Психология. Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы

Oinet.kz 05-09-2020 860

Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы. Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да онын өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана коймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатьшас жасауын қиындатады.


Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының ауьпқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген семьяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді. В.Г.Короленко өзінің «Соқыр музыкант» деген шығармасында соқыр баланың семьяда ерекше саналып, оның айтқандарын екі етпей бұлжытпай орындал отыратындықтары туралы жазады.


Одан әрі дене кеміст ігі бар адам, сау адамға қарағанда, өзіне деген ерекше әлеуметгік көзқарасты қажет етеді.


Табиғи кемістік адам тіршілігінде ақау туғызады, ол кәдімгі адам денесінін буынынан сүйегі тайғандай ауыр сезінеді, немесе тамақ ішуі мен зәрге отыруы қиындаған ауыр жағдайдың жанына батып, қиналуды басынан кешіреді. Соқырлар мен саңыраулардың мұңдай жайттарды өздерінің үнсіз мойындауьшан және олардың Табиғи кемістігн күнделікті бақылау мен рухани өмірін жүйелі түрде зерттеу нәтижелері арқылы анықталып отырады. Осы уакытқа дейін ғылыми-педагогикалық әдебиетгерде және жалпы түсінік бойынша кеміс балалардың жан дүниесінің сырын зерттеу биологиялық мәееле деп саналып келгені өкінішті-ақ. Адамның кемістігі тек биологиялық тұрғыдан іздестіріліп, оның дене құрылысы мен айналасындағы табиғи нәрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар ұзақ жылдар бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толтыруға болады деген ұшқары пікірді қолдап келді. Мысалы, адамның бір бүйрегін алып тастаса, екінші бүйрегі жүмыс істейді және ол екі бүйректің де жұмысын атқарады деп санады-. Қысқасын айтқанда дене кемістігіне қатысты психологиялық, педагогикалық мәселелерге ат үсті қарап, оларға тек медициналық тұрғыдан ғана жауап берді: соқыр — көзі көрмеушілік, ал саңырау — құлағы естімеущілік деп саналып, мәселенің түйіні соқыр итпен, саңырау қарсақ жайында айтып отырғандай немқұрайды көзқараста болды. Бұл ретте ескерусіз қалған бір жайт бар. Ол хайуанаттардан кемістік адамның тек жеке басына тікелей қатысты деп саналмай, оны әлеуметтік фактор ретінде қарастырған орынды. Өйткені дүниедегі болмыс пен адамның тіршілігін байланыстырушы әлеуметтік орта. Сондықтан адамның құлағы мен көзі оның дене мүшелері ғана емес, сонымен бірге бұл мүшелер әлеуметтік органдар деп те аталады. Әлеуметтік ортадан алынатын мағлұматтар адамға әсер етіп, онан сыртқы ортаға, онан қайтып адамның өзіне оралады. Адамның қарым-қатынасы әлеумет ортасы болмаса жалаң күйінде жүзеге асуы мүмкін емес. Көз бен құлақтың кемістігі ен алдымен әлеуметтік қызмет атқаратын органдардың қатардан шығып, қоғаммен байланыстың үзілуі деп тусіну керек. Мұндай кемістік адамның мінез-құлқының белгілі қалыпты жағдайдан ауытқуы болып та саналады.


Психология мен педагогикада балалардың кемтарлығы жайында мәселені әлеуметгік маңызды мәселе ретінде қарастырып, оны әдеттегі екінші кезектегі іс деп санамай, адам тіршілігіндегі басты мәселе ретінде бағалауды кажет етеді.Бұл мәселенін мән-жайын жете бағалап, оны аса қажетті деп қараған әділетгі болмақ. Егер психологиялық тұрғыдан баланын дене кемістігін әлеуметтік сынық ден санайтын болсак, онда педа-гогикадық тұрғыдан сол денедегі сынықты орнына салып емдеу деп ұғыну керек. Мұндай ойдың шындығын растау ниетімен бірсыпыра қарапайым түсініктерді еске түсірейік.


Ең алдымен біздер дене кемістігі жайында ғылымға жат түсініктерден арылуымыз керек. Мұндай түсінік бойынша та-биғаттын өзі кеміс мүшенін қызметін организмнің өзге мүшелерінін жетілуіне орай қоса атқарады да, адам бойындағы кемістікті толықтырады дейді. Бұл биологиялық тәсіл делінеді. Мысалы, соқырдың көзі көрмеее де, ол тіршілік еткен ортасына икемделіп, нәрселердің түр-түсін саусақтармен сипау арқылы танып біледі десе, ал мылқау адамның дыбысты тілі болмаса да, ол өзгелердің айтқан сөзін еріндерінің қимыл-қозғалысынан түсінеді дейді. Кемтар адамдардың әсіресе сипау сезімдері мен иісті түйсінулері әлдеқайда жетілген дейді. Алайда арнайы жүргізген зерттеу нәтижелері соқырдың сипау сезімі мен саңыраудың көру сезімінің бірқалыпты дамыған дені сау адамдардың сезімімен салыстырғанда, олардың арасында айтарлықтай айырмашылығы жоқ екендігін көрсетеді.


Осы мәселеге мылқау мен саңыраулардың көру қабілеті сау адамдардікінен кем емес, кейде ондай адамдар біздердің көрмеген нәрселерімізді көре алады, ол көру арқылы қабылдауы сау адамдардан әлдеқайда төмен немесе олардан артық деуге болмайды. Саңырау көзінің көрегендігі нашар болса да, ол бара-бара жетілуі мүмкін, бірақ дені сау адамдардікінен артық емес дейді Н.М.Поговский. Соқыр адамның сипау түсігінің жақсы жетілуі және саңыраудың көру қабілеттілігі сол сезім мүшесінің құрылысы нерв жүйелерінің айрықша жетілуінде емес, ондай адамдардың тиісті нәрселерді сезіп білуде үнемі қолданып, тұрақты түрде жаттығуына байланысты.


Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л.Браиль әрпімен жазылған шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз құралады. Сөздер сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-1852) -әлемге әйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі. Соқырлар үшін өз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан соқыр. Л.С.Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі әріптерден айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас және психологиялық жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай айырмашылығы жок.


Хат танымайтын сауатсыз адамга кітап беті шимай-шатпақ болып көрінеді. Сол сияқты Браиль шрифтары да біздерге түсініксіз. Бұл ретте мәселенің мәні сезім мүшелерінің жақсы жетілуіне орай оның сауаттылығы мен тәжірибесіне байланысты. Браиль нүктелерін шапшаң айырып оларды дұрыс қабылдауына байланысты. Көзі көретін адамдар да нүктелерді соқырлар сияқты тез арада үйренуге болады. Сол сияқты ерінді қимылдатып сөйлеуді де үйрену қиын емес. Саңырау мұндай тәсілді пайдаланып «көзімен естуді» үренеді. Мұңдай ерекшелік көздің айрықша жаратылуында емес, оның сауаттылыры мен ойлау қабілетінің еріннің қимыл-қозғалысына қарап, оны әрбір затпен салыстыра отырып оқуына икемділігінде.


Мұндай процестердін барлығы И.П.Павлоп пен В.М.Бехтерсв негіздеген шартты рефлекс пен оның жасау механизмімен ұштасты. Бір мезгілде екі түрлі тітіркендіргіштің әсер етуінен белгілі дыбыс пен нүктелердің өзара қисындасуы сан рет қайталану нәтижесінде сол нүктелерде өздігінен уақыттың тоғысуына орай тітіркену тудырып отырады. Жаңадан пайда болатын сипау сезімі бұрынғы дыбыс тітіркендіргіштеріне ұқсас түрде бір мезгілде қайталанып отырады. Соған орай нүктелерді неғұрлым шапшаң ажырата білу тежелу заңдылығына сәйкес шартты рефлекетің жасалуыи қамтамасыз етеді.


Хайуанаттар және адамның жоғарғы жүйке жүйесінің қызметін зерттеу арқылы шартты рефлекстің жасалуыи көзден, құлақтан, тері және басқа талдағыштардан келетін тітіркендіргіштерге байланысты болып отырады. Мысалы, иттің сілекей рефлексі сырттан әсер стетін түрлі тітіркендіргіштер нәтижесінде (ондай электр шамының көк жарығы, терісін сипау жәнс т.б. шартты белгілердің бәрі) бұрыннан қалыптасқан шартсыз рефлекстің негізіне байланысты болып отырады. Өмір сүрген ортадағы кез келген нәрселер мен құбылыс-тардың ерекшеліктері мен бөлшектері шартты тітіркеңдіргіш қызметін атқара алады. Шартты рефлскстің жасалу жолы әрқашан да бірізді болып отырады. Мұндай заңдылықтың мәні кеміс балаларды оқыту мен тәрбиелеу істерінің мақсат-мүлдесі бірдей екеңдігін көрсетеді. Соған орай соқырлардың әріптерді сипау арқылы сезініп оқуы, саңыраулардың өзге адамдардың еріндерінің қимыл-қозғалысынан түсінуі шартты реакциясы түрінде екенін көрсетеді. Сондықтан кеміс балалардың психологиялық ерекшеліктері дені сау балалардікінен айырмашылығы шамалы-ақ екеңдігін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, соқырды да, саңырауды да педагогикалық және психологиялық тұрғыдан олардың мінез-құлқын тәрбиелеу жұмыстарының принциптері дені сау балалармен бірдей екендігі ешқандай күмән тудырмайды.


Бұл жерде есте тұтатын мәселе — соқырлар мен саңыраулардың дені сау адамдардан айырмашылығы олардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауындағы бір мүшесінің кемістігі. Көз бен құлақ физиологияда рецепторлар деп аталады; оны психологияда қабылдаушы мүшелер немесе сыртқы сезім мүшесі деп айтады. Бұл мүшелер биологиялық қызмет атқарады. Олар организмге сыртқы ортаның өзгерістері туралы хабар жеткізеді. Бұл мүшелер Г.Деккердің айтуынша организм тіршілігінің бастапқы тірегі болып саналады. Олардың негізгі бізді қоршаған ортадан нәрселердің бөлшектерін қабылдап, оларды қорытып талдайды, организмді тіршілік ортасына бейімдейді. Адамның мінез-құлқы әрқилы реакциялар жинағынан құралады және түрлі жағдайда бір қалыпты тұрақты болады. Соқырлар мен саңыраулардың мінез-құлқы тіршілік ету жағдайына икемделіп, олармен тәрбие істерін жүргізу нәтижесінде сыртқы ортамен шартты байланыс жасалып, олардың кеміс мүшелерінің өзге қызметін өзге сау мүшелері атқаратын болады. Соған орай тәрбие істерінің психологиялык механизмі кеміс балалар да дені сау балалардікімен бірдей. Соқыр баланың сипау сезімі, саңыраудың көру мүшесінің жоғары түрде жетілуіне жаңадан жасалып отыратын шартты байланыстарға сәйкес бір мүшеден екінші мүшеге ауысып отыратындығы. Соқырдың сезімталдығы мен саңыраудың көргіштігі дені сау балалармен салыстырғанда өте жоғары болуы туа пайда болған қасиеттері емес, мұндай ерекшеліктер өмір тәжірибесі мен дағдылану тәжірибесі негізінде қалыптасып отыратын қасиеттер.


Кемістікті биологиялық жолмен толықтыру керек деген шындыққа жанаспайтын аңыз әңгімеден организм кемістігін толықтырушы фактор оку-тәрбие істері арқылы жүзеге асырылатын баланың психологиялық және физиологиялық реакцияларын жетілдіріп отыру. Мұндай мақсатты нақты іске асыру үшін кемістікті тәрбиелеуде маңызы бар педагогика ғылымының арнаулы тармақтары тафло және сурдопедагогиканы барынша дамытып, тәрбие істерін өрістете беруді қажет етеді. Бұл мәселені дұрыс шешіп, тиісті сұраққа жауап беру үшін баяндалған ойымызды қысқаша қорытыңдылайық. Психологиялық тұрғыдан алғанда кемістігі бар балаларды тәрбиелеу ісінде педагогика жоқ. Сондықтан кеміс балаларды тәрбиелеу жалпы педагогиканың маңызды бір тармағы. Осы қиын да, әрі маңызды тармаққа қатысты мәселелердің бәрі жалпы педагогика ғылымының принциптерімен ұштастыра отырып, зерттелуге тиіс.


Кеміс балалар педагогикасы негізінің басты мәселелерін іздестіріп жүйеге келтірілген зертгеуші Куртман. Оның айтуынша соқыр, саңырау, кемақыл баланы дені сау баламен салыстыруға болмайды. Біздерде және еуропалык еддерде кеңінен тараған кеміс балаларды тәрбиелеу теориясының тәжірибелерінің бастамасы мен сарқындысын осы пікірге әкеп тірейміэ. Ал біз бұл мәселені педагогикалық және психологиялық тұрғыдан оны керісінше дәлелдеп, соқырды, саңырауларды, кемақылдарды сол дені сау балалар қатарында зертгеуді қажет деп санаймыз.П.Я.Трошин осы ретге «шын мәнісінде кеміс балалардың дені сау балалардан айырмашылығы жоқ дейді, олар екеуі де адам, екеуі де бала, екеуіңің өсіп қалыптасу заңдылығы бірдей. Олардың айырмашылығы өмірге келгеннен кейінгі өсіп жетілуінде. Мұндай зерттеушілердің көзқарастары психология мен педагогика — тұрғысынан қарағанда әлеуметтік жағдайлардан гөрі биологиялық бағытты қолдайтындығын көрсетеді. Бұл бағыттың дәлеліндегі қателік жері кеміс балаларды ауру деп санайды да, ал олардың дұрыс дамымау себептерін қоғамдық өмірдің қолайсыз жағдайларына байланысты екендігіне жете мән бермейді».


Кеміс балаға тек ауру жағынан ғана карау біздің теориямыз бен практикамызды қауіпті теріс бағытқа бұрып жібереді. Біз кемістікті жан-жақты алып мұқият тексереміз. Жиі кездесетін ауру түрлерін анықтап, олардың қаншасы соқыр, қаншасы саңырау, қаншасының дәм сезімінін түйсінуі т.б. сондай өзге де кемістіктерін анықтап, олардың денсаулық деңгейін жете аңғара бермейміз. Осы уақытка дейін тәрбиенің 9/10 бөлігі баланы ауру деп санап, ал оның денсаулығының қандай екендігіне көңіл бөлінген жоқ. Соқырларды зерттеуде ғылыми психологияның ұраны «алдымен адам, сосын ерекше немесе «соқыр адам» деп санау болды. Мұндай түсінік соқырдың арнаулы психологиясың екінші орынға ығыстырды. Нақты айтқанда, сокырлықтың (саңыраулыктың) психологиялық факторы сол кеміс балалардың өздері үшін еш маңызды мәселе деп саналмады. Көретін адамдар соқырларды су караңғы ешнәрсені көре алмайды деп ойлайды. Кемістер психологаясың бұлай деп түсіну қате. Біз өзімізбен салыстырып соқыр көрмегені үшін қатты қайғырып мұңаятын шығар деп ойлаймыз. Өзі соқыр А.М.Щербина, В.Короленко пікірлерін терістеп, оның психологиялық көзқарасының дұрыс еместігін айтады».


Соқыр адам қараңғылықты сезбейді және қараңғы түнекте өмір сүремін деп ойламайды да және оған қайғырмайды. Психологиялық жағынан алғанда соқырлық жағынанда бақытсыздық емес, ол әлеуметтік жайт. Оған А.В.Бирилсв өз еңбегінде мынадай салыстырмалы мысал келтіреді: соқыр адамның жарықты сезуі мен көзін байлаған адамның жарық көруінде айырмашылык бар, — дейді. Көзі көретін адам жарықты қолымен ұстай алмайды, сол сияқты сокыр да жарықты көз алдына елестете алмайды. Соқыр бала өзінін соқыр екенін ауырсынбайды және соқырмын деп сезінбейді де, оны тек өмір сүрген әлеуметтік ортасы ғана солай деп санайды.


Соқырлардың өмірлік тіршілігі оның әрқилы кемістіктеріне орай әлеуметтік жағдайға икемделуіне байланысты. Олар өмірді көз алдына елестете алады. Біз олар туралы өмір тұман не перде арқылы көрінетін тығар деп ойлаймыз. Бірақ шындык олай емес. Біз соқырлардың органикалық және табиғи сезімталдығы өте жақсы жетілмегенімен санаспаймыз. Шынын айтсақ соқырдың икемделу қабілегі көзі көретіндерден жоғары екендігі ғылыми жолмен дәйектеуді қажет етеді. Белгілі мылқау, әрі соқыр-саңырау Е.Келлер былай деп жазды: соқырдын. силау сезімі арқылы дүниенің қызығын нәзік түйсіне алуын көзі көретіндердің бәрі біле бермейді. Өйткені оларда мұндай сезімдік танымдар соқырлардікіндей жетіле коймаған (Е.Келлер, 1920).


Сокырдың маңындағы жылылықты сезуі алтыншы сезу мүшесі делінсе, ал мылқау қимыл-қозғалыс пен музыка әуенін т.б. сезуі дені саулардан ерекше сипатга болып, бұл жетінші сезімін білдіреді. Мұндай жайттар дені сау бірқалыпты балалардың түйсінуінде де психикалық жағынан алғанда жоғары түрде жетілген. Алайда мұңдай сезім мүшесінін дүниені танып білуде қандай болатындығын біз көз алдымызға елестете алмаймыз. Біздер саңырау адамның пианинода ойналған музыкалық шығарманы қалайша тыңдап түсіне алатынына аяныш білдіреміз. ГДеккер тамаша музыканы табанымен тыңдап, онан ләззаттандым дейді (І.Деккер, 1923, 39 б.). Саңыраулар музыканың әуенік оның дүрсілі, теңіз толқынының шуы тәрізді сезінеді дейді Е.Келлер. Соқырлар күн мен түнді осы маңдағы заттар сияқты олардың көлемі мен тұр-сипатын т.б. ерекшеліктерді сезеді дейді (Л.А. Крогиус, 1907). .


Соқырлардың мұңлы тағдыры оның көзінін көре алмауына байланысты емес және бұл жайт оның қайғылы қасіреті де емес. Соқырлық тек қайғы-қасіреттін пайда болуына себепші жағдай.


Туа болған соқырдың қайғысы жүре біткен соқырдың қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші өшпейді, -дейді Щербина (1916, 39 б.). Және ол өзінің басынан кешкен мынадай бір жағдайға тоқталады. Соқырлар мектебінде тәрбиеші 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретілмегендіктен қолына қасық ұстауды да білмеген (бұл да сонда, 40 б.). Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес соқыр баламен жасалатын қарым- қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. Ондай балаға жастайынан жүруді де, өзін-өзі күтуді де, көзі көретін балалармен бірге ойнауға да дағдыланып, оған сондай талап қойып отыру керек ондай балаға көзің соқыр екен деп аяныш білдірудің қажеті жоқ. Сонда ғана Щербина айтқандай соқыр бала өзінің кемдігін онша сезіне қоймайды (бұл да сонда). Соқырға жарық сәулені білу қажет пе? деген сұраққа өзі соқыр А.В.Бирилев педагогикалық тұрғыдан қорытынды жасап «жарық сәулені білу 9 қажет», — дейді. Өмірден көзі көретін баланың ұғымын соқыр 5 бала да білуі керек. Соқыр балаға терезесінің ар жағында перде жабулы тұрғанда оның көрінбейтінін, ал үйде шам жанып тұрғанда перде жабылмаса оның ар жағынан көрініп тұратынын түсіндіру керек. Яғни ол жарык сәуленің қандай болатындығын білуі керек.


Сокыр балаиың тәрбиесінде барлық сәуле мәселесі биологиялық тұрғыдан ғөрі тіршілікте маңызы бар әлеуметтік жағынан алып, оған баса мән берілгені пайдалы болмақ.


Психологаялық жағынан кемістік — әлеуметгік мінез-құлықты өзгертуге ықпал етеді. Тірі организмнің мінез-құлқындағы ерекшеліктер өмірмен байланысты болудың нәтижесі тіршілік ортасына бейімделу жүйесі. Бұл жүйенің өзгеруі әлеуметтік байланыстың қайта құрылуына және оның өзгеруіне әкеліп соғады. Кемтар баланың психологиялық ерекшеліктерінің негізі биологиялық фактор емес, әлеуметтік фактор екендігін көрсетеді.


Психологиялық тұрғыдан алып қарағаңда соқырлардың әлеуметгік ортадағы жағдайы түрліше болады. Соқырлық америка фермерінің қызы мен украин помещигінің ұлы үшін, неміс герцогінің әйелі меи орыс шаруасының және Швеция пролетариаты үшін әр қилы фактілер сипатында болады. Олардың бұл жайында ұнымдары да түрліше болады. Сондықтан кемтар балалардың тәрбие мәселесін әлеуметтік жағдай тұрғысынан қарау керек. Кемтар баланың әлеуметтік тәрбиесінің негізі оның табиғи жетіспеушілігін — әлеуметтік жолмен толықтыру әдісі -бірден-бір ең дұрыс жол. Арнаулы тәрбие әлеуметтік талапқа бағынуы керек. Сөйтіп біртұтас мәселенің белгілі құрамды бөлігі ретінде қаралуға тиіс. Кемтар балалаларға ерекше тәрбие беріп оқыту қажеттілік біз бекерлей алмаймыз, керісінше соқырды оқьш үйренуге, саңырауды ауызша сөйлеуге үйренуге үшін арнаулы педагогикалық техника, ерекше әдіс керек. Осы техника мен әдіс-тәсілдерді ғылыми тұрғыдан зерттеп қана нағыз педагог дайындауға болады. Біз ең алдымен соқырды емес, баланы оқытатынымызды ұмытылуға тиіспіз. Соқырды немесе саңырауды тәрбиелеу ісінде соқырлықты немесе саңыраулықты тәрбиелеу педагогикасын кеміс балалар педагогикасына айналдыруымыз керек,


Біздің елімізде арнаулы мектептер баланы соқырлық пен саңыраулықтың құрбанына айналдырып жіберген. Денсаулығы зор, жақсы жетілген балалардың бойындағы ұнамды қасиеттерді мектеп аңғармаған. Бұл бізге Еуропадағы арнаулы мектептерден мұра болып қалған. Мұндай мектептердің әлеуметтік негізі мен тәрбиелік бағыты буржуазиялық филрсофияға және дінге тіректелген.


Германияның мектебі туралы есеп беру мәліметтерімен танысатын болсақ, олардағы арнаулы педагогикалық техникалық, гигиеналық жағдайлар өте жоғарғы дәрежеде екендігіне көзіміз жетеді. Алайда соқыр мен саңырау өмір бойы кемістік құрбаны болып қала береді деген теріс ұғымдар біздер үшін ерсі нәрсе.


Ерте ме, кеш пе адамзат соқырлықты да, саныраулықты да, кемақылдықты да женуге тиіс. Бұл мәселеде медициан мен биологияға қарағанда, әлеуметтік және педагогикалық жағынан жеңіске бұрынырақ жетуі мүмкін. «Кемістігі бар бала» деген ұғымнан келешекте педагогика айтуға ұялатын шығар. Сөйлейтін саңырау, жұмыс істейтін соқыр — өмірге тең араласқандар өздерін кемтармыз деп айтуға және олай деп айтуға жол бермейді. Соқыр, саңырау, кемақыл, кемтар болмаудың сыры ет қолымызда. Келешекте кемтар деген ұғымды біржолата ұмытатын боламыз. Адам нәсілінің жетілуіне сәйкес, әлеуметтік құрылыстың өзгеруіне сәйкес адамзаттың өмір сүру ортасы жақсарады. Сокырлық саңыраудың саны азаяды. Мүмкін олар тіптен болмас. Бірақ олардан да бұрын әлеуметтік жеңіске жететіні ақиқат. Соқырлық пен саңыраулық дене кемшілігі ретінде жер бетінде көпке дейін сақталуы мүмкін. Бірақ олар кемтар болмайды, себебі, кемтарлық әлеуметтік ұғым, «қеміс» деген соқырға, саңырауға, кемақылға жабысқан қаспақ сияқты. Ол адам қатты сілкінсе, бойынан түсіп қалады. Соқырлық өздігінен баланы кемтар жасамайды, оның кемтар болуы өмір сүрген әлеуметтік ортасына байланысты.


Әлеуметгік тәрбие баланың кемтарлығын толықтырады. Бір кезде соқыр баланы кемтар десек, біздің жанымыздағылар бұл ойымызды қостай қоймайтын сәтке жетеміз. Бірақ соқыр деп, саңырауды саңырау деп атау ғана қалуы мүмкін.


Соқырлық — сезім мүшелерінің (талдағыштардың) бірінің кемістігі. Соқырлармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде мұға-лімдер олардың басқа сезім мүшелерін (естуін, сипауын, көру түйсігін) одан әрі дамыту қажет десе онда олар қателеседі. Ғылыми әдебиеттерде, ел арасындагы аңыз-әңгімелерде соқырлардың музыкаға бейімділігі, ал олардың кейбіреулері туғаннан музыкаға бейім екендігін көрсетеді. Бұл пікірдің шындығы әрине асыра айтушылық. Соқырлар осы уақытқа дейін бірде-бір музыкалық шығарма авторы емес, олар тек шіркеуде, көшелерде жалбарынды өлең айтумен ғана шектеледі. Дене мүшесінің кемістігі биологиялық жағынан өзге мүшелерімен толықтырылады және ол бұл дүниеден өткенінше сақталады деген лакап сөз ел арасында кең тараған. П.Трошин кемтар балаларды зертгеп, олардың сау мүшелерінін ерекше артық дамымайтындығын анықтаған.


Мейірімділік медицина орнына әлеуметтегі соқырларды тәрбиелеу мен оны дамыту ғылыми және тәжірибелік жағынан алғанда өмірде аса маңызды және игілікті міндет. Енді осы мақсат жайында кейбір мәселелерге тоқталып өтейік. Биологиялық толықтану деудің орнына дене кемістігін әлеуметгік тұрғыдан толықтандыру деген ұғым осы мақсатқа сай келетін сияқты. Психика, әсіресе, ақыл тіршіліктегі әлеуметгік қызметтің жемісі. Д.Дьюи (1907) айтқаңдай жарық дүниедегі жалаң көмек нағыз шындық емес, ондай көмек әлеуметтік оймен, іс-әрекетпен ғана тиянақталатын болса, оның мағынасы соғұрлым зор болмақ. Соқыр адамның жарық дүниені көрмесе де, оның өмірге деген құштарлығын жоя алмайды. Мақсат — әріпті көру емес, оны оқып мән-жайын түсіне білу. Үйрене келе көздің қызметін қол атқарады немесе ол басқа да құралдардың қызметін атқаруға бейімделеді. Осы орайда А.В.Бирилевтің соқыр адам өзге адамдардың көзін құрал етіп пайдалана алады деген ойы ақиқат. Мұндай жағдайда біреудің көзі телескоп немесе микроскоп сияқты аспап ретінде пайдаланылады. Тәжірибе жүзінде соқыр баланың дара тәрбиесінде бұл жайт шешіле қоймайтын сияқты, бірақ өзге адам оған көмектескенде бұл жайттың ақиқаттығы анықтала түседі (А.В.Бирилев, 1924, 90 б.).


Дәстүрге айналғаи тәрбиеден, мұғалім мен оқушы арасындағы даралап тәрбиелеуден соқырлар педагогикасы мен арнаулы педагогиканың артықшылығы да осында. Соқырларды тәрбиелеуге жаңа элемент енгізетін болса, онда басқа адам тәжірибесін, не көзі көретін адамды пайдаланып, онымен серіктесетін болса, онда ол жаңа табысқа қолы жеткендей болады. Сөйтіп ол микроскопты немесе телескопты пайдаланғандай сезінеді де, өмір тәжірибесі артып, күнделікті тіршілікке араласады. Мұнан былайғы кезеңдерде соқырларды психологиялық жағынан тәрбиелеу үшін барлық арнаулы белгілерді олардың өзге де сезім мүшелерімен (естуін, терісі мен сипап сезуі т.б.) өзара ұштастыру қажет. Соқырлар педагогикасының жалпы педагогикадан айырмашылығы да осында. Шартты байланыстардың жасалуы өзге сезім мүшелерінің атқаратын қызметіне айналады. Соқыр бала шығыңқы әріптерді саусағымен сипап оқиды, оқуға төселе келе кәдімгі біздер қалай оқысақ, олар да солай оқиды. Бірақ оның өзіндік тәсілі бар. Латын әрпімен жазылған сөздерді оқыса да, не басқа текстерді оқыса да оған бәрібір. Негізгі мазмұңды түсінуі керек. Таңбаны өзгерткенімен мағынасы сақталады.


Демек арнаулы белгілерді дағдыға айналдырып, оны қа-лыптастыру үшін соқырларға арнаулы тәрбие және мектеп қажет. Тифлопедагогиканың негізгі принципі бойынша тәрбие мен оқу процесінің біріне-бірінің ұқсас болғанымен, олардың белгілері арасында айырмашылығы болады.


Қанша айтқанмен арнаулы мектеп баланы жалпы ортадан алыстатып, оны өмірден оқшау қалуға икемдеп, кемтарлардың бөлектеніп тәрбиеленуіне ыңғайлап, оларды тар құрсауда қал-дырады. Келешекте бірқалыпты өмірге араласқан кемтар балаларға мұндай жасанды ортанын пайда келтіруі шамалы-ақ болады. Арнаулы мектепте мұндай қысталаң жағдай орнатып, оны аурухана дәрежесіне айналдыру қалыптасады. Кемтар балалардың өзара қарым-қатынасын шектеп, олардың мүмкіндігінше дамуын тежеуге себепші болады. Мұңдай ортада олардың кемістігі неғұрлым айқынырақ сезініп, мұңы көбейеді. Оның келешекге кен ортада өмір сүремін деген үміті біртіндеп жойыла бастайды. Көңілі жабырқап, психикасының үнамсыз жақтары артады. Бала психикасындағы мұндай бөлектеніп қалудың зияны жайында Щербина ерекше жанашырлықлен жазған-ды.


Өз тарапьшан арнаулы мектеп әлеуметке кері,, қоғамға қарсы тәрбие беретін сияқты. Біз кеміс балаларды мұңдай ортадан кең елеуметгік тіршілік ортасына алып шығуымыз керек. Келешекте кемтарлар сау адамдармен бірге өмір сүріп, олармен араласып, жалпы білімдік мектептерде оқулары тиіс. Әрине, мұңдай жағдайда арнаулы тәрбие мен окыту ісі. Щербинанъщ пікірінше бір жағынан, арнаулы мектеп жүргізетін болса, ал көпшілікке қатысты тәрбие жұмыстарын жалпы білім беретін мектепке ауыстырып отыру керек. Арнаулы тәрбие мен жалпы тәрбиенің аралас түрде жүргізілггні жөн. Арнаулы мектептін әлеуметтік сипатқа қайшы сипатын жою үщі бұл мәселені ғылыми тұрғыдан дәйектеп, кемтарлар мен сау балалардың әрі жемісті, әрі келешегінің зор екеніне сенім артуға болады. Сөйтіп балалардың диалектикалык даму ортасы пайда болып, кемтар балалармен дені сау балалардьщ оқып тәрбиеленуінің бірлігі өрістейді. Мұндай талап екінші жағынан келгеңде болашақта арнаулы мектепті жоюды мақсат етеді.


Арнаулы мектептегі еңбектік сипатын түбегейлі өзгертуді қажет етеді. Осы уакытқа дейін олардың қол еңбегі дене кемістігіне байланысты тек музыкаға және әр тұрлі нәрселерді тоқуға үйретілді. Ал қол еңбегінід өнімділігін арттырып, он келешектегі өмірге қажет болатындығына жете мен берілген жоқ. Көзі көретін дені сау балаларға қолданьшатын әлеуметтік-ұйымдастыру төртіп элементтері соқырларға қолданылмайды. Олар тек орындаушылар ретінде ғана болған. Сондықтан мұндай «енбек тәрбиесі» мүгедектерді дайындайды. Мұндай тәрбие оларды еңбекке баулымақ түгілі өз білетіндерін ұмытуға мәжбүр етеді. Соқыр балалар үшін енбектің әлеуметтік сипаты мен оны ұйымдастырудың тәрбиелік маңызы ерекше екендігін үнемі ескерген дұрыс. Еңбек ету ол щетка жасау немесе корзина тоқу ғана емес, одан да күрделі еңбек болуы керек.


Сырттай қарағанда білім беретін енбек пен оқудың ұсақ-түйек нәрселерді жасаумен шектелген, олардың кәсіптік-техникалық маңызы ескерілмейді. Мұндай еңбек түрлері кемтар балалардың көзі көретін балалармен араласып серіктесуіне мүмкіндік бермейді. Көзі көретіндермен бірігіп еңбек ету — еңбекке баулудың негізі. Сондықтан көзі көретіндермен жақын араласу және олармен бірігіп еңбек ету соқырлардың өмір тіршілігіне емін-еркін араласып кетуіне жол ашып, еңбек түрлерінін өзге де салаларын меңгерулеріне қолайлы жағдай тудырады. Бір сөзбен айтқанда, соқырларды енбекке баулып, олардың ақыл-ой өрісін дамытып отыру дені сау балалардың тіршілік бейнесіне қарай барынша бейімдеп отыруды талап етеді. Бұл орайда көзі көретін бала соқырды жетектеп, оған жол көрсетуді мақсат етеді. Ал соқырды соқыр бала жетектесе, онда олардың екеуі бірдей кұлап түсуі мүмкін. Сондықтан кемтар балаларға қамқорлық көрсетіп, олардың өмір тіршілігіне көмектесу адамгершіліктің айқын көрінісі.


Керең мен мылқау балалар тәрбиесіндегі күрделі мәселе педагогиканың қиын да, әрі қызықты тармашның бірі. Соқырға қарағанда керең-мылқау өмірге араласуға және оны тез танып білуге бейімдірек. Бірақ онын сезім мүшесіндегі кемшілігі өз денесін еркін билеп, әрқилы әрекеттер жасауына кедергі етпейді, олардьщ іс-әрекеті денісау адамдардікіадей болуы. Керен-мылқау өз қимыл-қозғалысын бақылай алады. Керең-мылқау өз

қимыл-қозғалысын бақылай алады. Керең-мылқаудың дене бітімі дені сау адамдардікімен бірдей екендігін Н.А.Попов айрықша атап көрсетеді. Сондықтан олардың еңбек ету қабілеті мен үйренуі айтарлықтай қиындых. тудырмайды. Соқырдын айырмашылығы еңбектін, қандай түрі болса да (музыкадан басқасы), оған үйренуге оңай. Сурдопедагогика осы уақытка дейін ешқан-дай қажеті жоқ қол еңбегімен шұ ғылданып келді, бұған кінәлі болжамсыздык және керең-мылқаудың тәрбиесіне кемтар деп санап, оған аяугершілік көзқарастын ірге тебуі.


Еңбекке дұрыс тәрбиелеу емір есігін айқара ашу деген сөз. Дені сау адамдармен бірігіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді, масыдыққа жол бермейді, бұл сурдопедагогикадағы негізгі бағыт және әлеуметтік сипат. Өмірдің келешегін ойламай, ұсак-түйек нәрселерді жасау және оларды сатумен шұғылдану ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген өткендегі өнімсіз тіршіліктің қалдығы. Құлақтың естімеуі көзге қарағанда жеңілдеу. Мұндай жағдайда адам сана-сезімімен тіршілік еткен ортаны аңғарып, соған орай бейімделе алу ерекшелігі. Адам табиғатында дыбыстық алатын орны өзгешелеу. Керең-мылқау соқырға қарағанда жағдайы біршама жеңілдеу. Биологиялық тұрғыдан келгенде адам түгілі құлағы естімейтін жануар да соқырдан әдеқайда артық. Деген-мен керең-мылқау соқырға қарағанда бақытсыздығы әлдеқайда басым. Өйткені өзге адамдармен сөйлесіп бірден араласа ал-майды, әлеуметгік ортада тіршілік етуге бейімсіздеу. Сондықтан да ол дыбысты сөйлесуі арқылы өзгелермен қарым-қатынас жасай алмағандықтан өмір тәжірибесі де шектеулі болып қалады.


Сурдопедагогиканың ең басты мәселесі керең-мылқауға сөйлеуді үйрету. Оны сөйлеуге үйретуге болады. Саңырау дегеніміз тек есту нервтерінің зақымдалып жұмыс істемеуі, бірақ оның сөйлеуге байланысты нерв орталықтары сау қалпында сақталған. Мылқаулық органикалық зақымдалудан емес, ол дыбысты естімей және дыбыстап сөйлеуі жете дамымаған. Керең-мылқауды сөйлеуге үйрету оның бір сезім мүшесін екіншісіне ауыстыру емес, ондай ерекшелік мылқау сөйлеген адамның ернінін қимыл-қозғалыстарын көзімен көріп түсінуден басқа да психологиялық механизммен байланысты дейді ЛС.Выготский. Бұл механизм бойынша қимыл-қозғалыс, есту сезімімен айырбасталады. Бұл сезім өте әлсіз болғандықтан еріннің қимылы арқылы сөздердін мағынасын толық жеткізе алмайды. Себебі,. сөйлегенде ауыз куысывдағы тідцін қимыл-қозғалысы арқылы айтылатын дыбыстар толық сыртқа шықпайды, сондықтан керең-мылқауды сөзге ұйрету өте қиынға түсетін процесс.


Ауызша тілден баска көрең-мылқаудың тағы да екі тілі бар. Тілдің табиғи қимылы немесе ымдап сөйлесу. Екіншісі методикалық белгілер немесе шартты әліппе. Ол диктилогия деп аталып, қолдың және саусақтың қимылы арқылы іске асады, оны ауада жазу деп те атайды. Керең-мылқаулар бұл екі тілді де ауызша сөзге қарағанда жеңіл меңгере алады (Н.М.Лагоскяй, 1911). Осы үш турлі тілдің ішінде ауызша сөйлесуге ерекше кеңіл бөлуіміз керек, ол қиынға түссе де, оның пайдасы мылқау үщін өте зор. Мылқау-кереннін ыммен сөйлесуі алғаш дамыса да, оның сөз қоры аз болғандықтан сөйлеудің өзге түрлеріне де үйрету керек. Алайда мылқаулардың қай сөйлеу түрін қолданса да олардың сөзіңде абстракті ұғымдармен байыптап түсінуге дейінгі деңгейге көтеріле алмайды.


Көптген зерттеушілер керең-мылқаудың сана-сезімі адам тектес маймылдардан сэл-ақ жоғары тұрады деп есептеген. Цехтың пікірінше керең-мылқаудың дүниетануы сау адамға қарағанда өзінің өмір сүрген ортасын ғана танып біліп, оның өз тәжірибесі мен бақылауынан асып кете алмайды (Лаговский кітабы, 1911, 1166.), П.Наторп «адамның ортасымен араласуына байланысты», — деп дұрыс айтқан. Ол түсінгі сау адамның түсінігі де адамзат ортасынсыз дамуы мүмкін емес. Әлеуметтік тәжірибенің бәрі сөйлеу арқылы дамып, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен олардың өзара пікір алысуы сөзсіз дамуы мүмкін емес. Керең-мылқауды сөйлеуге үйрету оларды адамдармен жақындастырып, ойлау қабілеті мен сана-сезімін жетілдіруге қуатты ықпал етіп отырады. Мұндай тәсілдермен біз оларды адам қатарына қосамыз. Ауызша сөйлеуде қол қимылы және ымышара қосалқы қызмет атқаратындығын америка мектептерінің тәжірибесіне сүйене отырып В.Штерн және басқа мамандар теория жүзінде дәлелдеді. Бірақ бұл тұжырымға қарсы болған оқымыстылар И.Гейдзиг және Аббат, ШДелепе былай деген: «Біздің тіліміз керең-мылқаулардың тіліне сәйкес емес» (В.Вернер, 1909 ж. басылған кітабында). Ол басқа оқыту әдістерін қолдану жүйесіне қарағанда ауызша оқыту әдісі керең-мылқаудың жаратылысына қайшы болғанымен, оларды адамзаттақ қоғамға тәрбиелеудің бірден-бір дұрыс жолы біздің кәдімгі сөйлеу жүйе-мізге икемдеу болып табылады дейді (В.Вёрнер кітабынын 55 б,. 1909 ж.).


Керең-мылқауды оқыту оның жаратылысына қарама-қарсы, соған қарамастан баланы тілге үйрету үшін оның табиғатын өзгерту керек. Бұл сурдопедагогиканың ең күрделі мәселесі. Гсйдзик «қимыл мен ым-ышара тәслімен оқытатын мектептердін бәрін полициямен жабу керек» дейді. Дегенмен, ьш-ишарамен сөйлесу баланың табиғи тілі болмаса да, оны қолданудан бас тарту мүмкін емес. Өйткені бұл тәсілді сынасақ та, оның тіршілікте қолдануын ешқашан да жеңе алмаймыз. Бұл күрделі мәселенің мәнін керең-мылқау балаларды тәрбиелеп оқытудын әлеуметтік негізіне сүйене отырып шешуді талап.етеді. Арнаулы әдістен гөрі мылқау баланы ауызша сөйлеуге үйретуді басты мақсат деп санаған жөн. Әдіс дұрыс, бірақ бала бастапқыда ьш-ишараны қолданбаса, ол көптеген сөздерді үйрене алмайды, ауызша сөйлеп, өз ойын жеткізе алмайтын болған соң жасырын түрде бәрібір ымдап сөйлейді. Қорыта келе, қандай әдіс болса да оның жақсы да, жаман да жақтары болатындығы жалпы тәрбие жүйесінде айқын байқалады. Ескі жүйеде ауызша сөйлесу әдісі тек ым-ишара болса, ‘ал қазіргі мақсат бірден ауызша сөйлеуте үйрету. Әрине, бұл әдіс бойынша жеке дыбыстарды талдатып жатпай бірден сөйлеуге үйретуіміз керек. Сөйтіп ым-ишараны ауызша сөйлеуге бейімдеудія жолдарын іздестіру қажет. Осы тұрғыда Г.Форхгаммер негіздеген сөйлеу тілін алғаш рет бірізді жүйемен жүзеге асырып, баланы сөйлеуге үйрету мәселесін көтерді. Ауыз бен қол (саусақ) өзара тиімді болатынын саңыраудьщ ауызша сейлеуіне көндігуінен байқалады. Бұл тәсіл дыбыстың байқалмайтын бөлшектерін белгілейді. Психологиялық жағынан алғанда бұл жүйенің келешегі мол, ол ауызша сөзді жеңілдетіп, таза сөйлеуге мүмкіндік береді. Деген-мек бұл жүйемен мәселенің түйінін өздігінен шеше алмайды. Ол үшін баланың өмірінде сөйлеу аса қызықты, әрі қажет екендігіне көзін жеткізіп, қимыл-қозғалыстың пайдасы шамалы-ақ екендігін түсіндіру керек болады. Оқуды баланың қызығуына қарай бағыттау керек. Соған орай баланың бойындағы сокыр сезімін өзіне қарсы қоймай, мақсатты тілегін орындауға жалпы адамдармен сөйлесуге баулу кажет.


Қысқасы адамның сөйлеуіне жағдай жасалса, ол соған бейімделіп сөйлеу пайда болады. 5-6 жыл өткен соң арнаулы мектеп түлектерінен оларға өмірдің өзі бұрынғы тәрбиесін қалайша жетілдіргенін көруге болады. Егер керең-мылқаудың өміріне сөйлесу аса қажет болса, онда ол сөйлеуін әрі қарай дамытады. Егер ондай мұқтаждық елеусіз қалса, онда ол қайтадан кереңдікке әкеп тірейді.


Штернңің айтуынша біздің арнаулы мектептеріміз баланы сөйлеуіе үйретудің орнына, оның ауызша сөйлеуге деген ынтасын жояды дейді. Сөйлеу арқылы адам қарым-қатынас жасайды, ойлану әрекетін дамытады, мұңдай әрекеттер өмірдін қиын-қыстау кезеңдерін жеңе білу нәтижееінде пайда болады. А.Гупман осы ретте «керең-мылқаулар мектебін бітіргендер өмірдің тілегі мен сан алуан құбылыстарын меңгеріп, әлеуметтік өмір жайына жете түсінбейді» дейді (1-910, 6 б.) Мұндай белең алған жайтарды болдырмау үшін В.Вернер «барлығы бұрынғыша ескі күйінде қалуы керек» дейді. Ал біздер Вернердін пікіріне қарсы шьгғып, ауызша сөйлеу тәсілі өз жемісін беріп, барлығы да жаңаша құрылуы кажет дейміз.


Гразер көтерген пікір бойынша керең-мылқау балаларды дені сау балалармен бірге оқыту пайдалы, шынында біздің мақсатымыз да сол. Алайда, бұл мәселені біздер жақын арада іске асыруымыз қиын. Біздің ойымыз әрбір бастауыш сынып мұғалімі керен-мылқауды оқыта алатын болуы керек, ондай балаларды оқытатын бастауыш мектептер де керек (В.Вернер, 1909, 35 б.)- Біз мұндай дәрежеге әлі жеткен жоқпыз, біз қалайда мектепті күнделікті өмірге жақындатып, керен-мылқау училищелерін бірқалыпты мектепке айналдырымуымз керек. М.Гиллан бұл жөнінде балалардың тілін дамыту үшін оларды дені сау балалардың өмір тәжірибесіне баулу. Тек сөйлеу мен көрнекілік арқылы ғана тілді дамыту бізді қанағаттандырмайды. Тілді дамыту баланың іс-әрекетімен, қимыл-қозғалысымен және тәртібімен ұштастырылып отыруға тиіс. Өмір тәжірибесі керең, са-ңырау балаларды өте ерте бастан оқыту қажетгігін (12 жастан) көрсетіп отыр. Оның өмірге, еңбекке белсене араласуы мектептен басталуға тиіс.


Егер оқушылар матадан қуыршақ жасап, қайыршылар сияқты оларды көшеде сатумен ғана шектелсе, онда олардың сөйлеу тілі ешқашан да дамып жетілмейді. Олардыңщ мектептегі өмірің дұрыс ұйымдастыру арқылы болашақ әлеуметтік өмірге араласа білуге машықтандырады.


Керен-мылқауды сөйлеуге үйрету мәселесі арнаулы әдіс қана емес, сонымен бірге бүл әдіс сурдопедагогикадағы басты принциптердің бірі және өзекті мәселелер қатарына жатады. Сурдопедагогиканың күрделі мәселесі негізгі мақсаты да керең-мылқау балаларды әлеуметтік өмірге даярлау болып табылады.


Кемақылдылық арнаулы педагогикадағы күрделі және екі ұшты ұғым.’ Бала ақылының кемістік дәрежесін біз осы кезге дейін ғылыми тұрғыдан айқындай алғанымыз жоқ. Кемақылдылық біздер үшін балалардың әрқилы кемістіктерін білдіретін ұғым. Мұңдай түсініктер ауруға ұшырау салдарынан зақым шеккен балалар, дене кемістіктеріне орай ақыл-ойы тоқырап қалғандар т.б. себептерден кеміс болып қалғандарды да жатқызамыз. Сондай-ақ бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бірқалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз. Мұндай жайттар негізінен әлеуметтік жағдайлармен ұштасты.


Кемақылдықтың тағы бір себебі — тұқым қуалау себебінен ауысатын ауруларға ұшырау. Сондай-ақ баланың жас кезінде бакытсыздыққа душар болуы. Педагогикалық көзқарас тұрғысынан бала мүшесінің кеміс болуы оның тіршілік ортасы мен сыртқы жағдайдың қолайсыз әсерлеріне де байланысты. Алайда мұндай кемістіктерге баланың ауруын қосуға болмайды. Кемақыл балалардың өсіп жетілуі, табиғи дамуы мүмкін, сондықтан оларды оқыту мен тәрбиелеу кәдімгі жалпы талап негізіңде іске асырылады. Бұл жөнінде Трошиннін балалардың негізгі даму жолы айқын және қарапайым түрде бірқалыпты дамиды деген ойының шындығын балаларды зертгеуге біліктілікпен қолданып, олардың бойындағы барлық қасиеттерін анықтап отыруды талап етеді,


Тәрбие тәжірибесі педагогикалық әдебиеттерде кемақыл балаларды тәрбиелеудің мәнісін «әлеуметгік бейтарап адам» тәр-биелеу деген қағидамен шектеліп қалғысы келеді. Мұндай қағида әлеуметгік, тәрбиеге ашықтан-ашық қарсы бағыт. Қоғамда «әлеуметгік бейтарап адам» болуы мүмкін емес, Мұңдай пікір кемтар адам тәрбиесіне немқұрайдылықпен қарау. Өмір тірші-лігінің ой-шұқыры көп. Алайда бейтарап балаға қарағанда еті тірі белсенді мүшесі болуға балалар үшін қажетті жағдайлар жасалған. Кемақылдылық әлеуметгік өмірге бейтарап қалдырады және оның қоғам өмірінін ағысына ілесе алмайды деп санау шындыққа сай емес.


Кеміс баланың әлеуметтік жағдайьш жәбірлеп, оны өз құрдастарынан бөлектеп тастау бала психикасының дамуына теріс әсер етеді. Сондай-ақ баланы жынды немесс кеміс деп атау оның намысына тиіп, теріс бағдарға ауып кетуіне себепші болады. Бала кемістігі әлеуметтік ортада айқын сезіледі, алайда оны үйрешпікті ортасынан ажырату қиын. Көптеген авторлар (мысалы, А.Н.Гряборов, 1925) қосалқы мектептерде ұлдар мен қыздарды бөлек тәрбиелеу керек дейді. Кеміс балалардың жыныстық жағынан инстинкті төмен дамыған. Сондықтан қосалқы мектептерде жүргізілген тәрбие істері ұлдар мен қыздарды бірге оқытуға толық мүмкіндік береді.


Мұндай мектептегі оқу-тәрбие істерінің өзекті мәселееі арнаулы оқыту мен жалпы білім беретін баетауыш мектеитегі оқу-тәрбие жұмыстарын әлеуметтік тәрбиемен өзара тығыз ұштастыру. Көмекші (қосалқы) мектептердегі балалардың жеке мүшелері мен денесінің дұрыс дамуы мен жан сезімінің мәдениетін жетілдіруге жете назар аударып, олардың еңбек сабағы мен ойын әрекетінде дидактикалық материаддарды біліктілікпен

қолданып отырудың пайдасы мол болмақ. Сабақта, ойында үнсіз тыныштық сақтаудык мәнін балалар жете түсінетін болса, олардың мінез-құлық тәртіптілігін қалыптастыруға күшті ықпал етеді. Бұл жайтты оларға күн ілгері жүйелі түрде түсіңдіріп отырған жөн.


Көмекші мектептердегі балаларды оқыту мен тәрбие істерін кәдімгі қалыпты мектептегі жалпы талап тілектерге сай жүргізіп, арнаулы мектептердегі оқу-тәрбие ісінің өзіндік сипаты деп бөлінбегені орынды. Дегенмен арнаулы мектепте кемтар балалардың белгілі мерзім ішінде оқып тәрбиеленуі өткеннен кейін олар қайтадан калыпты мектепке қайтарьшуы керек. Мектептің мақсаты — кемістікті туғызатын жағдайларды жою және оны бір қалыпқа келтіру. Балалардың көліекші мектепте оқуы намыс емес және оған балалар ұялмауға тиіс.


Мынадай бір жағдайды көз аддымызға елестетіп көрейікші: мысалы, бір елде кеміс балалар өте жоғары бағаланып әлеуметтік өмірде жауапты да, беделді қызметтер атқарады десек, мұндай жағдайға сену қиын, Дегенмен өмірде кездесуі мүмкін ғой. Бұрын соқырлар би, сот, сарапшы болып, қызмет атқару үшін жаратылған дейтін болсақ, онда кеміс адамдардың бәрі әлеуметтік өмірде жоғары бағаланар еді. Кемтарлық кемістік болмай, адамның игі қасиеті деп аталар еді ғой. Соқыр өзін мен кемтармын деп санамайды, сондықтан басқа бір елде соқырлар (немесе саңыраулар) кеміс деп саналмас еді. «Кемістік» соқыр мен саңырауға берілген әлеуметтік атау. Тараудың соңында мынадай мысалды айта кетуді жөн көрдік: жаңадан бір ел құрылып, онда соқырлар мен саңыраулар өздерің тең санап, өмірде өз орындарын тауып, кемістігі сезілмей жүре берсе дейсің.


Біздің оқу-тәрбие істеріміздің түпкі мақсаты мен әлеуметгік сарыны кемтар балалардың қалайда кемістіктерін жою, оларды әр тарапты дамыған қоғамның толық мүшесі етіп даярлау


Ертегі. Ақ тиін мен қасқыр
Ертегі. Күшік пен мысық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу