Дәрігердің жалақысы - 115 мың теңге

Oinet.kz 18-10-2012 738

Жуырда Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржы мен министрліктің стратегиялық жоспары талқыланды. 

image.png

Нақтылай түссек, күн тәртібінде Денсаулық сақтау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары мен министрліктің 2013-2015 жылдарға арналған шығысының болжамы қаралды.

Комитет отырысына қатысқан депутаттар Денсаулық сақтау министрлігі мен Қаржы министрлігі ұсынған есепті тыңдап, бірқатар мәселелерді өзектендіре түсті. 

Сондай мәселелердің бірі - елдегі дәрігерлердің жалақысына келіп тірелді. Қаржы вице-министрі Елена Кармазинаның берген мәліметінше,  республикадағы стационарда жұмыс істейтін дәрігердің орташа жалақысы 115,9 мың теңгені, медбикелерде 75 мың теңгені құрайды. 

Дегенмен бұл тек ірі холдингтердегі дәрігерлердің жалақысы болар. Ал ауруханаларда жұмысын жаңа бастаған дәрігерлер 50 мың теңге, медбикелер 45 мың теңгеге жуықтайтын жалақы алады. 

-Қазір елдегі ауруханаларда медбикелер мен санитарлық тазалықшылар жетіспей отырғаны белгілі. Егер олардың жалақысы 25-30 мың теңге болса, әрине, мұндай ақшаға жұмыс істейтін маман табу қиын, - деді Д.Назарбаева. 

Ал депутат Гүлмира Исимбаева комитет отырысына денсаулық сақтау нысандарының сейсмикалық жағдайына көп назар салуы керектіген тоқталды.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»
Нұртілес Дүйсенбаев: «Қай оқулыққа сенерімізді өзіміз де білмей жүрміз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу