Астанада ыстыққа шыдамаған көлік өртеніп кетті

Oinet.kz 03-07-2025 590

Желіде аптап ыстықтан көлік өртеніп кеткені туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Видеода қолында шелек ұстаған ер адамның жанып жатқан Volkswagen Polo көлігіне қарай жүгіргенін көруге болады. 

Астаналықтар +32°C ауа температурасынан көлік өртеніп кеткенін көрді.

Астана төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесінде болғанын растады. Ресми мәлімет бойынша, көліктің қозғалтқышы бірінші өртенген. Өрт сөндірушілер келгенше жалын сөндірілді, ешкім зардап шеккен жоқ.

"Өрттің нақты себептері әлі анықталып жатыр", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Ақтөбеде кішкентай қызды құтқарам деп мерт болған спортшының отбасы көмек сұрайды
Қазақстандық қыз шетелде жұмыс істеймін деп құлдыққа түсіп қала жаздады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу