«Бәрі Илонды жек көреді»: Лондонда белсенділер И.Маскқа қарсылық танытып, Tesla көлігінің талқанын ш
Бүлінген көлік енді аукционға қойылады, ал одан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Анадолы басылымына сілтеме жасап.
Лондонда бір топ белсенді америкалық миллиардер Илон Маскке қарсы наразылық акциясын ұйымдастырып, Tesla көлігін сындырды.
Байлық теңсіздігі мәселесіне назар аударту мақсатында «Бәрі Илонды жек көреді» деп аталған ұйым құрған.
Британ астанасының оңтүстік бөлігіндегі Hardess Studios ғимаратына жиналған наразылық білдірушілер көлікті балғамен сондай-ақ бейсбол таяқшаларымен кезек-кезек соғып, бөлшектеп тастаған.
Зақымдалған көлік бірнеше апта ішінде аукционға қойылып, түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.
Топ өкілінің айтуынша, 2014 жылғы Tesla Model S көлігін әлеуметтік және әл-ауқат теңсіздігі туралы қоғамдық пікірталас тудыру үшін белгісіз донор сыйға тартқан.