Ашық сабақ: Айтыс - сөз сайысы

Oinet.kz 01-10-2020 3478

Ұзақ мерзімді   жоспар бөлімі:

2-бөлім.Жақсыдан үйрен,   жаманнан жирен.

Мектеп: №3 орта   мектеп

 

Сабақ: 8

Күні: 24.10

Мұғалімнің   аты-жөні: Тогайбаева   Бахыт Елубаевна

Сыныбы: 3

Қатысқандар   саны: 21

Қатыспағандар   саны: 0

Сабақ тақырыбы:

Айтыс- сөз сайысы   

Осы сабақта қол   жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1-тыңдалған әуенн ге және басқа музыкалық   шығармаларға байланысты өз идеясын ұсыну және сахналау;

3. 1.3.4. –музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау   және ажырату;

3.1.3.6. – нотамен қарапайым әуендер орындау;

3.2.1.1. –музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз   идеясын ұсыну;

3.3.1.1. – өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және   өзгелердің жұмыстарын бағалай білу;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-            айтыс жанрын ажырата біледі;

-            сөзді мағынасына қарай ұйқастыруға тырысады;

-            айтыстың өлең жолдарына әуен іздестіреді;

-            қарапайым суырыпсалма ұйымдастыруға қатысады;

Оқушылардың көпшілігі:

-            оқушылардың көпшілігі айтыс жанрын, көркемдеуіш   құралдарын талдайды, ажыратады;

-            сөзді мағынасына қарай ұйқастырады, айтыстың өлең   жолдарына әуен табады;

-            суырыпсалма іс әрекеттеріндегі белсенділігін көрсетеді.

Кейбір оқушылар:

-            суырыпсалма іс әрекеттеріндегі белсенділігін   көрсетеді,қасындағы оқушылар шығармашылығына ықпал етеді;

-            музыкалық және ауызша суырыпсалмалықта тез бағдарлай   алады;

Бағалау критерийлері

Оқушылар   мына мақсатқа жетті:

-            айтыс жанрын   ажырата біледі;

-            сөзді мағынасына  қарай ұйқастыруға тырысады;

-            айтыстың өлең  жолдарына  әуен іздестіреді;

-            қарапайым суырыпсалма   ұйымдастыруға  қатысады;

-            өзінің және   мүмкіндігінше  өзгенің жұмысын   бағалайды;

Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

·           тиісті терминдерді қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай   алады;

·           өз жұмысына түсініктеме беріп, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасай   алады;

Құндылықтарды дарыту

 Айтыс жанрын ұғындыра отырып, дәстүрлі төл   өнеріне сүйіспеншілігін ояту;

Пәнаралық байланыстар

Тарих, Әдебиет;

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйене отырып білім алу;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған   кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған   іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың

басы

 

5 минут

 

Музыкалық сәлемдесу.

3 тілде   әуендетіп амандасу

-Балалар, біз өткен сабағымызда   «термемен»  танысып, өздеріміз де «терме» шығарып   үйренгенбіз. Ал, енді бүгінгі келген қонақтарымызға сол термені орындап   берейік.

 

Жақсы оқушы қандайды,

Сабағынан қалмайды-ай

Мұғалімге жол беріп,

Ұстазын әркез сыйлайды.

 

Мұғалім келсе сыныпқа,

Орынында отырып қалмайды

«Сәлеметсізбе, апай»,- деп,

Амандасар сол бойда- ай.

 

-Өте тамаша, балалар! Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мен сендермен   «Кемпірқосақ» ойынын ойнағым келіп тұр.

 

«Кемпірқосақ» ойыны

 

Жаңбыр жауып басылды,

Күннің көзі ашылды

Өзен, көлдің үстіне,

Кемпірқосақ асылды

 

Оқушыларға кемпірқосақтың шуағын таратып    оқушыларды екі топқа бөлу, «суық түстер», «жылы түстер».


Сабақтың ортасы

 

30 минут

 

-Бүгінгі   сабақтың тақырыбын мына сөзжұмбақтарды шешу арқылы табайық.

-   Дұрыс, балалар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Айтыс - сөз сайысы»

-Қане,   ендеше, дәптерімізді ашып тақырыпты жазайық.

 

1 -тапсырма. Сыныптық талқылау.

·           «Айтыс» туралы әңгімелеу.

(МК,Ұ)   Мұғалім   айтыстың кез келген түрін таңдай алады. Айтыс өнерімен танысу сыныптық   талқылаудан басталады. Суретке және бейнежазбаға қарап отырып, айтыс туралы   өз пікіріңді ортаға сал. Айтыс жанрын сипаттауда мына тірек сөздерді қолдан:   сөз жарыс, жұптық сайыс, ақындар, суырыпсалма,  жеңу-жеңілу.

Айтыс    атауы  «айтысу» деген сөзден   шыққан. Ол өлең сөзбен жарысу деген мағынаны білдіреді. Айтысқа тапқыр,   білімді, тез арада өлең- сөз құрастыра алатын ақындар қатысады. Әсерлі болу   үшін ақындар сөздерін әуенге қосып, домбыра аспабымен сүйемелдеген. Оқушылар   оқулықтағы мәліметті пайдаланып, өз ойларын негіздейді.

·           Айтыс түрлерімен таныстыру.

1) қыз бен жігіт айтысы

2) ақындар айтысы.

3) жұмбақ айтыс

4) Бәдік айтысы

5) қайым айтыс

Музыка тыңдау және талдау

·           Айтыс тыңдау

·           Айтыстың сөздерін   талдау

 

 

-Балалар,   кітаптарымыздағы ұл мен қыздың айтысын қарап әр топтан ортаға бір - бір   оқушыдан  шығып осы айтысты орындап   көрейік.


  3   тапсырма.

Суырыпсалма.

«Менің мектебім» тақырыбына өлең құра.

 

1.  Біздің   мектеп... (жаңаша)

     Асығамыз...   (барғанша)

     Қамқор болған ұл-қызға,

     Ұстаздары...   (тамаша)

2. Біздің мектеп ... (ескірек)

    Асығамыз ...   (дегенмен)

    Қамқор болған   ұл-қызға,

    Ұстаздары...   (керемет).

 

4- тапсырма. Зерттеу.

(МК,Ұ.Ж) Оқушылар айтыстың   түрлерімен танысады. Мұғалім айтыстың әрбір түріне ұғымдық түсініктер беруіне   болады. Зерттеу жұмысының  негізгі –   баланы шығармашылық суырыпсалмалыққа тарту. Шығармашылық тапсырма ойын   түрінде беріледі және ең ежелгі тұрмыс- салт айтысы бәдік туралы айтылады.   Оқулықта қысқаша түсініктеме де берілген.

«Малмен күн  көріп отырған ата-бабаларымыз мал ауыруының   иесі –«бәдік» деп ойлаған. Бәдікті малдан шығару үшін үркітіп, өлеңмен   тауға,ағын суға, желге т.б. жаққа көшірген. Кейін келе бұл салт ұмытылып,   жастардың әзіл-қалжыңына айналды».

 

5- тапсырма. Орындау.

«Бәдік айтысы» астыстың   «көш -көш» сөздерінің ноталарын фортепиани клавиштерінде ойнап үйрену

 


 

 

 

 


 

Сергіту сәті:

Ән  сайыс   (ойыны)

Шарты:

1-топ «Суық түстер». «Елім-ай», қ.х.ә.   топпен бірге көркемдеп орындайды.

2 топ «Жылы түстер». «Еркем-ай», қ.х.әнінің   қайырмасын ұрмалы (өздері қолдан жасаған) аспаптармен қосып орындайды.

 

6- тапсырма. Топтық орындауларды салыстыру,  бағалау;


  Бекіту   сұрақтары. «Рас- жалған» ойыны арқылы.

1. Айтыс деген нақыл   сөздерді теріп айту.

2. Айтыс  атауы  «айтысу» деген сөзден шыққан. Ол өлең   сөзбен жарысу деген мағынаны білдіреді.

3. Айтысқа бишілер   қатысады.

4. Айтысқа тапқыр, білімді, тез арада өлең- сөз құрастыра   алатын ақындар қатысады.

5. «Бәдік   айтысында»  Бәдікті малдан шығару үшін үркітіп, өлеңмен тауға,   ағын суға, желге т.б. жаққа көшірген.

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тыңдауға ұсынылған

 айтыс үзінділері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыкалық аспаптар

 

 

Сабақтың соңы

 

5 минут

Рефлекция:

ü    Сіздің орындауыңызда не жақсы шықты?

ü    Не жаман шықты?

ü    Нені жақсартуға болады?


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді   жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап   отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай   тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бағдарламаны жетік   меңгерген оқушылар сыныптасына көмектесе алады, өз жобасын аяқтау кезеңдерін   орындайды.

Сұрақтарға жауап беру кезінде жеке ауызша бағалау жүргізу,

Импровизациялау кезінде кері байланыс арқылы бағалау.

Сергіту сәтін жүргізу.  








Ашық сабақ. Математика. 3 сынып. Қалдықпен бөлу
Урок. Средная группа. Знакомство с цифрой 4.
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу