Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына тағы шаубыл жасалды

Oinet.kz 29-11-2025 367

Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына тағы шаубыл жасалып, салдарынан айлақтан тыс орналасқан қондыру құрылғысы қатты зақымдалды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_28.jpg

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 қарашада саған 04:06-де (Мәскеу уақыты) Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалына экипажсыз катерлермен жасалған лаңкестік шабуыл кезінде танкерлер аялдайтын 2-ші қондырғыға айтырлықтай зақым келді.

Теңіз терминалындағы мұнай құю және басқа да операциялар тоқтатылды, танкерлер КҚК акваториясынан тыс аймаққа әкетілді. КҚК жұмысшылары мен мердігерлер арасында зардап шеккендер жоқ.

"Жарылыс сәтінде қондырғының авариялық қорғаныс жүйелері тиісті құбыржолдарды жапты. Алдын ала мәлімет бойынша Қара теңіз акваториясына мұнай төгілмеген. Теңіз суының үлгілері алынып, экологиялық мониторинг жүргізіліп жатыр", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, құрылғыны әрі қарай пайдалану мүмкін емесі атап өтілді. Терминалдағы мұнай тасымалдау операциялары экипажсыз катерлермен мен дрондардан төнетін қауіп жойылғаннан кейін, белгіленген тәртіпке сәйкес қайта жалғасады.

5 идей для незабываемого романтического свидания в Астане
"Әлемдегі ахуал тұрақты емес, келешегі бұлыңғыр". Тоқаев нақты міндет жүктеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу