Ақтөбеде 9 жастағы қыз бен оны құтқармақ болған ер адам жантүршігерлік жағдайда қаза тапты
Ақтөбе облысы Жарлы ауылында қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Қоқыспен толып қалған ескі құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кетті. Оны құтқармақ болған ер адам артынан түсіп, қайта шыға алмай қалған.
Оқиға 17 маусым күні болған. Қыз бала жеке үйдің ауласында орналасқан, тереңдігі шамамен 10 метр болатын ескі құдыққа құлаған. Құдық қараусыз қалған және қоқысқа толы болғаны хабарланды.
Баланы құтқаруға тырысқан ер адам құдыққа түсіп, қайта шыға алмай қалған.
“Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды. Аудандық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда барлық шараларға қарамастан, екеуі де көз жұмды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдері.