Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті.

5.      Жаңа жолдар мен елдімекендер көбейді.

 

Жағымсыз құбылыстар:

1.      Экологиялық жағдай ауырлады.

2.      Мал шаруашылығы төмендеді.

3.      Тың игеру экстенсивті әдіспен жүргізілді.

4.      Жер-су арттары орысша  аталды.

5.      Республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді.

6.      Тілдік жіне демографиялық ахуал өзгеріске ұшырады.

7.      Тың жерлер үшін егістіктің тиімді жүйесі тың игеру басталғаннан кейін 20 жыл өткенде ғана құрылды.

 

Топ.

Сұрақ: Тың игеру мал шаруашылығына қандай әсерін тигізід?

Ой-түйіндеме: 1951-1952 жылдары мал шығыны көп болды. Тың игеру жылдарында мал шаруашылығының артта қалу себептері:

-          Күштеп ұжымдастырудың зардаптары.

-          Материалдық – техникалық базаның жеткіліксіздігі.

-          Жайылымдық жерлердің қысқаруы.

-          Өмірге қажетсіз экономикалық заңдарды пайдалану.

1955 жылы қаңтарда КОКП ОК пленумы мал шаруашылығын дамытудың іс-шараларын жүргізді.Олар:

-          47 колхоз, 225 совхоз өндіретін шаруашылықтар болып қайта құрылды.

-          Жем-шөп базасы кеңейтілді.

-          Малды бағып күтудің жаңа әдістері енгізілді.

-          Техникамен жабдықтауға көңіл бөлінді.

-          Жаңа жайылымдар бөлініп, суару ісін жақсарту үшін құрылыстар салынды.

-          Мал шаруашылығына 2 мыңға жуық жоғары білімді мамандар жіберілді. Мал

шаруашылығын дамытуда еңбек ерлігін танытқан кімдерді білесіңдер?

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Айдарлы колхозының шопаны Жазылбек Қуанышбаев мал шаруашылығын дамытуда үлес қосқан, Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Ол жүн мен қаракөл терілерінің сапасын арттырған. Қаракөл терілері Дели, Бухарест, Познань, Нью-Йоркте өткізілген аукциондар мен жәрмеңкелер көрсетілді. Ол 1958 жылы екінші рет «Орақ пен балға» алтын медалімен марапатталған тұлға.

 

Топ.

Сұрақ: Тың және тыңайған жерлерді игерудің тарихи маңызы қандай?

Ой-түйіндеме: Тың эпопеясы бүгінгі көзқараспен қарайтын бұл қадамның қаншалықты аталғаны туралы пікір таласуға болады. Тарихи деректемелер, суреттерді қарай отырып, тың игерушілердің құлан даланы игеріп, жан бітіргенін көре отырып сонау қиындықты жеңген халықтың еңбек майданындағы ерлігінің нәтиесі бүгін жемісін беріп отыр деп ойлаймын. Себебі, олардың ерлігі бүгінгі жастардың патриоттық сезімін оятуда үлгі және бүгінде Қазақстан дүниежүзінде астықты экспортқа шығарудан бірінші орын алып отыр. Бұл жетістікке сонау 1954-1956 жылы тың майданында еңбек еткен ерлердің үлесі деп білеміз.

            Тыңды игеруге келген өзге ұлттар арасындағы ьайланыс Қазақстанның көп ұлтты мемлекет болып қалыптасуына негіз болды және ұлттық достық қатынас ел экономикасының дамуына үлес қосты.

            Бүгінгі сол мидай далада үлкен, әдемі қалалар, ауылдар бой көтерген. Халық қоныстаған. Соған дәлел ретінде, Целиноград бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның астанасы Астана қаласы болып отыр. Астана қаласының өзгеруі дүнме жүзі елдерін таң қалдыруда. Несімен? Архитектуралық құрылысымен.

             Қазақстанның солтүстік өңірінде дамыған өндірістік аудандар пайда болды. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек азық-түлік мәселесін шешу үшін жылына бір тонна астық өндіріліп отыруы шарт екен. Бүгінде сол елдердің қатарында Канада, АҚШ, Дания, Франция, Венгрия, Румыния мемлекеттері тұр. Дүние жүзінде егіс алқаптарында 90-95 пайызына жұмсақ бидай егіледі, ал Қазақстанда бидайдың сапасы сорттары жоғары қатты сорттары егіледі. Еліміз тың игеру нәтижесінде өз қажеттігімізді толық өтеуге және дүние жүзілік рынокка технологиясы жоғары астық шығаруға мүмкіндік алды. Еліміздің биыл тың және тыңайған жерлер игергеніне 58 жыл толып отыр. 58 жыл тарихы бар бұл оқиғаның тарихта алатын орны ерекше, себебі жарты ғасыр ғұмыры бар бұл дала бүгінде гүлденген, алтын асықтың ордасы, ол бізідің тіршілік көзіміз.

            Осы оқиға туралы жазған Л.И.Брежневтің «Тың эпопеясында» «Нан болса, ән де болады» - деген сөз жолдары тыңның 58 жылдық тарихын көрсетеді. Бұл еңбек жастарымыздың болашаққа деген құлшынысына ой түсіреді, себебі біздің бабаларымыз соғыс майданында да, еңбек майданында да қандай қиындық болса да, қайсарлық пен төзімділік танытты.

2. «Проблеманы шешу» кезеңі

Ой сергіту: Ішіңізден айтып, уш тілекті алақанға салыңыздар, сосын құлашты кең жайып айтыңыздар, сосын жүрекке салып қойыңыздар.

Тапсырма.  Тың игерудің Қазақстан экономикасына пайдасы мен зияны.

Үш топтан тақтаға үш оқушы шығады. Венн диаграммасы бойынша үш оқушы Столыпиннің реформасы мен Тың игерудің айырмашылығы мен ұқсастықтарын жазады. Төртінші топ оқушылары бағалайды.

 

1.Венн диаграммасы.

Столыпиннің реформасы                                                              Тың игеру 1954-1960жж.


Айырмашылығы:1. Патшалы Ресей кезінде.

2.Мақсатты түрде жүргізілді.

3.Шаруалар қауымын тарату үшін.

4. 45млн.десятин 5.1,5млн.адам.

6. Азық түлік мәселесінің ешілуі.

Ұқсастығы:

1.Қазақтың шұрайлы жерлерін алуы.

2.Келімсектердің ағылып келуі.

3.Әкімшілдік-әміршілдік әдіспен жүргізілуі.

4. Мемлекет тарапынан қолдау болуы.

5. Ғылымға сүйенбеген.

6.Қазақ ауылдарының тозуы.

7.Жаман әдеттердің тез тарауы.

1906-1926ж.ж.


2. Проблеманы шешу. «Тың өзін экономикалық жағынан ақтады ма?»

Дискуссиялық карта

 

Иә

Жоқ

1.Экспортқа   бидай шығару. Қазір Қазақстандағы бір адамға жылына 2 мың кг. астықтан   келеді, ал дүние жүзілік тәжірибеде әр адамға 1 мыңкг. жеткілікті, яғни   Қазақстан шетке астық шығара алады.

1. Саяси салдары: тың игерукеңес өкіметінің өмірін тағы да ондаған жылдарға ұзартты.

2. 332 совхоз құрылды,   бұлардың арасында тас жол, байланыс жүргізілді.

 

 

2. Экономикалық   салдары. Тың жақсы өнімді үш ақ жыл берді: 1956, 1957, 1958. Ал,   1959 жылдан бастап әр гектарына 4-5 ц.өнімберді. 1962 жылы КСРО ашаршылық   алдында тұрды. Бұны мынадай үш фактілермен дәлелдей аламыз.

    1.1962ж.Новочеркаск оқиғасы.   Халық шеруге шықты». Бізге, май, ет беріңіздер!», деген ұранмен, оларды Совет   Армиясы мен ішкі істер қызметкерлері басып жаныштады.

    2.Факті: 1963   ж. нанға карточка енгізілді.

    3.Факті:   №1963ж.шетелден КСРО астық сатып алды.

    Тыңға 20млрд. сом ақша жұмсалды. Оқымысты   ғалымдар былай дейді;»әр бір гектардан алынатын өнімді 1ц ге арттыру арқылы   тың жерлерді игермей ақ сондай өнімді алуға болатын еді». Яғни 20млрд. сом   ақша желге ұшты.

3. Тек 1954-1956 жылдары 391   мың механизатор, 50 мың құрылысшылар, 3 мың дәрігерлер 1500 мұғалім т.б.   келді.

 

 

      3.Экологиялық   салдары:

      1957-1958 жылдарда Павлодар облысында   топырақ дауылы басталып, 9 млн. га. Жер қуаңшылыққа ұшырады. Орасан зор   көлемде жер жырту қуаңшылыққа әкелді. Оқымысты ғалымдар тың игерілгеннен   кейінгі 25 жылдың 23 жылында қуаңшылық болғанын дәлелдеп отыр. Қазір №25 млн.   гектардың 8-10 млн. гектары жарамсыз.

4.169 мың трактор. 98 мың   комбайн, 78 мың машинаны алды.

       4.   Әлеуметтік салдары: Қазақ ауылдары   тозды. Түкпір-түкпірдегі қазақ ауылдары ірі совхоздарға қосылып кетіп, ондағы   700 қазақ мектебі жабылды. Ауыл село тұрғындарының қосалқы шаруашылықпен   айналасуына тиым салынды, оларлдың малдарын тартып алды, өте жоғары салық   салды. Сондықтан ешкім мал ұстауға ұмтылмады да. Халық дәстүр-салттарынан   ажыратылды, қазақ мектебін жабу тамырды қиғанмен тең. Ауылдарда ұрылар   көбейіп, ауылдардағы есіктерге құлып түсті, бұрын қазақ құлып дегенді   білмеген. Ал қазақтар арасында, тіпті әйеледер арасында арақ ішу әдеті тез   тарады.

5. Көптеген емхана, дүкен,   мектеп, тұрғын үйлер, моншалар, кітапханалар салынды.

         5.Демографиялық салдары: 1954-1960   жылдары Қазақстанға тың жерлерді игеруге батыстан 2 млн. аса адам келді.   Нәтижесінде 1962ж. Қазақстандағы қазақтар 29% болып қалды.

 

Дискуссиялық картаға екі топтың мүшелері қатысады. Қалған екі топ бағалайды.

Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы.

Бұл әдіс бойынша жеке оқушылармен жұмыс жасаймын.

1.      Тың игеру жылдары    (1954-1956)

2.      Бидайдан жасалған сусын. ( Бидай көже)

3.      Жатақ деген кім? (Егіншілікпен айналысатын шаруа.)

4.      Шыңғысхан ұлдарына бөліп берген жерлер  ( Ұлыс.)

5.      Түркілердің жаңа жылы ( Наурыз.)

6.      Неге біздің Елтаңбада және Туымызда бидай символы бейнеленген?

7.      Тың және тыңайған жерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды? (1954ж.)

8.      Тың игеру идеясының авторы? (Н.С.Хрущев)

 

3. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі

 

Ой сергіту: Мен 10 жылдан кейін қандай боламын? Әрбір қатысушы өзінің есімін айтады және 10 жылдан кейінгі жұмыс орнын, сүйікті ісін айтады.

Тыңды игерудің Қазақстан экономикасына пайдасы мен зияны                        (пікірсайыс)

 

Ұйымдастыру бөліміне  оқушыларға нақты міндеттер белгіленеді.

Негізгі ұранымыз: Жан-жақты ойланып, нақты, қысқа-нұсқа жауап бер.

 

Мұғалім негізгі кіріспе сөзі:

-Оқушылар, бүгінгі сайысымыздың сұрақтары өздеріңе алдын ала берілген. Тың игерудің Қазақстан экономикасына пайдасы көп пе немесе зияны көп пе осы жағын екі топтың оқушылары  арқылы талқыға салып көрей ік.Дайындалуға 5 минут.

 

Қатысушылар:

1.      жақтаушы топ «Болашақ».

2.      даттаушы топ  «Ақиқат».

3.      көрермендер тобы

4.      ақылдастар тобы

1 бөлім: Өзіндік пікір енгізу (2 минут)

Бұл бөлімде екі топ ойыншылары кезек-кезек шығып, ойынға қатысушылар алдында өз тақырыптарын ғылыми түрде қорғайды және дәйектемелерін келтіреді. Екі топқа да өз пікірлерін дәлелдеуге 5 минут беріледі.

 

ЖАҚТАУШЫ ТОП (Болашақ)

1-оқушы: Армысыздар  оқушылар   менің қарсыластарым!

Бүгінгі біздің талқыға алғалы отырған тақырыбымыздың 1954 жылғы тың және тыңайған жерді игерудің Қазақстанға тигізген пайдасы және зияны болмақ. Менің ойымша, тың игерудің зиянынан гөрі пайдасы көп деп ойлаймын. 1954 ж. КОКП-ның қыркүйек Пленумы ауыл шаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму перспективасына тоқталды. Сондықтан да өкімет билігінде тың игеру идеясы пайда болды. Астықты молайтудың бір көзі – Қазақстанда, Сібірде, Оралда егін көлемін өсіру қажет деп шешті. Егер жаңа жерлер игерілсе, одан 11-12 млн пұт астық алу көзделді. Тың жерлердің басым көпшілігі Қазақстанның Солтүстігіндегі алты облыста – Қостанай, Ақмола, Торған, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.

Тың игерушілерге мынадай әлеуметтік көмек көрсетілді:

1.      Дүние-мүлкімен тегін көшірілді.

2.      Отбасына – 1000 сом жеке мүшесіне 200 сом берілді.

3.      10 жыл мерзімге 10 мың сом несие берілді.

4.      1.5 центнер тегін азық берілді.

5.      1500-2000 сомға мал сатып алу үшін несие берілді.

6.      5 жылға салықтан босатты.

 

      Қазақстанның совхоздарына МТС-тердің жанынан механизаторлар дайындайтындар курстар ашылды. Тың игеруде Қазақстанның ауыл шаруашылық материалдық-техникалық базасы нағайды.

     Совхоздар мен колхоздар 169 млн трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк автомашинасын және басқа да көптеген техникалар алды. Міне, мен тың игерудің тарихы туралы қысқаша тоқталып өттім.

    Мұғалім: Рақмет, келесі сөз пікірін қорғау үшін даттаушы топқа беріледі.

 

ДАТТАУШЫ (Ақиқат)

2-оқушы: Сөз бергеніңізге рақмет. Қайырлы күн құрметті   оқушылар және қарсыластар ! Иә, 1954 ж. Тың игеру басталды. Селеулі далаға ғана емес, халықтың тағдынына да түрен түсті. Тың игеру барысында көптеген жетістіктерге қол жеткіздік десек те, оның зиянын айтпай кету мүмкін емес.

     Себебі, тың игерудің залалы мен пайдасы бірдей. Бірінші,пайдасына тоқталсақ, астық молшылығына кенелдік, ауылшаруашылық техникасына молықтық дейміз. Ал астық егу үшін қазақтың еркін мекендеп келген ұлан-ғайыр даласын жыртып, жойып жібердік.

     Мұндай мүмкіндікті мұқият зерделеп, іс-қимылдың айқын, ғылыми бағдарламасын әзірлеп барып жасаса, Қазақстанның астық өндірісіне кім қарсы болсын?!

     Тіпті тың жерді игеруге әбден ескіріп, тозығы жеткен комбайн, трактор, автомашина берілгендігі жөнінде ешқандай сөз қозғалмады. Экономикасы мәз емес Қазақстанға осындай техникаларды өте жоғары бағаға сатып жатты.

     Тың игеруге қарсы болған Қазақстанның бірінші хатшысы Шаяхметовты орнынан алып тастады. Баспасөз осындай көлеңкелі жақтар туралы ешнәрсе жазбады.

     Мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады. Айта берсек сол кездегі қателіктер шаш етектен:

1. Әртүрлі ұлт араласуынан қанымызды бұзды.

2. Тілімізден айырыла жаздадық. Оның залалы әлі күнге дейін сақталып келеді.

3. Қазақ халқының салт-дәмтүріне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне, менсінбей қараушылық пайда болды. Енді, біздің ойымыз көзімен көрмеген, анық қыр-сырын білмейтін жас ұрпаққа сол кездегі ащы шындықты айту және болашақ ұрпақтың осындай қателіктерді қайталамауын қадағалау.

     Мұғалім: Рақмет, енді осы пікірді толықтырушыларды ортаға шақырсақ. Алғашқы сөз БОЛАШАҚ    тобына беріледі. Уақытыңыз   2 минут.

ЖАҚТАУШЫ

     3-оқушы: Сәлеметсіздер ме, бүгінгі ойынға қатысушылар мен қарсыластарым.

    Менің алдымда сөйлеп кеткен жақтасымның сөзін әрі қарай жалғастыра келе, тың саясатын қолдаймын. Оның пайдалы жағын менің жақтасым өзінің айқын дәлелдемелерімен көрсетті.

     Мен халықтың тілі, білім алу және сол кездегі қазақ ауылдарының орысша атауға ауысу себептері жайлы айтпақпын.

     Ең бірінші тіл мәселесі. 50-ы жылдардың ортасына таман қазақтар азшылыққа айналды. Олардың ана тіліне деген сұранысы мүлде төмендеп кетті. Қазақ мектептері жабыла бастады. Көптеген отандастарымыз балаларын ана тілінде оқытудың ешқандай мән-мағынасы жоқ екндігін түсінеді.

 

     Алайда қазақтар ана тілін ұмытқан жоқ. Олардың орыс тілін уйренуінің себебі – мемлекетті орыстар басқарғандығында. Маман-кадрлар да орыс жерінен келген. Ал осынша адаммен ортақ келісімге келмеу мүмкін емес. 1962 жылғы санақ бойынша 29% қазақ болса, қалған 71% -ы өзге ұлт өкілдері. Сол себепті қазақтар орыс тілінде сөйлейді.

       Екінші мәселе тың игеру кезіндегі колхоздар мен совхоздардың рөлі. 1954 жылдың көктемінен бастап жерді зерттеу, іріктеу жұмыстарына Мәскеу, Украинаның ғалымдары, ботаниктер, гидрогеологтары, т.б. көп жұмыс істеді. 1 жылдың ішінде 337 жаңа астық совхоздары құрылды. Тың алғашқы күннен бастап адамдарға интернационалдық тәрбие, еңбекке шыңдаудың мектебіне айналды.

     Өз сөзімді қорытындылай келе біз мәдениет, экономика, ғылым жағынан тың игеру саясаты негізінде дамыдық. Тыңдағандарыңыздарға көп рахмет!

   Мұғалім: Рақмет. Келесі пікір толықтыру үшін АҚИҚАТ фракциясына беріледі. Уақытыңыз 4 минут.

 

 ДАТТАУШЫ ТОП     

4-оқушы: Армысыздар, құрметті әріптестер!

Тяқтың екі ұшы болады демекші, әр істің екі жағы болады. Осы тұрғыда мен тың және ьыңайған жерді игерудің Қазақстанға тигізетін зардабын этнографиялық жағынан сипаттаймын.

     Бірінші айғақ:

Демографиялық ахуалды шиеленістіру.

Тың игеру желеуімен 1960 жылдардың басында Қазақстанға 2 млн.-ға жуық адам қоныстанды. Жұмысшы маман жетіспейді деген себептер болды. Барлық көмек келушілерге жұмсалды.

  Жарлының қалтасында жел гуілдейді демекші, осы көмек қалтасына көк тиыны жоқ қазаққа берілсе, жер айырылып ортасына түсе ме?

   Екінші айғақ:

Тіл өз ауқымын тарылтты. Тіпті қазақ тілінде шығатын газет, кітаптар жабылды. Күні бүгінге дейін қазақ тілі өз мәртебесін көтере алмай келеді.

   Үшінші айғақ:

Дінге зиянын тигізді Ислам дінін 75 жыл бойы адам санасын улайтын апиын деп келді. Осыдан дінге деген сенім жойылды.

    Төртінші айғақ:

Салт-дәстүріміз. Біз қонақжай халықпыз ғой. Келген мигранттармен қыз алысып, қыз берістік. Будандар пайда бболды. Бұл біздің қандық құрамымызды өзгертті. Екінші мәрте сөз алмайтындықтан, сөзімді қорытындылаймын. Айдың бетінде де таңба болады дейді. Сол сияқты бұл зардап та таңба болып қала бермек. Елдігімізді, жерімізді, дінімізді сақтайқ, ағайын.

   Мұғалім: Рақмет, осымен бірінші бөліміміз аяқталды, енді екінші қарсы пікір білдіру бөлімін бастаймыз.

  ІІ бөлім: Қарсы пікір білдіру (3 минут)

Екі топтан ең алғаш болып шыққан ойыншылар кезектесіп өз тақырыптарын қорғай келсе, қарсы топтың тақырыбына тоқталып, келтірілген дәйектемелерін әр топ өз тарапынан шынайы жайттар арқылы теріске шығарып, дәлелдеуге тырысады. Уақыт- 3 минут

  ІІІ бөлім. Сұрақ – жауап

Ойын барысында туындаған ахуалға орай көрермендер тобы екі топқа екі сұрақтан қойып, сұрақтарға жауап алады.. Көрермендер тарапынан да сұрақтар қойылады.

   ІV бөлім. Қорытындылау (2 минут)

Екі топта екінші болып шыққан ойыншылар кезек-кезегімен шығып, өз тақырыптарына тоқталып, ұсынған дәйектемелерін барынша тағы бір қорғай келе ойындарын қорытындылайды.

   V бөлім. Көрермендер пікірі

Ойынға қатысушы көрермендер ойын тақырыбы туралы өз ойларын айтып, қай топқа дауысын беретіндігін түсіндіре кетеді.

  VІ бөлім. Ақылдастар алқасының пікірі.

Ойынға бақылау жасаушы арнайы құрылған ақылдастар алқасы тақырып бойынша өз ойларын айта келе, ойынға баға береді. Ақылдастар алқасының сөз сөйлеуі кезінде ойынға қатысушы көрермендерден дауыстар жиналады.

  VІІ бөлім. Жеңімпаз топты атау.

Дауыс беру нәтижесі бойынша көп дауыс жинаған топ анықталып, ойынды жүргізуші мұғалім осы топты ойынның жеңімпазы ретінде атайды. Дауыс беру нәтижесінде    топтың бірі көп дауысқа ие болып, пікірсайыс жәңімпазы атанды. 

Бағалау: Бүгін сабаққа жақсы қатысып,өз пікірлаеріңді білдірдіңдер. Қолайлы орта   жасалды.Ендеше сабаққа қатысқан топтарды бағалайық. Топ басшылары бағалау парағын өткізіңіздер. Оқушыларды марапаттау.

1.      Ең үлгілі оқушы.

2.      Білімд.і

3.      Адамгершілігі мол.

4.      Жан жақты дамыған.

5.      Дүниетанымы мол.

6.      Алғыр.

7.      Зерек.

8.      Еңбекқор.

9.      Дарынды.

10.  Белсенді.

11.  Ізденгіш.

12.  Талапты.

13.  Зейінді.

14.  Білімге құмар.

Жариялау: Үй тапсырмасы Сендер қалай ойлайсыңдар, «Тың игеру сол кездегі қазақ халқының жағдайын шеше алар ма еді?» ойланып, өз ойымыздан эссе жазып келейік.

Үй  тапсырмасы. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

Қазақстан тарихы,А-93 356-359  беттер.

БҮҮ (білетінім, үйренгенім, үйренгім келеді )  стратегиясын орындап келу.

 

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді


Н.Ә.Назарбаевтың тың және тыңайған жерлерді игерудің 50 жылдығына   арналған мәжілістегі баяндамасымен,оқулықпен,қосымша әдебиетпен, тыңның 50   жылдығына арналған баспасөз материалдарымен

Сабақтағы тірек конспектімен жұмыс жасап, оларды оқып отырып, нені   үйренгенін жазады

Қазақстандағы ауыл шаруашылығының болашағы туралыне білгің келеді?   Мысалы; «Жер шарының ғаламдық жылынуы даусыз шындыққа айналды. Бұл жағдай   Америка  мен Еуропаға үлкен   қолайсыздықтар әкелуде. Ал Қазақстанда осы жағдай оның ауыл шаруашылығына   қалай әсеретеді?

 

Кері байланыс. -1  минут.

Сабақта қарастырған мәселелердің сіздер үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыздар?

Бірлескен жұмыс түрлері қызықты болды ма?

Сабақ қызықты өтті ме?

Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?

Шығу парағын толтыру. «Аноним»

1.      Нені үйрендік?

2.      Сұрақ, пікіріңіз.

3.      Ұсыныс.

Сабақ жоспары: Орта ғасырдағы Қытай
Сабақ жоспары: Алтын киімді адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу