Бомждарды қалай азайтуға болады?

Oinet.kz 10-07-2019 1057

Screenshot_14.jpg

Әділет министрлігі жанындағы Ведомствоаралық комиссияда «Ақ жол» партиясы депутаттарының ынтасымен жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы жайлы заң жобасы талқыланды

Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауды өзінің басты миссиясы санайтын «Ақ жол» партиясы өткен жылдың желтоқсан айында аталмыш заң жобасын комиссияның қарауына ұсынған болатын. Айта кету керек, 2013 жылы Қазақстан үкіметі банкроттық туралы заңға «Ақ жол» партиясы тарапынан ұсынылған жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы тарауды енгізуден бас тартқан еді.  Фракция басшысы Азат Перуашевтің пікірінше, жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы заңның қабылдануы дағдарыстың кесірінен несиесін төлей алмай, баспанасынан айрылып, бомжға айналатындар санын қысқартар еді. 

«Дағдарысқа байланысты жұмыссыз қалған немесе өз мүмкіндігін дұрыс екшей алмай, банктер алдындағы берешегін өтей алмай жүргендер саны артып келеді. Әрине, адам алған қарызын өтеуі керек. Бірақ дағдарыстың салдарынан осындай қиын жағдайға түсіп қалған адамдардың бомж болып, көшеде қалуына немесе ашқұрсақ өмір сүруіне жол бермеуіміз керек. Мұндай адамдарға тым болмаса, жатақханадан бір бөлме беріп, иелігінде аштан өлмейтін шамада қаржы қалдырылуы керек» - дейді Азат Перуашев. 

Азат Перуашевтің мәлімдеуінше, үкімет, атап айтқанда қаржы министрлігі аталмыш заңның қабылдауына мүдделлік танытып отырған жоқ. Қаржы министрінің орынбасары А. Теңгебаев осы іспеттес заңның қабылдануы 2017 жылға жоспарланғанын айтып отыр.

Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сай, аталмыш заң жобасы тағы да пысықталып, Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына ұсынылатын болды

Мұрағаттан, 2016 ж

Жергілікті полиция қылмысты азайта ала ма?
Мұхит Отаршиев: «Жер қойнауын заңсыз пайдаланудың жазасы күшейтілмек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу