Балаға шектен тыс қамқор болу пайда емес, керісінше зиян

Oinet.kz 01-03-2022 1186

"Балаңды аясаң, аяма" - қазақ қалай тауып айтқан, иә? Ғылымда мұны гиперопека деп атайды. Балаға шектен тыс қамқор болу пайда емес, керісінше зиян.

Screenshot_6.jpg

Алайда ондай ата-аналар "балама зиян келтіріп жатырмын" деп ойламайды, керісінше "менің көрген қиындығымды балам көрмесін", "балам еш нәрсеге мұқтаж болмасын" деп істейді. Сөйтеді де оның бар мәселесін өзі шешіп, баланың үйренуіне мүмкіндік қалдырмайды.

Мысалы қазір сабақты бала емес, ата-ана оқитын боп кетті. Қашан көрсең, "мына есепті шығаруға көмектесіңіздерші" немесе "мынадай тақырыпқа шығарма жазу керек" деген өтінішпен бір-біріне хабарласып жатқан бір ата-ананы көреміз. Жарайды, онымен бала ертең 5 алды дейік, бірақ одан ол бір нәрсе үйрене ме? Бізге әке-шешеміз сабақ оқысты ма, лично өзіме   ешқашан ешкім көмектескен емес. Есесіне мұғалімнен ұғып алуға тырысатынбыз және үйге келе сала бәрі мида сайрап тұрғанда тез үй тапсырмасын орындап тастайтынбыз. Демек, әке-шешеміз бізге дұрыс тәрбие берді. Біз самостоятельный боп өстік.

Ал енді өзіміз қандай ата-анамыз? Мойындайықшы, көбіміз шектен тыс қамқормыз. Қазір баласын жұмсайтын ата-ана аз. "Ол шаршап келді, сабағын оқысын, дем алсын" дейміз. Әрине, баланың жүйкесін ойлаған дұрыс, бірақ оның соңы жалқаулыққа апармауы тиіс. Егер ондай боп өссе, кінәлі өзіміз. Себебі оның арқалап үйренуі тиіс жауапкершілікті өзіміз артып алдық. Солайша бала тағдырдың тауқыметіне қарсы тұра алмайтын рухани мүгедекке айналады.

Негізі мұның түп-тамыры тоқшылықтан шығады екен. Халықтың жағдайы жақсарған сайын, осындай шектен тыс қамқорлықтың құрбандары көбейе беретінге ұқсайды. Былайша айтқанда, қатты жақсы көрудің жөні осы екен деп, баланы құшағымызға қысып, тұншықтырудың қажеті жоқ... #Балалықтанданалыққа кітабынан түйген ой.

Мариям Әбсаттар

ФБ парақшасынан

Алматыдағы Президент резиденциясы сүрілмек
Ақан Сатаевтың қызы босанды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу