Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Осы аптада әйгілі «Титаник» кемесінің апаты кезінде аман қалған жолаушылардың ең соңғысы бұл дүниемен қоштасты. Миллвина Дин 97 жасында Саутгемптон қаласындағы қарттар үйінде көз жұмды. «Титаник» трагедиясы орын алған уақытта оған небәрі 2 ай толған еді. 1912 жылғы апат кезінде әкесі ажал құшып, анасы мен ағасы тірі қалған. Өмірінің соңғы үш жылын қарттар үйінде өткізген Дин қаржылай қиыншылық көрді. Амалының жоқтығынан жеке заттарын аукцион арқылы сатуға мәжбүр болған. Ең қымбат бағамен сатқан заты – анасының сөмкесі. Бір қызығы, ол үшін 1,5 мыңнан астам фунт стерлинг қаржы төлеген адам сөмкені кемпірге қайтарып беріпті. Апаттан аман қалған соңғы жолаушының мүшкіл халін білген «Титаник» фильмінің режиссері Джеймс Кэмерон мен осы фильмнің бас кейіпкерлерін сомдаған актерлар – Леонардо ди Каприо мен Кейт Уинслет арнайы қор ашып, жәрдем ретінде 30 мың доллар аударған. Алайда, ол қаржынының қызығын Дин сол күйі көре алмай кетті. Бұл соманың бар-жоғы 3 мың долларын ғана алған. Онда да – қарттар үйінде жатқаны үшін төлеуге. Айта кетерлігі, Дин өмірінің соңына дейін «Титаник» киносын тамашалаудан бас тартқан.