Математиканың патшасы кім?

Oinet.kz 10-07-2020 1758

Өткен уақыт-өмірдегі дара жол. Артына қарап ұлы істерді көру көпке бұйырмайды. Берекетті тек әрекет жасаған адам көреді. Әлемдегі ең ықпалды 100 адам тізімін қарап шықтық. Тізімде саяси қайраткерлер мен ғылым саласына еңбек сіңірген тұлғалар көп. Назарларыңызға  неміс математигі,  астроном және физик Иогаанн Карл Фриидрих Гааусстың тарихта қалай қалғанын ұсынамыз! 

image.png

 Математиканың патшасы 1777 жылы 30 сәуірде Брауншвейгте (Германия солтүстігінде) дүниеге келген. Математика тарихында елеулі орын алатын ғалымның тегі кедей таптан (сол кездегі қоғамдық бөлініске сәйкес) шығады.  Иоган небәрі үш жасында әкесінің есептеу барысындағы қатесін аңғара білетін дәрежеде зерек бала болған. Гаусстың анасы баласының дүниеге келген күнін нақты айта алмайды. Пасхадан сегіз күн сәрсенбіде туғанын ғана айтады. Нәтижеде бала Гаусс өмірге келген күнін өзі есептеп шығады.  

image.png

Бала вундеркинд екенін қабілеттілігімен танытады. Мектепте сыныптан-сыныпқа көшу үдерісі де тез болды. Жергілікті лауазымды тұлғалар оның қабілетін дамыту үшін тегін білім алуын қамтамасыз етеді. Гаусс тек математикаға ғана емес тіл үйрену тұрғысынан зейінді еді. Небәрі 19 жасында Еуропаның ең үздік математигі ретінде мойындалды.  Гаус еңбектерін неміс, ағылшын, латын тілдерінде еңбектерін еш қиындықсыз жазды. Кейіннен орыс тілінде де зерттеулерін жариялап жүрді. 

image.png

Карл Гаусс өзінің зерттеулерімен тек алгебрада ғана емес, сонымен қатар физика, геометрия, геодезия және астрономияда да танымал.Гаусс абсолюттік бірлік жүйесін жасады: массаның бірлігі үшін – 1 грамм, уақыт бірлігі үшін – 1 секунд, ұзындығы үшін – 1 миллиметр.

Оның еңбектері алгебраның, сандар теориясының, дифференциалдық геометрияның, тартылыс теориясының, электр және магнит құбылыстарының классикалық теориясының, геодезияның, теориялық астрономияның дамуына орасан зор ықпал етті. Кез келген алгебралық теңдеудің кем дегенде бір түбірі болатындығы жөніндегі алгебраның негізгі теоремасын дәлелдеген (1799). Гаусс сондай-ақ, астрономия, ықтималдық теориясы, шексіз қатарлар теориясы, потенциалдар теориясы, т.б. салалар бойынша да іргелі еңбектер жазған, жоғары геоздезияның математикасы негізін қалаған. Ол өлшеу кезінде жіберілетін қателіктерді есептей отырып, ең кіші квадраттар тәсілін және 3 рет бақылау нәтижесінде планеталардың эллипстік орбитасын есептеу тәсілін ұсынған.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Адамзат әуеге қалай жол ашты?
Кіндіктің киесі туралы білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу