Алматыда қайырымдылық қорының басшысы жасөспірімге базарда қайыр сұратқан
Алматыда қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімге базарда қайыр сұратқан.

Сот мәліметінше, кәмелетке толмағандар азаматтарды қайырымдылыққа шақырып, шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Осылайша жасөспірім әкімшілік заңнаманы бұзған.
Бұл іс бойынша қор директорына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 128-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Сот отырысында қор директоры өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайды растады.
"Алматының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны кінәлі деп танып, 196 мың теңгеден аса айыппұл салды", - деп жазылған хабарламада.


