Мәжіліс депутаты министрліктерді қысқартып, екі-үш министрліктен біріктіруді ұсынды

Oinet.kz 30-06-2025 210

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекеттік органдардың жұмысына жасанды интеллектіні енгізу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Оның айтуынша, бұл қызметкерлер санын және министрліктерді қысқартуға мүмкіндік береді, мемлекеттік шығыстарды қысқартпаған жағдайда, қарыз қыспаққа ала бастайды.

"Біз мемлекеттік қызметті цифрландыру аясында 2026 жылдан бастап біртіндеп толығымен мемлекеттік аппаратты қысқартуымыз керек. Одан үкімет те, барлығы қорқады. 2026 жылдан бастап мемлекеттің шығыстарын қысқартпасақ, бастан асатын қарыз бізді қысып отырады", – деп мәлімдеді Бақытжан Базарбек мәжіліс кулуарында.

Оның пікірінше, қарызды азайту мәселесін кейбір компаниялардың әкімшілік аппараттарын және министрліктерді бір-біріне қосу арқылы қысқарту жолымен шешуге болады.

"Біртіндеп "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қоры, "Бәйтерек" ұлттық компанияларының әкімшілік аппаратын қысқартуымыз керек. Министрліктерді қысқартып, 2-3 министрліктен біріктіруіміз керек. Халық саны аз Қазақстан Республикасына осыншама министрлік қажет емес. Мысалы, су министрлігі мен экология министрлігін, қаржы министрлігі мен ұлттық экономика министрлігін, индустрия министрлігі мен өнеркәсіп және құрылыс министрлігін қоса салуға болады. Әр министрдің кемінде 5-6 орынбасары бар. Ол орынбасарлардың төртеуін қысқартып, екі орынбасарды ғана қалдыру керек. Басқаша айтқанда, шығындарды азайтуымыз керек", – дейді депутат. 

Руслан Берденов: Мемлекеттік қызметтегі лауазымымды өз деңгейінде атқаруым керек
Бұрынғы Әділет министрі 9 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу