"Ең әдемі 5 адамға 5 мыңнан беремін": Айнұр Тұрсынбаева ақша таратып жатыр

Oinet.kz 13-06-2022 4322

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева инстаграм парақшасында әсерлі жазба қалдырып, соңында ақша таратанын айтып өтті деп хабарлайды Oinet.kz.

Screenshot_2.jpg

"Жан дүниесі бай адам кім білесіз бе? Ол ақшаға емес махаббатқа бай адам.. Яғни жүрегі махаббатқа толы адам шыбынға қиянат қыла алмайды. Басқалар үй алса өзі алғаннан да қатты қуанады... Менің оқырмандарымның 90% жан дүниесі бай, жанашыр, мейірбан адамдар. Мен медаль алсам дайрект жарылып кете жаздайды. Келін алсам ақ батаның астында қаламын. Туған күнімде тілекті жаңбырша жаудырып тастайды... Әйтпесе менің үйіме түскен келіннен оларға дым да пайда жоқ қой.... Адам өзінде не бар сонымен бөліседі.. Жүрегі махаббатқа толы адам жұрттың бәріне махаббат таратады.. Жүрегінде агрессия көп адам әркімге тиісіп күн көреді.. Жүрегінде тыныштық жоқ адам жұрттың тыныштығын бұзады... Біз көбінесе жұрттан алғымыз келеді.. Құрметке ие болғымыз келеді, бәзді жақсы көрсе, сыйласа деймін... Ал өзіміз ше? Отбасымызға, жақындарымызға махаббатпен қарап, жанашыр болып жүрміз бе?

Енді сұрақ:

Сіз айналаңызға не беріп жүрсіз? (Өтініш, мені мақтамаймыз) Өзіңіз туралы айтыңыз...

Ең әдемі 5 адамға 5 мыңнан беремін! Жеңімпаздарды кешкі 22.00-де сториеске саламын.. Кеттік!",- дейді Айнұр жазбасында.

"Басым бос": Динара Қырықбаева жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді
"Ақтық сапарға шығарып сала алмадым": Тахмина Әшімбекова марқұм анасын есіне алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу