Асылбеков асыра сілтеді - Прокуратура мегаполистің бас дәрігеріне айыппұл салды

Oinet.kz 19-06-2025 45

Шымкент прокуратурасы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан заңсыздықтар анықтады.  Басқарманың басшылары мегаполистегі жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмысына заңсыз тексеру жүргізген. 

Screenshot_4.jpg

— Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, прокурорлық қадағалау инвесторлардың мәселелерін тиімді шешуге бағытталған.

Осы бағыттағы құралдардың бірі — кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың жұмысы. Мысалы, мобильді топқа келіп түскен сигнал бойынша прокуратура медициналық қызмет көрсету саласындағы инвесторларға қатысты заңсыз тексерулердің алдын алды. Шымкент қаласының прокуратурасы тарапынан жүргізілген тексеру нәтижесінде, Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен емханалар жанындағы 26 стоматологиялық кабинетке бару арқылы мониторинг жүргізу жоспарланғаны анықталды. Алайда, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне сәйкес басқарманың мұндай мониторинг жүргізуге өкілеттігі қарастырылмаған. Прокурорлық қадағалау актісі негізінде аталған бұйрықтың күші жойылды, ал кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша жауапкершілікке тартылып, 196 600 теңге мөлшерінде айыппұлды қысқартылған тәртіппен төледі, — делінген прокуратураның таратқан мәліметінде. 

Бұған дейін «Рейтинг» газетінде қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбековтың  кадр саласындағы жөнсіз әрекеттері туралы жазып едік. Басқарма басшысы өзіне тиесілі өкілеттіктің шекерасын толық білмейтіндігін тағы да байқатты. Асыра сілтеген Асылбеков айыппұлдан кейін сабасына түсетін шығар, бәлкім. 

Сарапшы: Қазақстанда АЭС салу екі есе қымбатқа түсуі мүмкін
Н.Тұрашбеков: Қуаңшылыққа қол қусырып отыруға болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу