Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Сабақ тақырыбы: | 20-ға дейінгі сандарды азайту | Мектеп: Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектеп | ||||
Күні : 25.11.2017 | Мұғалімнің есімі: Күзембаева Ұлбосын | |||||
СЫНЫП: 1-сынып | Қатысқандар саны: 15
| Қатыспағандар саны: | ||||
Оқу мақсаты: | қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиын-дардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді; ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындайды; “+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады. | |||||
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: | ||||||
Ресурстар: | cанау таяқшалары; геометриялық фигуралар: 17 жасыл шеңбер; әріптер жазылған парақша; 1-ден 20-ға дейінгі сандар үлкен цифрмен жазылған сандық сәуле; ламинатталған беттер; әрбір оқушыға арналған маркер; бұршақ немесе ұсақ кәмпит салынған дорба. | |||||
Тірек сөздер | 20-ға дейінгі сандарды азайту | |||||
Сабақтың мақсаты: | Оқушыларды 20-ға дейінгі сандарды ондықтан аттамай азайтудың ауызша тәсілімен таныстыру. | |||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер
| |||||
Сабақта оқушылар 20-ға дейінгі сандарды ондық-тан аттамай азайтудың ауызша тәсілімен танысады, 17 – 3 сияқты мысалдарды шешіп үйренеді. Азайтудың жаңа тәсілін меңгеру үшін екі таңба-лы сандардың разрядтық құрамын еске түсіріңіз. Оқушылардың келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз: — 17 санында қанша ондық бар? Қанша бірлік бар? — 14 санында қанша бірлік бар? Қанша ондық бар? Кіріспе тапсырма. Оқушыларға бума жасау үшін санау таяқшалары мен резеңке таратып беріңіз. Келесі сандарды: 15,18 санау таяқшаларының көме-гімен ондықтарды бір бумаға біріктіруді ұсыныңыз. Оқушыларға бұл тапсырманы орындаған соң са-нау таяқшаларының көмегімен 17 санын шығаруды ұсыныңыз. Оқушыларға оны резеңкемен буып, 1 ондық және 7 бірлік шығару керектігін айтыңыз. 3 таяқшаны бумадан алып тастатыңыз. Оқушылардың әрекетін бақылаңыз. Олардан жасаған іс-әрекеттері туралы қорытынды айтуды сұраңыз:
— 3 таяқшаны қайдан алып тастадыңдар? Бумадан ба, әлде шашылып жатқан таяқшалардан ба? (Шашылып жатқан таяқшалардан алдық.) — Барлығы қанша таяқша қалды? (Жауабы: 14 таяқша қалды.) Оқушыларға сабақта екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту әдісімен танысатындарын айтыңыз. Тақтаға 17—3 мысалын жазып қойыңыз. Геометриялық фигуралардың көмегімен мысалдың қалай шешілетінін түсіндіріңіз. Оқушыларды eкі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту үшін бірліктен бірлікті азайту, ал ондықты өзгеріссіз қал-дыру керек деген тұжырымға алып келіңіз. | Сурет бойынша азайту амалына мысал құ-растыр және шығар. Азайтуды сандық сәулені пайдалану арқылы қалай орындауды оқушыларға көрсетуді ұсыныңыз. Ұқсас мысалдарды шешу арқылы жасалған қо-рытындыны бекітіңіз. Мысалы, 15-тен 3-ті азайтса, 19-дан 3-ті азайтса т.с.с. мысалдарды шешкізіп, қан-ша болатынын тапқызыңыз. 20-ға дейінгі сандарды азайтудың ашық амалын қолданып, азайтуға беріл-ген тапсырмаларды ауызша орындауға талаптанған оқушыларды көтермелеңіз. Тапсырманы орындау қиындық туғызған оқушыларға көмектесіңіз. Олар-дың берілген тапсырмаларды, суретке немесе сандық сәулеге сүйене отырып орындауын ұйымдастырыңыз. Азайту амалын орында. Тапсырманы жалпы сыныппен орындатыңыз. Оқушыларға есептеу әдістерімен алғашқы танысу кезінде орындайтын әрекеттерге толық түсініктеме беруін ескертіңіз. Бірінші мысалды бүкіл сыныппен шешіңіз. Оларға мұғалімнің соңынан шешу кезіндегі пайымдарын қайталап отыру керектігін айтыңыз. Көлік тұрағы. Тапсырманы орындау үшін оқушыларды жұптарға біріктіріңіз. Жауаптарын хабарлау үшін әр жұптан бір өкіл шақырыңыз. Талқылау жүргізіңіз. Жауабы: тұрақта 11 мәшине қалды. Орындап көр. Оқушылар берілген сандардың әрқайсысын 1-ге азайтады. Олар алдыңғы сан шығады деген қорытындыға келеді.
| |||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру
| Қосымша тапсырмалар
| |||||
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқу-шылардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). | Мысалдарға сәйкес келетіндей дөңгелектерді бояп, оларды шығар. Тапсырма 20-ға дейін сан- дарды ондықтар арқылы аттамай азайту дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Қолданылып отырған амалға иллюстрация ретінде әрбір мысалға сурет салу, түрлі түсті қарындашпен мысалдағы бірінші сан нешені білдірсе, сонша дөңгелектерді бояуы керек. Мысалдағы екінші санды білдіретін дөңгелек санын оқушылар сызып тастауы керек. Бұл өзін-өзі көрнекті түрде тексеруді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жауабы: 17 – 4 = 7 – 4 + 10 = 3 + 10 = 13; 15 – 1 = 5 – 1 + 10 = 4 + 10 = 14; 19 – 7 = 9 – 7 + 10 = 2 + 10 = 12. | |||||
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында: 20-ға дейінгі сандарды ондықтан аттамай ауызша азайтуды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін, мынадай сұрақтар қойыңыз: — Екі таңбалы саннан бір таңбалы санды қалай азайтуға болады? — 18-ден 5-ті азайтса, қанша болады? — 15-ті 2-ге азайтса, қандай сан шығады? — Кітапта 16 бет. Серік 5 бет оқыды. Енді қанша бет оқуы керек? — Тиінде 17 жаңғақ болды. Ол оның 2-еуін жеп қойды. Тиінде неше жаңғақ қалды? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.
| |||||