Кейіпкер жазушының бағы ма, соры ма?
20-05-2022
<img src="https://i.ytimg.com/vi/e0-k5I84SGE/hqdefault.jpg" alt="Түлкі мен қырғауыл" ертегісі - YouTube"/>
Бір түлкі қалың ағашты аралап келе жатып, ағаштың басында отырған қырғауылды көреді де, жақындап келіп:
- Сәлеметсіз бе, қырғауылым, халің қалай? – дейді.
Қырғауыл: - Жақсы, өзің қалай тұрасың? – дейді.
Түлкі: - Жерге түсіп, сөйлессеңіз қайтеді, бір құлағым естімеуші еді? – дейді.
Қырғауыл: - Жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, - дейді.
Түлкі: - Әй, достым, қазіргі заман бүрынғы заман емес, жаңа ғана келдім, бұйрық шығыпты, біреуге біреу зорлық қылмасқа, қой мен қасқыр бірге жүрсін, түлкі мен тауық бірге жүрсін деген, - дейді.
Қырғауыл: - Жақсы хабарыңыз бар екен, рақмет, достым! Мына жақтан бір иттер келе жатыр, оларға да хабарыңызды айтыңыз, естісін, - дейді. Ит деген сөзді естіген соң, түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.
Қырғауыл: - Қайда барасың, түлкіс, бұйрықты ұмытып кеттің бе? – дейді.
Түлкі: - Кім біледі, бұйрықты ол естімеген шығар, - дейді міңгірлеп