Ашық сабақ: Қарттарым - асыл қазынам
Калпиева Мирамкул Улыковна
Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
№274 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «Қарттарым - асыл қазынам»
Мақсаты: Оқушылардың бойна халқымыздың қадір қасиетін сіңдіру, үлкенді сыйлай білуге, өз ата бабасын есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, суреттер, шарлар.
Барысы: 1. Ұйымдастыру
2. Кіріспе
3. Әдеби сазды монтаж
4. Концерт
5. Қорытынды
Кіріспе мұғалімнің сөзі
1- Оқушы: Қымбатты ақ жаулықты әжелер мен ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар «Қарттарым асыл қазынам» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2- Оқушы:Қазіргі кезде мемлекетіміз қарттарға көңіл аударып жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасауда. Қазақстанның өсіп өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.
3- Оқушы: Саналы ғұмырларын Отан деп тынымсыз еңбек еткен ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Солардың бірі ұстаздық қызмет атқарған әже Абдреметова Жеңіскүл, дәрігерліктен зейнетке шыққан әжеміз Молдахметова Ұлболсын және Досболов Бердібек ата бүгін бізде қонақта. Қадірлі ата, әжелер бүгінгі мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
4- Оқушы: Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау мүсін
Құрыштай құйған құдірет
Қарттарым аман саумысың?!
5– Оқушы: Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі сақпақ, сөзі нәр
6 – Оқушы: Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
7 – Оқушы: Мерекеңіз құтты болсын ата, әже
Көкіректен жыр төгілмей жатама
Зейнетіне жетіңіздер өмірдің
Кенеліп бір ілтипатты батаға.
8- Оқушы: Құттықтаймыз мейрамыңмен ата,әже!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар,
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде.
Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар
Ана мейір, күн көзімен парапар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан,
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар балалар біз, барлық жақсы тілектерді ата, әжелерімізге арнауымыз керек. Енді мен сендереге жұмбақ жасырайын. Айтары мол ғұлама, көп жасаған бұл адам әкесі ол әкеңнің білер оны сұраған .Ол кім?- Ата. Аймалайды күнім деп, мейірімді жүзі күлімдеп. Тәтті ақ дейді немере, бал шырындай үнім деп. - Ол кім? - Әже.
Дұрыс. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды, іскер, сол үшін қамқорлық іс- әрекеттерін басы жерге жеткенше дамыта береді. Әже әрқашанда баланың басы- қасында болып асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші, басты кісі. Өмір өрнектеріне көп қарайтын әже. Жан жүрегім, жарығым деп, немересін, шөбересін жүрегіне теңейді. Бала, немере туралы ақын Мұзафар Әлімбаев жазған өлеңін тыңдап көрейік.
9- Оқушы: Бала деген бал екен,
Бал дегенің бала екен
Немереңнің бойында
Бар жақсылық бар екен
10-Оқушы: Туған балаң жай ғана
Демесеңде жат бөтен
Нағыз бала ойласаң
Немере екен тәтті екен
11- оқушы: Менің әжем ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем
Ертегі айтып бер десем,
Айтып береді тағы әжем.
12- оқушы: Менің әжем, гүл әжем,
Алтын әжем, нұр әжем
Анам үшін мен үшін
Нағыз әжем тіл әжем.
13- оқушы: Тентек болсам ашынып,
Жақсы іс қылсам асырып
Маған сақтап жүреді,
Тәттініде жасырынып.
14- оқушы: Тосып тәтті дәмдерін
Ол бар жерде бал жедім,
Мен ұйықтарда айтады.
Ертегісін әндерін
Біздің үйде осындай,
Әжетайым бар менің.
15- оқушы:Ата әжем мақтанышым меніңде
Қонақ болып отыр менің төрімде
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді меніңде
Хор. «Ақ әжем»
16- оқушы: Ақиқатты айқындап жариялар
Бара жатыр азайып қариялар
Дауыл соқса бүлк етіп толқымайтын
Бара жатыр сарқылып қариялар.
17- оқушы: Ата бабам ардақты
Жамандыққа бармапты
Ардақ тұтып үлкенді
Ата жолын жатғапты.
Хор.
Концерттік номерлер
Ән апам үшін
Анашым
Мәнерлеп оқу. Әдептілік әліппесі.
Ән «Қошақаным»
Би
Қорытынды