LRT құрылысы жалғаса ма? - Алтай Көлгінов жауап берді

Oinet.kz 10-02-2021 922

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов LRT құрылысын жалғастыру үшін шетелдік инвесторлар іздестіріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

LRT құрылыс.jpg

- LRT құрылысы бәрімізді алаңдатып отыр. Пандемия кезеңінде оны жалғастыру мәселесі тоқтатылды. Өйткені тек Қазақстаннан ғана емес, халықаралық екінші деңгейдегі банктерден де қаржы тарту қажет болып отыр. Қазір бұл жұмыс қайта жанданды. Банктермен келісім жасалса, жұмысты жалғастыра аламыз, - деп түсіндірді Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде.

- Иә, шын мәнінде, бұған дейін салынған LRT бағандары қаланың келбетін бұзып тұр. Құрылысқа көлемді қаражат жұмсалды. Сондықтан бұл жұмысты жалғастыру қажет. Қазір банктермен инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді ол.

Енді Октябрь ауданы Әлихан Бөкейхановтың есімімен аталады
Депутат Паяев Үкіметті Жер кодексі үшін сынап тастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу