Сарапшы: Қазақстанда АЭС салу екі есе қымбатқа түсуі мүмкін

Oinet.kz 06-06-2025 61

Қазақстандық БАҚ-та еліміздегі алғашқы атом электр станциясын Қытай салады деген ақпарат тарады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_10.jpg

Қытайдың ұсынысы ең тиімді баға ретінде көрсетіліп отыр. Алайда энергетика саласының сарапшысы бұл мәселе соншалықты қарапайым емес екенін айтады..

Мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов өзінің Energy Monitor телеграм-арнасында көптеген БАҚ қазақстандық АЭС-ті «қытайлық жоба» ретінде нақты шешілген іс сияқты көрсетіп жатқанын атап өтті, 

Жазылып жатқандай, Қытайдың CNNC корпорациясы Қазақстанда екі реакторды 5,5 млрд долларға салып беруге дайын екен.

«Бірақ бұл ақпараттың алғашқы дереккөзі белгісіз. Ал көрсетілген баға былтыр айтылған, яғни бұл Қытайдың өз ішіндегі АЭС құны. Жобаның шетелде жүзеге асатынын ескерсек, бағасы екі есеге дейін өсуі мүмкін (логистика, несие пайызы, еңбек ақы қоры, жергілікті ресурстар және тағы басқалар)», – дейді Нұрлан Жұмағұлов. 

CNNC компаниясының Қазақстанда АЭС салатыны туралы ақпарат көзі қытайлық Toutiao сайты болуы мүмкін. Ол Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті салу құқығы үшін Бейжің мен Мәскеу арасында «ертегідей бәсекелестік» болғанын, ал бұл жарыста Қытай жеңіске жеткенін жазған.

Алайда Нұрлан Жұмағұлов мұндай ауқымды жобаны бір ғана елдің күшімен жүзеге асыру мүмкін емес екенін еске салады. Президент Тоқаев бұған дейін АЭС құрылысына бірнеше шетелдік компания қатысатынын нақты мәлімдеген. Бұл жерде басты сұрақ – кім бас мердігер болады?

«Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті Өзбекстандағы сияқты халықаралық консорциум салады: реакторға бір компания, турбинаға басқа, ал электроникаға батыстық өндіруші жауапты болады. Көпвекторлы тәсіл қолданылады. Болашақта батыс елдерінің бірі шағын модульді реактор салуға қатысуы мүмкін. Ресми нәтижені күтейік. Қазірше нақты шешімге аз уақыт қалды», - деп қорытындылады сарапшы. 

Қазақстан – 44 орында
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу