Адамзат әуеге қалай жол ашты?

Oinet.kz 10-07-2020 1652

Айшылық жолды бірнеше сағатта жүріп өтуге ұшақтардың маңызы зор.  Апатқа ұшырамас үшін ұшақтардың маркасын, өмір қауіпсіздігін сақтау дәрежесін зерттеуге құмармыз. Дегенмен ең алғашқы ұшақты кім ойлап тапқанына қызығушылық жоқтың қасы. Ертегі аңыздардағы ұшатын кейіпкерлердің қабілеті авиацияға дейінгі адамдардың арманының негізінде пайда болды. Иә, комикстық қаһармандар физика заңдарынан азат ұшу қабілетіне ие. Әрине, олардың биіктен ауа алу қабілетінің болуы, жарақаттан тез айығуы қаһармандық туралы ойларымызды өзгерте түсті. Өмірге реал жанармен қарасақ адамдардың өмір сүру дағдысын жеңілдетуден, мүмкіндігін кеңейтуден асқан қандай қаһармандық бар? Назарларыңызға ұшақтың ойлап табылуы туралы деректерді ұсынамыз!

Көкті көксеген ғалымдар

image.png

Отто Лиленталь  Тәжірибесі. Тарихтағы алғашқы аэрокатастрофа

Орыс ғалымы М.В.Ломоносов 1754 жылы  серіппе күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ұша алатынын іс-жүзінде дәлелдеді. Моторсыз ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар 19-ғасырдың аяғында жасала бастады. Неміс ғалымы О.Лилиенталь 1891-96  жылдары бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. Бу машинасын жасаудың 19-ғасырда қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері А.Ф.Можайский (1825-1890) өзі әуеде ұшатын оқ деп атаған  ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 жылы жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. Англияда конструктор Х.Максим 1894 жылы бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп қирады. Француз өнертапқышы К.Адер жарқанаттың қанатын көзге елестетін «Авьон» аппаратымен бірнеше ондаған қашықтықты ұшып өтіп барып (1897) құлады.

Жетістік - элементті ескеру

image.png

Ағайынды Райттардың тәжірибесі.

Орвилл және Уилбер Райттар (ағайынды Райттар) тұңғыш рет ауадан салмағы ауыр құрылғының әуеде самғауына қол жеткізді. Алғашқы ұшақтың 1903 жылы 17 желтоқсанда көкке самғағаны тарихта алтын әріптермен жазылды. Кейінгі он жылда олар ұшақтың барлық мүмкіндіктерін дамытып, заманауи кейіпке келтіруге тырысты.Ағайынды Райттар әлемге стандарттан тыс қарап қызығушылығынан қаражат жасады. Мысалы, Орвилл баспа құралын құрастырып, ағайындар күнделікті газет шығарумен айналысады. Екеуі велосипедтің жаңа моделін ойлап тауып, жеке дүкен ашады. Дизайн-инженер бола білген бауырлардың сәтті бизнес жоспары нарықта креативтілігімен ерекшеленетін . Жаңа ғасырдың басында ұшу мүмкіндігіне қызығушылық жоғары еді.  Бұл фактор Райттарды бейжай қалдырмады. Лезде алғашқы механикалық ұшу аппаратын жасауға кірісіп кетеді. Олар жаңа құрылғының қуатты, жеңіл, басқару жабдығының қарапайым болуына аса көп көңіл бөледі. Ұшақтыру құрастыру процесінің сынақ алаңын Солтүстік Каролинаның Китти Хоук деген желді аймағы деп ұйғарды. Ол жерде желдің ұшақ текті құрылғыға демеу болуы көзделген еді. Райттар тиімді әрі нәтижелі әрекетінді элементтерге дейін ескерді. Сондықтан жоғары жетістікке жетті. Орвилл-алғашқы ұшқыш болады. Ал инженер-құрастырушы Уилбер болады. Ең алғашқы ұшақ «Ұшқыш» деп аталған. Орвилл 10,9 км/сағ. жылдамдықпен көкте 12 секунд (37 метр биіктікте) самғайды. Келесі талпыныстар одан да жоғары нәтижелерді көрсетеді. Жобаларын қалтықсыз жетілдірген ағайынды кейіннен өнертабысына патент те алған. 

Әуен мен ағзаның қандай байланысы бар?
Математиканың патшасы кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу