Ашық сабақ. 6б сынып. Жол ережесі туралы

Oinet.kz 01-10-2019 1102

Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы,

Қоскөл ЖОББМ

 

 

 

 

 

 

 

                (6б- сыныбы)


   Өткізген: Сандыбаева Г 

 


 

   Тәрбие сағаты 
 

 
 
6б сыныбы    


 

Сабақтың тақырыбы: Жол ережесін білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп - тұруға тәрбиелеу. Жол белгілерін ажырата білуге, есте ұстай білуге үйрету. Жолда жүргенде жол ережесін сақтап, оң жақпен жүруге тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, жол ережесіне байланысты макеттер

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру
Кіріспе. Жүргізуші:
- Арманға алдан күткен асығамыз
Біз қалай толқын атпай басылармыз
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Алдымен беріледі сәлем деген.

Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер! Бүгінгі тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Балалар, осы аптада біздің мектепте жолда жүру тәртібіне байланысты апталық өтіп жатыр. Міне, осыған орай 6 - сыныптар арасында «Жол ережесін білесің бе?»атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Жүргізуші:
- Міне, көрдіңдер ме балалар, жол тәртібін дұрыс сақтамасаңдар осындай қиын жағдайларға тап болады екенсіңдер. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, ол қатер тудырады. Жол тәртібін бұзғандықтан, білмегендіктен кейбіреулері қаза тауып, ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан жол жүру ережесін бұзбаңдар, жолда абай болыңдар.

Жүргізуші:
- Жарайсыңдар, балалар. Жол ережесін бұзбайтын тәртіпті бала болыңдар.
Жолдағы ережелер туралы, бағдаршам туралы біледі екенсіңдер. Бағдаршам - автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді. Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

Жүргізуші:
- Жарайсыңдар, көшедегі «тілсіз» көрсеткіштерді де жақсы білесіңдер екен. Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын да білдік. Біздің қаламызда, сол сияқты біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер және көлік жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Жүргізуші:
- Жақсы, балалар. Бұл туралы да білімдеріңді байқадық. Балалар, әрбір оқушы мектепте оқылатын «Көшеде жүру тәртібі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі; тәртіпті, әдепті оқушы жол тәртібін, жолда жүру ережесін, жол заңын бұзбайды. Сендер де сол оқушылардың қатарынан табыла біліңдер. Жолда абай болыңдар, сақ болыңдар! Жол ережесін қатаң есте сақтаңдар! Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош сау болыңдар!

Ашық сабақ. Математика 20-ға дейінгі сандарды азайту
Ашық сабақ. Балабақша. Отан туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу