Ашық сабақ. Математика. 3 сынып. Қалдықпен бөлу

Oinet.kz 01-10-2020 1526

Математика 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қалдықпен бөлу
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Қалдықпен бөлу және оны тексеру жайында түсінік беру; қалдық әрқашанда бөлгіштен кем болатынын білгізу;
Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін; ой - өрісін, есте, сақтау қабілеттерін дамыту; салыстыру және қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
Сабақтың тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, білімді болуға, ақыл – ой белсенділігін арттыруға, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: кестелер, сызбалар.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, өзіндік, жұптық жұмыс.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. «Алақан» жаттығуы.
- Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. а). Үй жұмысын тексеру: №
ә). Өткенді пысықтау: ауызша жұмыс. (1)
2) «Кім жылдам?» 2 мысықтың неше аяғы бар? 5 тышқанның неше құлағы бар? 7 торғайдың неше қанаты бар?

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:
Мақсат қою кезеңі. Қалдықпен бөлу және оны тексеру жайында түсінік беру
ІҮ. Оқулықпен жұмыс: № 1. Ұжымдық талдау.
№1. Кестені пайдаланып, есептер құрастыр және оларды шығар.
Бағасы Саны Құны

? 4 80 теңге

20 теңге? 80 теңге
20теңге 4?

Бұлар кері есептер болып табыла ма? Неліктен?
№2. Өзіндік жұмыс. Түсіндіре отырып, орындату.
506 + 204 = 710 -------- -832 – 456 = 376 ------------- 920 + 80 = 1000
716 – 509 = 207 --------- 603 – 39 = 564 ---------------1000 – 222 = 778
125 + 305 = 430 --------- 158 – 72 = 86 -----------------675 – 92 = 583

№3. Тақтада түсіндіріп. Амалдарды орында:
2 ∙ 5 + 5 = 15 --------------9 ∙ 2 – 7 = ------------(28 – 2): 2 = -------------15 + 2: 2 =
2 + 2 ∙ 6 = -----------------(3 – 0): 3 = -----------5: (15 – 10) = ------------(18 – 9): 3 =
Ү. Білімдерін тексеру.
№4. Есеп шығару. Мазмұнын оқытып, талдау жасай отырып орындату.

№ 4 (а).
а). 31 асықты балаларға 4 асықтан қалай бөліп беруге болады? Неше бала асықтар алады? Түсіндір. 31 – дің ішінде төрт - төрттен неше рет болады? Барлық асықтар балаларға бөліп берілді ме? Неліктен? Тексер.
Жазуды оқы:
31: 4 = 7 (қалд. 3)
31 – бөлінгіш, 4 – бөлгіш, 7 – бөліндінің мәні, 3 – қалдық.
Тексеру: 7 ∙ 4 + 3 = 31.

№ 4 (ә).
ә). Егер 16 орындықты әр қатарға 5 орындықтан қойса, неше қатар шығады? Неше орындық артылып қалады? Бөлінгішті, бөлгішті, бөліндінің мәнін және қалдықты атап көрсет.
16: 5 = 3 (қалд. 1)
16 – бөлінгіш, 5 – бөлгіш, 3 – бөліндінің мәні, 1 – қалдық.
Тексеру: 3 ∙ 5 + 1 = 16.

№5. Өздік жұмыс.
а). 40 - қа дейінгі 4 - ке бөлінетін сандарды өсу ретімен жаз.
4; 8; 12; 16; 20; 24; 28; 32; 36; 40;
ә). Санды 4 - ке бөлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін?
Мысал келтір.
3 - ке бөлгенде қандай қалдықтар қалуы мүмкін? 2 - ге бөлгенде ше?

№ 6. Теңдеу құрып, оны шеш:
а). Тоғжанның ойлаған санын 4 есе кеміткенде 5 шықты. Сол санды тап.
ә). Мағжанның ойлаған санын 4 есе арттырғанда 16 шықты. Сол санды тап.
Х: 4 = 5 х ∙ 4 = 16
Х = 5 ∙ 4 х = 16: 4
Х = 20 х = 4
20: 4 = 5 4 ∙ 4 = 16
5 = 5 16 = 16

№7. Өзіндік жұмыс. а = 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 деп алып, 3 ∙ а және 4 ∙ а өрнектерінің мәндерін тап.
3 ∙ а ---------------4 ∙ а
3 ∙ 1=3 -----------4 ∙ 1=4
3 ∙ 2= 6 ----------4 ∙ 2=8
3 ∙ 3 = 9 ---------4 ∙ 3=12
3 ∙ 4= 12 ---------4 ∙ 4=16
3 ∙ 5 = 15 --------4 ∙ 5=20
3 ∙ 6 = 18 --------4 ∙ 6=24
3 ∙ 7= 21 ---------4 ∙ 7=28
3 ∙ 8 = 24-------- 4 ∙ 8=32
3 ∙ 9= 27 ---------4 ∙ 9=36
3 ∙ 10 = 30------- 4 ∙ 10=40

ҮІ. Шығармашылық жұмыс.
ҮІІ. Үйге тапсырма: № 4

Ашық сабақ. Балабақша. Отан туралы
Ашық сабақ: Айтыс - сөз сайысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу