Әуен мен ағзаның қандай байланысы бар?

Oinet.kz 09-07-2020 1183

Бесікте жатқан бала мазасызданса, «Әлди» айтып тыныштандырамыз. Әнді айта тұрып, балаға сыйлаған әсері жайлы терең ойланбаймыз да. Әннің адамға әсері тал бесіктен басталып, жер бесікке дейін жалғасады. Музыкотерапия- нота арқылы адамның жаны мен тәнін емдейтін арт-терапияның саласы . Музыкалық компазицияның әр нотасы өзінше әсер береді. Шаршағаныңды басады, жүйкеңді тыныштандырады, уайымдап тұрған дүниеңді ұмыттырады. Музыка орындаушы мен тыңдарман арасында гармония орнатқан сәттен, нәтижелілігін байқатады.

image.png

                               Ағза әрбір нотаны сезіне алады

Сіздің жан әлеміңізге әр нота өзінше құбылыс жасайды.  Ашу қысқанда, булығып көңіліңіз босағанда, жігеріңіз жасығанда-музыка сізге рухани күш береді.  Адамның тыңдап отырған әуеніндегі қолданылған аспаптар көңіл-күйіне тікелей әсер етеді. Әр аспаптың ағзадағы негізгі қасиетіне тоқталсақ:

Флейта – адамның әрекет ету шапшаңдығына әсер етеді.

Кларнет –эмоциалық өзгерістеріне негіз болады.

Арфа – жүрек қантамырларының жұмысына көмектеседі, тыныштандырады.

Скрипка – рухани дамуына септігін тигізеді.

Ұрмалы аспаптар – күш-қуат береді.

Симфониялық оркестр- көптеген музыкалық аспаптар қолданатындықтан, түрліше әсер береді. Тыныштық қалыбында тыңдасаңыз, ойлау прцесінде жаңа белестерді бағындыруға жол ашады.

                             Тыңда. Теріс сезімдерден арыл!

image.png

Музыкалық терапияның негізгі мақсаты – уайым, қобалжу, түңілу сынды теріс сезімдерді санадан шығарып , жағымды эмоцияларды ендіру. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін көркем музыкалық шығармалар қолдану тиімді болып табылады.

Көңіл-күйді жақсарту, белсенділікті көтеру үшін – Чайковскийдің «Алтыншы симфония», №3 бөлім, Бетховеннің «Уверюта Эдмонд» әуені көмектеседі. 

Қорқыныш және өзін-өзіне сенімсіздікті азайту үшін  –  Шопеннің  «Мазурка», Штраустың  «Көктемгі вальс», Рубинштейннің «Пьеса» әуендерін тыңдасаңыз болады .

Музыка терапевттер ашуланшақтықты, шаршағанды басу үшін Бахтың  «Кантата №2», Бетховеннің «Айлы соната». «Прелюдия и фуга» ре минор (d moll, a moll) әуенін тыңдауға кеңес береді .

Тыныштық қалыпқа ие болып, сабыр сақтау үшін  –  Бетховеннің «Симфония №6», 2 бөлім, Брамстың «Бесік жыры»,  «Венгерлік би 1,5,6» Шубертің «Аве Мария» тыңдаңыз.

Өзге адамдармен қатынаста тұйық болмау үшін– Бахтың скрипкаға арналған «Концерт ре-минор», соль минор, ля минор әуенін тыңдаңыз. Жалғздықта жабықпауға әсер етеді.

Адманың өзіне деген қанағат сезімі келелі іс тындырғанда түр береді. Әр тұлғаның өз көңіл күйін сыртқы ортамен баланста ұстауы-жеңісі.

                             Өзгеріс ойдан басталады

image.png

Музыкалық терапияда ешқашан көңілің құлазығанда көңіл күйді көтеретін әуенді дайындықыз қосуға болмайды. Музыкотерапия үш сатыдан тұрады.

Бірінші кезең: өзіңіздің сезіміңізге сай әуен тыңдаңыз. Жылағыңыз келсе-баяу, ашуланып тұрсаңыз-жылдам ритмдегі музыка тыңдаңыз.

Екінші кезең: бірінші тыңдаған әуеніңізден туындаған сезіміңізді қалыпты формаға салатын әуен болу керек. Жаныңыз рахат табатын-тыныштандыруға бейімделген әуен таңдаңыз.

Үшінші кезең: өр рух пен жігер сыйлайтын әуен тыңдаңыз. Ешқашан, депрессия кезінде көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын әуенді бірден тыңдауға болмайды.

                              Музыка - наркоз

image.png

  Адам физикалық қозғалыс жасағанда музыка тыңдауға бейім. Себебі бұлшықет қызметінде жылдам темптегі музыка тез әрекет етуге жетелейді. Адамның жүйке жасушасын ұйықтата алатын әуендер қан айналым жүйесін де бірқалыпта ұстап тұрады. Кей музыка ота үстелінде жатқан науқастың ауруын сездірмейтін күшке ие. Яғни музыка наркоз  қызметін де атақара алады.  Тіпті  ежелгі Қытайда музыка буын және қан тамырлары ауруына ем ретінде қолданылған.

 Әуен жансарайын байытқаннан тыс ағзаның ауруға қарсы иммунитетін жоғарылатады. Мидың ақпарат сақтау қорына жауап беретін гиппокамп аталатын бөлігіне музыкотерапия оң ықпал етеді. Қазір адамдар есте сақтау қабілетінің төмендігіне көп шағымданады. Қоғамдық қатынаста әңгімелесу барысында баяу әуен қосу-сұқбат барысындағы мәліметтердің жадыңызда сақталуына көмек береді.  Арт-терапевттер музыканың зейінді шоғырландыру  динамикасының жоғарылығын айтады.

                  Компазитор. Тағдыр. Тыңдарман

image.png

Әуен авторы өзінің шабытын түрлі күйде табады.  Қуаныштан, бақыттан, кейде тіпті батпандай сордан... Компазитордың сезімі композицияның аурасына әсер етпей қойсын ба? Ол туралы Ахмет Жұбановтың зерттеу еңбегі негізінде шыққан «Құрманғазы күйлері қалай шыққан?»  кітабындағы «Түрмеден қашқан» оқиғасында баяндалады. «Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бір күні қысқы серуен кезінде Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға тіл тигізгені үшін» қамалған орыс жұмыскері болып шығады. Өзі қазақ арасында көп болып, қазақша судай білетін болады. Бірде, түрме қарақшыларының бірі Лавочкинге оның шешесі келгенін хабарлайды. Ол түрме бастықтары рұқсат еткен бөлмеге барып, шешесімен көріседі. Шешесі пісіріп алып келген тамақтарын надзирательдің көзінше баласына береді. Бір нанның ішінде болат ара барын ыммен білдіреді. Шешесі қоштасып кеткесін, Лавочкин тамақтарды камераға алып келіп, болған жайды Құрманғазыға баяндайды. Екеуі қашу жоспарын жасап, ол ойларын өздеріне іштартып жүрген (Құрманғазыға домбыра әкеліп берген) надзирательге білдіреді. Ол бұларға жәрдемдесуге уәде береді», деп келеді оқиға баянында. «Сайдың бойына келіп кісенімді алып отырғанымда, жараның аузы ашылып, түні бойы ауырып ұйқы бермеді. Жүруге де мүмкіншілік болмады. Сол бір сәтте осы күй басыма келіп еді», - дейді. «Кісен ашқан» күйі осылай шығады. Қазір «Кісен ашқан» күйімен кей тойларда даяшылар асты ортаға алып шығуда. Күйдің тілін, құдіретін сезінуден қалып барамыз ба деген ой  осындайда сап ете қалады екен. 

   Музыка жазудағы психология жайлы сөз қозғалса, Никколо Паганини жайлы айтпау мүмкін емес. Миландық сыншылар тарапынан «әлемнің бірінші скрипкасы» атанған ол «шайтанға жанымды саттым» дейтін. Қайдан білсін, қаза тапқан соң осы сөзі үшін  тәлкекке ұшырайтындығын. Шіркеу қызметкерлері композитордың мүрдесін зияратқа жерлеуге табанды қарсылық танытады.  Поганинидің музыка әлеміне әкелген құбылыстары адамдардың санасын жаңғыртты. Талғам өзгерді. Тенденция жаңаланды.  Бах, Моцарт,  Бетховен музыкалық дарынның ғана емес асау тағдыр иелері. Талайлардың жан дауасына айналар музыка композитордан аз құрбандық сұрамайды. Бүгінгі әуендер ше?

                        Таңдау мен тыңдау

image.png

Арт-терапия саласымен  айналысушы мамандар деннің саулығына әуеннің ырғағының әсері зор екенін айтады. Жылдам әрі ойнақы әуедер сұранысқа ие. Бірқ қоғамда агрессиясы жоғары адамдар көбейген. Баяу әндердің жарыққа шығуы-аз. Абай Құнанбаев:

Көңілім әнді ұғады,

Жүрегім бойды жылытып.

Аңсаған шөлде су тапса,

Бас қоймай ма бастауға?

Біреу түртсе, я қақса

Бой тоқтамас жасқауға.

Бір күйгізіп, сүйгізіп,

Ескі өмірді түргізер.

Өмір тонын кигізіп,

Жоқты бар қып жүргізер,-деп бейнелеген әуеннің құдіретін сезініңіздер! Музыкотерапияның көмегіне арнайы мамансыз-ақ жүгінуге болады. Ол үшін таңдау мен тыңдау жеткілікті.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Онлайн курстың қандай пайдасы бар?
Адамзат әуеге қалай жол ашты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу