Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
- Мейірхан, сұхбатымызды бүгінгі жай-күйіңізден бастасақ. Денсаулығыңыз және шығармашылығыңыз қалай?
- Армысыз ба, Зухра ханым! Жақсы. Денсаулығым қалыпты. Бәріне шүкір демесек, өмірдің балын татуға мүмкіндігіміз болмайды емес пе? Өзбектің атақты данышпаны - Әлшер Науаидың бір сөзі бар. "Жақсылықты жоқ деме, кеудеңде жаның барда" деген сөзді босқа айтпаған шығар. Әңгімені дерттен бастағанымыз жөнсіз болар... Ем қабылдап жүрмін. Шын мәнісінде сал ауруы - өмірлік күтім мен емді қажет ететін ауру. Оны қабылдау қажет, мойындау қажет!
- "Жақсылықты көру - өмірлік мұратым" деген қарашада біри пост жазған екенсіз. Мына қоғамнан жақсылықты көру қиын емес пе?
- Жақсылықты не өлтіреді? Пыш-пыш еткен арзан әңгіме өлтіреді. Жақсылықты жыр етіп айтуға шамамыз жетпейді. Жақсылық жасауды есепке байлап қойғанбыз. Қазір көбіміз екі жүзді болып кеткенбіз. Сыншылмыз. Міншілміз. Осындай қасиетпен жақсылықты көру оңай дей алмаймын. Мен барынша адамды жақсы көргім келеді. Бұл - әдемі сөз емес. Әдемі сөйлеуге құмар адам емеспін. Турасы солай. Менің ықыласымды керек етпейтін адамдардың өзін жақсы көруден қорықпаймын, қашпаймын.
- Неге қашпайсыз? Бұл әрекетке не себептен барасыз?
- Жақсы көрген адамың саған оң қабақ тантпағаны үшін әрі оның сізге дәл сіздей ықыласын арнамағаны үшін ол адамның көзін ойып алмайсыз, ғой. Қай кезде де адамның ішкі сезіміне құрмет көрсеткен дұрыс. Сенің сезімің - өзің үшін қадірлі қымбат болса да, өзге үшін түкке тұрғысыз болуы ғажап емес. Бұл - өмір. Дәл солай екен деп бойыңдағы сезіміңді, ықыласыңды көрсетуден қашудың қажеті шамалы. Жеті жыл көзімнің көруі төмендеп, өмірім өте қиын жағдайда өтті. Сондай бір дертімнің үстіне бір детім мінгескен тұста осы - адамға деген ықылас мені өрге сүйреді. Ертеңге сендірді. Мен өз болмысымда бар нәрсені ашық айтып үйренгенмін.
Бар болмысымды көрсетуден бір сәтке де қорыққан емеспін. Соқыр болған уағымда да, өзімнің құрметімді барынша брайль әліппесімен көрсете білдім. Зағип жандар үшін ең ауыр нәрсе - жаныңды түсінетін адамдардың болмауы.
- Үміт өлмейтінін дәлелдеп жүрген жансыз. Бүгін де жарық дүниені көрдіңіз. Тастұмсық ауылдық округінде кітапханашысыз. Кітапханашы болудың ауыртпалығы неде?
- Қиын емес. Әлі де үйренерім көп. Жапон халқында: "Кітапханашы - кітаптың бағасын білетін санаулы адам" деген ойлы тәмсіл бар. Мен кітапты жақсы көремін. Кітапты бала күнімнен дос етумен келемін. Адамның жанын кітаптан артық ештеңе тәрбиелемейді. Бір шығарма - бір тағдыр. Сол шығарманы оқу арқылы өмірдің сырын танып, жігеріңді жанисың. Өзіңді табасың, өзіңе қажетті дүниені азық қыласың. Осыны келген оқырманның әрбіріне түсіндіруге тырысамын .
- Қоғамда мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуда көп мәселе туындап жатады. Сізді жұмыспен қамтуда кездескен мәселелер болды ма?
- Болмады десем, жалған болады. Бұл жерде жұмыс берушіге қатысы жоқ. Дегенмен, құжат бойынша бірнеше құжаттар кезікті. Бірінші топтағы мүгедектігі бар жан болған соң құжаттарды түзеумен біраз жүгірдік. Шешімі табылды. Тәубә, мәдениет бөлімінің басшысы - Мақұлбек Аманов пен Түлкібас аудандық орталық кітапханалар жүйесінің директоры - Қамар Мекембайқызы әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Алғаш жұмысқа кірген күні мәдениет бөлімінің басшысы - Мақұлбек Аманов мырза: "Сөздің киесін білетін баласың ғой, алда да ауылыңды өрге сүйреп, өз ісіңнен жақсылық гөр!"- деп өзінің ағалық ақ ниетін жеткізді. Осы сөзден артық маған деген оң көзқарас болмаса керек. Басшылық тарап менің жайыма көп қарасады, мен де өз хәл-қадірімше адал еңбек етуге тырысамын.
- Мүгедектігі бар жанның денсаулығы болмаған соң жиі сұранып, жиі емделеді. Сондай кезде басшылық қандай ұстаным ұстануы қажет деп ойлайсыз?
- Біріншіден, мен басшы емеспін. Сондықтан басшылықтың ұстанымын білдіре алмаймын. Өзіме келер болсақ, мен жиі амблаториялық ем қабылдаймын. Массаж аламын. Жайымды барынша ашып айтуға тырысамын. Адам болған соң түсінер деп санаймын.
- Бүгінгі күнгі кітап оқитын оқырманның жайы қалай? Кітапханаға деген оқырманның ынтасы қай деңгейде?
- Сөзіңіздің ауанынан байқадым. Біздің Тастұмсық ауылдық кітапханасында оқырман саны күн өткен сайын көбейіп келеді. Мектеп кітапханаларымен байланысты күшейтіп, округте тоқсан сайын кітап керуенін жасап жатырмыз. Ата-ана кітап оқыса, бала дәл солай кітап оқиды. Бұл жерде біз - со кітап оқу мәдениетін қалыптастырушымыз. Тастұмсық ауылдық кітапханасына келушілердің қарасы мол.
- Он бес мыңға жуық кітап қорына лайықты бір мәдениет үйі салынса деген өтінішті жиі көтеріп жүр екенсіз. Бұл өтініш жақын арада іске асады деп ойлайсыз ба?
- Жаңа Қазақстанда мәдениетке қолдау көрсетілетіне, ұлттық руханият төрге озатыны күмән болмауы керек. Сондықтан, жақын уақытта жаңа мәдениет үйі бой көтеретініне сенімім зор.
- Жиі мүгедектігі бар азаматтардың мәселесін көтересіз, сізді дәл бүгін не алаңдатады?
- Мәселе көп. Негізгілері мыналар - жұмыспен қамту, әлеуметтік қамту. Жөргектің саны биыл да сол 730 дана болып өзгеріссіз қалған тәрізді. Осы жөргекті көбейтіп, бала мүгедек балаларды бір рет қана медицналық- әлеуметтік сараптамадан өткізу қажеттілігін тағы да баса айтуға мәжбүрмін. Жеке көмекші мен қараушыларға төленетін соманы теңестіруді де қарастыруы тиіс. Аудан орталықтарында узи және мрт апараттарын қоюда маңызды.
- Жетістіктің кілті неде?
- Сыйластықта. Сыйластықсыз ешбір іс өнбейді.
- Әріптесіңізге үйрену, ұжымға сіңісу қиын болмады ма?
- Адамға бірден үйрену оңай болады деу - қате. Біртіндеп үйрендім. Тастұмсық ауылдық кітпхана меңгерушісі - Гүлазима Баймұханбетовмен тіл табысу қиынға соқпады. Армяндарда :"Кісінің кісілігі барында еш жерде қор болмайды"' деген.
- Кітапханадағы әріптестік қандай деңгейде?
- Жоғары деңгейде. Түлкібас ОКЖ-сіне қарасты ауыл кітапханаларының баршасы ұйымшылмыз. Ауыл кітапханаларынан бөлек, біздің округте төрт мектеп - М.Лермонтов жалпы орта мектебі, О. Кошевой шағын жинақты жалпы орта мектебі, Қабанбай шағын жинақты негізгі орта мектебі, Аманкелді негізгі орта мектебі бар. Осы мектептерінің кітапханашыларымен тығыз байланыстамыз. Кітапханамыз М. Лермонтов мектебінің ғимаратында орналасқандықтан, Лермонтов мектеп кітапханашылары - Бекетбаева Маргуль мен Айгүл Бақытжанқызымен әріптестік байланысымыз мықты.
- Жиі айтылып та, жазылып та жүр. Алпыс сегіз мың кітап оқуға жол басшы болған кім және кімдер?
- Анам - Ұлболсын Абешова, нағашы әжем - Жұмаш, ұстазым - Жанна Ботабаева.
- Сіз сыйлайтын екі адам?
- Екі адам тым аз. Адамгершілігі көп адам көп қой.
- Сізге білім алу қиын болды ма?
- Оңай болды деп жалған сөйлей алмаймын. Әуелі - Алла, ата-анам , Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры - Рабиға Қуатбекованың арқасында екі бірдей жоғарғы білімге ие болдым.
- Сіз Түлкібас ауданы әкімінің мүгедектігі бар азаматтардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісісіз. Бұл кеңесшілікке ақы төлене ме?
- Жоқ. Бұл жерде кеңесшілікті дұрыс түсінсек. Менің қолымда ешқандай билік жоқ. Ақы төленбейді. Мен тоқсан сайын мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға ұйытқы болып, аудан әкімінің кездесуін ұйымдастыруға жұмыстанып келемін. Ұсыныстарын тағдырластарым жеткізеді.
- Адам бойындағы кітап оқу мәдениеті қалай қалыптасады?
- Газет-журнал оқып дағдыланған адам кітап оқуға өзі-ақ дағдыланады.
- Сіздің жиі сырласатын адамыңыз?
- Күнделік. Адамға сыр айтуға қорқамын.
- Сіз жайлы айтылған ең жылы лебіз айтқан екі адам?
- Гульбахира Қалмұқанқызы мен Бейсенкүл Нарымбетова.
- Соңғы аударған нақыл сөзіңіз?
- "Кітаптың құнын білмеген адам - заманының мықты тұлғасы атанбақ тұрмақ, пенде боп жан баға алмайды" деген Мұса Жәлелдің сөзін аудардым.
- Сіз үшін халықтар достығы деген не?
- Бірлігі бекем бауырластық, адами сыйластық.
Сұқбаттасқан Зухра ШАКИРЖАНОВА