Сабақ жоспары: Терінің қызметі мен құрылысы
Сапарова Маржан Данаевна
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы,
Досбол ауылы №155 Д.Шыныбеков атындағы
орта мектебінің биология пәні мұғалімі
Пәні: Биология
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Терінің қызметі мен құрылысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Терінің құрылысы мен қызметін түсіндіре отырып, теріні күту жолдарын меңгерту.
Дамытушылық: Оқушының өзіндік ізденісін, жеке бас гигиенасын сақтауға үйрете отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды теріні күтуге, тері ауруларын алдын алуға және гигиеналық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Ішінара ізденіс
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, тірек-сызбалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) сәлемдесу; ә) сабаққа психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Кім жылдам?» ойыны.
1.Бүйректің қабынуы? (нефрит)
2. Бүйрек қызметін реттейтін гармон? (вазопрессин)
3. Бүйректен тәулігіне ағатын қан мөлшері? (1500-1700)
4.Адам бүйрегінің салмағы? (150 гр)
5.Бүйрек ауруларын зерттейтін ғылым? (урология)
6.Бүйрек ішіндегі кеңейген қуыс мүше? (бүйрек астауы)
7.Түнде зәр тоқтамайтын ауру? (энурез)
8.Бүйректің кіші тостағаншалар саны? (8-9)
9.Қуықтың қабынуы? (цистит)
10.Бүйректің орналасқан орны? (бел омыртқаның екі жаны)
Жаңа сабақтың барысы: Ой қозғау
Қорғаныш
қажетсіз заттарды бөлу сезгіштік
жылу реттеу зат алмасу
газ алмасу
Жаңа сабақты бекіту:
«Кубизм әдісі».
1.Зерттеңіз: Қандай тері ауруларын білесіз?
2. Салыстарыңыз: Тері қандай қабаттан тұрады, олардың бір-бірінен ерекшелігі неде?
3. Суреттеңіз: Тері құрылысын суреттеп, сипаттама.
Деңгейлік тапсырмалар:
І –деңгей
1. Тері бездері қай қабатта орналасқан және қандай қызмет атқарады?
2. Терінің сезімтал қызметін түсіндіріңдер.
3. Терінің қосалқы мүйізді түзілістерін атаңдар.Тері астындағы май клетчаткасының атқаратын қызметі қандай?
ІІ – деңгей
1. Дерма терінің қандай қабаты, қандай қызмет атқарады?
2. Терінің маңызы туралы білетіндеріңді айтыңдар?
3. Тері қабаттарын сызба арқылы көрсетіңдер.
ІІІ-деңгей
1.Терінің құрылысын айтыңдар.
2.Терінің қорғаныштық, қажетсіз заттарды бөлу қызметін түсіндіріңдер.
3.Эпидермистің мүйізді және өсуші қабаттарының қызметін жеке-жеке сипаттаңдар.
Шығармашылық тапсырмалар:
«Бес жолды өлең».
Зат есім тері
Сын есім майлы, құрғақ
Етістік созылады, жиырылады
Сөз тіркесі жылу реттейді, тер бөледі, қорғайды
Синоним мүше
Үйге тапсырма: § 53