Таразы. Ғибратты әңгіме
Базарға барып жүріп талай мәрте байқаған шығарсыз.
- Маған үш-төрт килограмм ет өлшеп жіберіңізші! – дейсіз, өзіңізге ұнаған майлы жамбасты немесе бел омыртқаны көрсетіп.
Сатушы Сіз нұсқаған қой етін таразының табағына сылқ еткізіп тастай салады. Тілі әрлі-берлі теңселіп, табақтары жоғары-төмен көтеріліп-түсіп, қалш-қалш етіп, біразға шейін Таразы өзіне өзі келе алмай тұрады.
Дәл болу, әділ болу оңай дейсің бе?!
(Қадыр Мырза Әли, «Ғибратнәмә» кітабынан)