«Мына жерді сыпыр!»: Көше тазалаушыны жылатқан блогер қамауға алынды

Oinet.kz 19-06-2025 138

Алматыда "әлеуметтік эксперимент" түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

"Әлеуметтік желілерде бір жігіт пен қыздың әдейі қоқыс лақтырып, көше тазалаушы әйелді балағаттап, қорлағаны түсірілген видео тарады. Олар бұл әрекеттерін мазақ сөздермен сүйемелдеп, бейнеролик соңында бұл жай ғана пранк болғанын айтып, кешірім сұрап, жәбірленушіге ақша береді. Бұл жарияланым қоғамда кеңінен резонанс тудырды. Қолданушылар мұндай контентке наразылық білдіріп, еңбек адамдарын қорлауға жол беруге болмайтынын айтты. Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, қатысушылардың жеке басын анықтады, іс сотқа жолданды", – делінген хабарламада.

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот мәліметінше, Т "әлеуметтік эксперимент" жүргізу барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, қоғамдық орынды ластаған және айналасындағы адамдарға құрметсіздік танытып, дөрекі мінез-құлық көрсеткен. Барлық әреке бейнежазбаға түсіріліп, кейін әлеуметтік желілерде жарияланған.

“Сот отырысында Т кінәсін мойындады және іс материалдарында көрсетілген деректерді растады. Сот қаулысымен Т әкімшілік құқықбұзушылықтың 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу түріндуегі жаза тағайындалды”, – деп хабарлады Алматы соты.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

«Көп қан жоғалтқан»: Ақтауда аялдама жанында тұрған ер адамды автобус басып кетті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу