Ертегі. Ақ тиін мен қасқыр
Ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.
Ақ тиін жалынып:
- Мені жеме, жібер? – дейді.
- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?
Сонда ақ тиін: - Мені жіберіңіз, сонан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, - дейді.
Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:
- Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта шат болып жүреміз, - депті.